Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет46/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:

  • Еңбек объектісі – адам;

  • Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауакершілікте;

  • Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі;

  • Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары адамгершілік идеалы.

Кәсіби этика – ұжымда моральдық микроклимат орнатады, тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.
Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады. Кәсіби этиканың зерттеу пәні – кәсібимораль, оныңерекшеліктері,
қалыптастыру жағдайлары, нақты тарихи жағдайлардағы даму заңдылықтары.
Кәсіби мораль белгілі бір кәсіби іс-әрекет түріне тән жалпы адагершілік принциптерді нақтылайды.
Кәсіби этканың міндеттері:
Теориялық міндеттер тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін, моральдық құндылықтары және бағдарлануын қалыптастыру процесі туралы зерттейді, оны қалыптастыру механизмдерін, педагогтың бұл механизмге әсерін қарастырады.
Практикалық міндеттер – моральдық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға көмектеседі.
Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын алу жолдарымен қаруландырады.
Педагогикикалық этиканың категориялары:

  • Кәсіби парыз;

  • Педагогикалық әділеттілік;

  • Кәсіби ар-ождан;

  • Педагогикалық ар-намыс;

  • Педагогикалық такт;

  • Жауапкершілік;

  • Ар-ождан;

  • Бедел.

Педагогикалық этиканың категориялары:
Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.
Кәсіби парыз – қоғамның тұлғаға немесе белгілі бір мамандыққа қоятын талап, моарльды қережелер жиынтығы.
Әділеттілік – моральдық сана ұғымы.
Кәсіби ар-ождан – тұлағының жеке басы және кәсіби намысы туралы ұғым.
Ар-намыс – қоршаған ортаның адамның құқытарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.
Жауакершілік – тұлғаның негізгі сапаларының бірі, адамның басты адамгершілік сапаларымен байланысты және оларды бақылайды.
Гордость – адамының өзінің немесе басқалардың жетістіктерін жоғары бағалауын, жоғары моральдық құндылықтарға өзінің сәйкестілігін түсінуін білдіреді.
Бедел – тұлғаның немесе адамдар тобының айырмашылық ерекшеліктері, соның арқасында сенім және басқа адамдарға ықпал жасауы жүзеге асады.
Кәсіби моральдың принциптері
Моральдық принциптер – адамгершілік сананың бір формасы, онда моральдық нормаларға жалпы түрде сипаттама беріледі.
Принциптер –белгілі бір адамгершілік нормалардың мазмұнын ашады, моральдық санаға сәйкес талаптарды білдіреді
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:

  • Ізгілік принципі;

  • Педагогикалық оптимизм;

  • Педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық;

  • Азаматтық, патриотизм;

  • Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу;

  • Профессионализм, шығармашылық; Сөз бен істің бірлігі

Педагогикалық моральдың мәні мен өлшемедері
Кәсіби мораль – бұл мұғалімнің кәсіби парызы, оның адамгершілік міндеттері.
Педагогикалық еңбекке қатынасының өлшемдері: а) өмірдің басты мазмұны ретінде;
ә) өзінің қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыру құралы ретінде;
б) іс-әрекет ретінде
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға тиіс.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.
Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әртүрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.
А. С. Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы сөздің байыбына барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен.
Әрине педагогикалық шеберлік бір жылдық ісі емес, ол жылдар өткенде келеді. Педагогикалық стаждың әрдайым белгілі дәрежеде мұғалімнің кәсіптік шеберлігін сипаттайтыны тегін емес.
Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.
Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
Бұл бейімділік мектептің өзінде-ақ көрінуі мүмкін. Мұғалім мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға деген сүйіспеншілік, балалармен бірге және балалар үшін ең- бектенуге ұмтылу.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне, оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін жастарды тәрбиелеуге қызмет ететін мамандарды айтады.
Жақсы мұғалім әрдайым бағдарлама бойынша оқушыларға терең білім беруге болатынын біледі, оның негіздерін өзі оқытатын ғылымның күрделі мәселелерін еркін ажыратады. Сонымен бірге ол өзінің ғылыми білімдерін педагогикалық ой елегінен өткізіп, оқулық пен бағдарлама материалын әлгі білімдермен толықтырып отыруға да ұмтылады.
Шеберлікті көтерудің жолы озат-мұғалімдердің, іс- тәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің басты көздерінің бірі.
Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі. Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін, қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды. Оқушы өзінің қателігін мойындап,ойланбай істеген қылығын өзі талдап қорытынды шығаруға мәжбүр болады.
Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педа- гогикалық такты. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі. Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін үлгі – өнеге.
Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті болуы да тактыға жатады. Әділетті ұстазды бала әр кезде бағалап сыйлайды, үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі ұмытылмайтын, педагогикалық істің шебері.
Шебер педагог ызаны қашан басып, қашан ызалану керек екенін біледі.
Қорыта айтқанда, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген, өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан сіңірген зиялы адам болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет