Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет46/126
Дата30.09.2023
өлшемі1,89 Mb.
#111893
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
Ондай сипаттамалаға 
мыналар жатады:
- Ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі 
мен нәтижесінің қанағаттануы; 
- Ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы; 
- Ұжымдағы жарқын, көтерінкі көңіл-күй; 
- Ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға 
қатысуының жоғары деңгейі; 
- Ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
- Сапалы тәртіп;
- Еңбектің өнімділігі; 
- Кадрлардың тұрақтылығы. 
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін 
педагогикалық ұжымға баға беруде қолданылуға болады.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол 
ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. 
Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі 
немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, 
селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі 
ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді. Бұл жағдай оның кәсіптік 
қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа 
ұжымға ауысуына апарып соғады. 
Кең көлемдегі кәсіптік педагогикалық міндеттерін атқара жүріп 
мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. 
Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан берілген бағаны 
түсінуге бейім. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз 
баға өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-
қатынасын қайта қарауға негіз болады. Сондықтан педагогикалық 
ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, принципті, талапшылдық әрі 
тілеулестік сипатта болуды талап етеді. 
Әлеуметтік-психологиялық 
климаттың 
тұлғаға 
ықпал 
жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын 
тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет 
барысында кейбір мұғалімдер өзара әріптестерінің эмоциялық 
жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілер оның 
психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен 


133
сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт 
бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін 
едәуір жеделдетеді. Өз әріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-
күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайда 
шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді. 
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы 
климатқа ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске 
жауапкершілікпен қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті 
педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал 
жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз, 
ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды. 
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, 
сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып 
келеді. Жекелеген педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер 
тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа 
технологияларды іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші 
өзгелерді соңынан ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, 
сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырса, онда 
табысқа жету қиын емес. 
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі 
жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті 
немесе «Климаттық ауытқуды» атауға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет