29
- экспрессивті
(өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және
мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі
интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).
Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін
И. А. Зязюн мынадай критерийлерді белгілеген:
- мақсатқа лайықтылығы (бағытталғандығына қарай)
- өнімділігі (нәтижесіне қарай білімдік, тәрбиеленгендік
дәрежесі)
- оптимальдылығы (әдістерді, құралдарды таңдауына қарай )
- шығармашылығы (іс-әрекеттің мамұнына қарай)
Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін қалыптастыру
қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін
дамытудың мазмұнды
сұраныстары және даярлық жұйесіндегі сәйкес мазмұнды
қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі кәсіби – шығармашылық дамыту мұғалімнің
өзіне маңызды және шығармашылықпен қабылданған сыртқы
факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып
табылады. Ол мұғалімнің өзін-өзі тану,
өзін-өзі ұйымдастыру, өз
бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда
шығармашылық пен ой-өріс осы үрдісте үдету тәсілдері ретінде
қолданылады.
Мұғалімнің кәсіби білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені
меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-
өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен
қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген
мұғалімнің шешуге
тиісті міндеттері:
- жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне
оқыту;
- оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға
үйрету;
- оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір
сүрудің
нақты жолын көрсету;
Достарыңызбен бөлісу: