Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет15/126
Дата30.09.2023
өлшемі1,89 Mb.
#111893
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Педагогикалық қызмет
бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге 
жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық 
интеллектуалды дамуына бағытталады. 
Педагогикалық қызметтің 
мақсаты
тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу. Сондай-
ақ, қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы 
мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Педагогикалық 
қызметтің мазмұны
- оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі. 
Педагогикалық қызметтің құралдары
- білім оқулықтарымен, оқу 
бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық 
және техникалық құралдар. 
Педагогикалық қызметтің әдістері
сөздік көрнекілік және практикалық әдістер тобы, педагогикалық 
қызметтің нәтижесі оқушы тұлғасының интеллектуалдық дене 
дамуы және оның қоғамда бағалануы. 
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру 
бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар 
мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм 
беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз. 
Педагогикалық қызмет бұл білім алу барысында пайда болатын 
білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және 


44
кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір 
біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің 
бір түрі.
Педагогикалық қызметтің негізгі мәні оның іс-әрекетіне 
байланысты болып табылады. Педагогтар әлеуметтік іс-әрекеттің 
ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен 
тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды 
қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды.
Педагог педагогикалық процесс субьектісі ретінде өз жұмысын 
оқушылармен ынтымақтастыққа, іскерлік қарым-қатынас және 
оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық 
байланыс қалыптастыруға бағыттауы керек. 
Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі-оның іс-әрекетімен 
ойлау бағытының ерекшелігінен көрінеді. Педагогикалық 
мамандықты басқа мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты 
борыш пен жауапкершілікпен сезіну арқылы анықталады. Педагог 
қызметінің негізгі ерекшеліктері мынада: гуманистік сипаты; 
ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; шығармашылық 
сипаты; қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, 
өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім 
мамандығы 
табиғаты 
жағынан 
гуманистік 
(адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту 
барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік 
мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, 
тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың 
нақты талаптарына -дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің 
тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік жағдайларға дайындап, 
қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік 
мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық 
дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір 
уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы 
мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының 
бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол 
адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын 
басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру. Мұғалім 
мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде 
жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа 
мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек 


45
бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның 
қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан 
мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады. Мұғалім қызметінің 
шығармашылық сипаты- педагогикалық қызмет кез-келген қызмет 
сияқты тек сандық мөлшерге емес, сонымен қатар сапалық 
қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегі мен мазмұны ұйымдасқан тек оның 
қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы 
дұрыс бағалауға болады. 
Педагог тұлғаның шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік 
тәжірибиесі психологиялық, педагогикалық және пәндік білім қоры 
дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар іскерлік 
пен дағдылары жаңа формалар мен әдістер кезінде қалыптасады. 
Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек 
педагогикалық міндеттерді шешумен ғана болмайды, себебі 
шығармашылық әрекет тұлғаның танымдық, эмоционалдық, 
еріктік және мотивациялық қажеттілік компоненттерінің бірлігінде 
бейімделеді. 
Сонымен қатар, мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі 
бағыттарды да қамтиды: тәрбие жұмыстарын және оқыту үрдісін 
ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан, мұғалімнің 
жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан 
мұғалімнің 
әлеуметтік ұстанымы
(өз мамандығына бағыттылығы, 
педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық 
әдеп-мәнерін сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) 
және 
кәсіптік ұстанымы
(азаматтық белсенділігі, балаға деген 
сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық 
ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарасы, 
көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, 
кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б) айқындалады. 
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуеметтік маңызды іс-
әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше 
іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі суретте педагогикалық 
іс-әрекеттің бірнеше түрлері көрсетілген.


46
Өзін-өзі 
тәрбиелеу,өзіндік 
білім алу
Ұйымдастырушылық
Ғылыми-ізденіс
Әдістемелік
Қоғамдық
Оқыту
Тәрбиелеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет