Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет27/124
Дата15.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124012
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber окулык

Педагогикалық техника:

  • Дене қозғалысы - жест, поза, пантомимика;

  • Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;

  • Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды;

  • Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді;

  • Бейнелеуші жесттер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;

  • Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;

  • Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;

  • Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;

  • Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.

Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:

  • Өзін-өзі басқару іскерліктері;

  • Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.

  1. Өзін-өзі басқару іскерліктері:

  • өз денесін игере білу (физикалық денсаулық, төзімділік, мимика, понтомимиканы бақылай алу)

  • эмоциональды жағдайды бақылай әрі пайдалана білу (жағымды, жағымсыз эмоциональды көңіл-күй, эмоциялар және т.б.);

  • әлеуметтік перцепция (зейін, әлеуметтік сезімталдық – басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау);

  • сөйлеу техникасы (дауысты қою, дұрыс демалу, сөз темпі мен тембірін басқара алу, дикция)

  1. Ұжыммен және жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері:

  • дидактикалық іскерліктер;

  • ұйымдастырушылық іскерліктер;

  • коммуникативті іскерліктер;

  • талап қою іскерліктері;

  • бағалау іскерліктері;

  • конструктивті скерліктері;

  • педагогикалық қарым-қатынасты басқару іскерліктері.

  1. Педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясы.

Педагогикалық шеберлік:

  1. мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;

  2. пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдет, әдеп, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

  3. оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие бола алады.

Шебер ұстаздың сыртқы құпиясының жетістігін оның әр түрлі практикалық тапсырмаларды орындауындағы педагогикалық әрекетінен байқаймыз. Мұндағы басты рөл арнайы қабілеттілігін мойындау оқушыларды интенсивті қызметінен тануға, сұрақтар қоюға, ұжыммен жеке тұлғамен араласуға, барлығының назарында болып, ұжымды ұйымдастыруға, өзінің көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қозғалысын, басқаруға баулу. А. С. Макаренко былай деген: «Тәрбиеші сіздің жаныңызды, ойыңызды қабылдайды, ол сіздің жаныңызды білмейді, бірақ сізді көреді, тыңдайды».
Басқару технологиясы – жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбиенің жаңа технологияларын құруға бағытталған қызмет.
Педагогикалық басқару функциялары – педагогтің оқыту, тәрбие мен дамыту мақсаттарын іске асырудағы әрекеттері: мақсатты, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық, нұсқаулық-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық.
Басқаруда басшының кәсіби қажетті тұлғалық сапасы – еңбек ұжымын басқару бойынша оның жұмыс жетістігін қамтамсыз ету барысында көрінетін адамның даралық-тұлғалық және әлеуметтік- психологиялық ерекшелігі.
Әр түрлі деңгейдегі басшылар үшін, оның қызметтігі жетістігін қамтамасыз ететін жалпы сапалар қатарына жоғары кәсіби біліктілігімен қатар саяси жетілгендігі, жағдайды саралап көре білуі, мемлекеттік мүддені көре білуі, ұйымдастыру білігі білігі мен дағдысы, жеке ұқыптылығы, өзара сын мен жоғары өзіндік бақылау және шыдамдылықпен үйлесетін өзіне деген сенімділігі, басқаларға және өзіне жоғары балап қою барысында адамдарға белсенді – оң қатынасы да жатады. Сапа құрылымында оның ұжымды біртұтас ретінде және оның жай-күйі мен топтық процестерге әсерін көре білуі маңызды рөлге ие болады.
Зерттеу бойынша, педагогикалық техниканы меңгеруде жұмысын жаңа бастап жатқан педагогтарда қателіктер болатынын көрсетеді. Педагогтың ата-аналарымен, оқушылармен сырласып, әңгімелесе алмауынан педагогта ашу, сенімсіздік пайда болады. Практиканттар бірінші сабақта сөйлеуінде мазасыздық, жылы қабақ танытудан
қорқу, жылдам сөйлеу, сезімін қорқынышпен алмастыратынын жасырмайды. Негізгі жетіспеушілік дауыс монотоны, мәнсіз сөйлеу, мәнерлі оқудың жоқ болуы. Көптеген индивидуальды сөйлеуде жетіспеушілік – мақам, үйлесімді дауыстың түрін таба алмау. Бұл қателіктер педагогқа оқу барысында кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тәрбиешінің сыртқы түрі эстетикалық тартымды болуы тиіс. Өзінің сыртқы түріне ұқыпсыз қатынас, өзгелердің шамадан тыс ыңғайсыз зейінін байқатады. Мұғалім бала, ата-ана алдында сымбаттың бейнесі болуы тиіс. Бұның барлығы сабақ барысында психофизикалық ұйымдармен, қарым-қатынас кезінде эмоционалды сезімін басқара білуін қажет етеді.
Педагогқа өз қабілетін тексеруге келесі тест көмектеседі:

  1. Сіз әрқашан шыдамды әрі ұстамдысыз.

  2. Сіздің көңіліңіз шын мәнінде де салқын.

  3. Сіз сабақта, аудиторияда, үйде әрқашанда зейіндісіз.

  4. Сіз өз сезіміңізді басқалар аласыз.

  5. Әрқашан әріптестеріңізбен, жақындарыңызбен қарым- қатынасыңыз жылы.

  6. Оқыған материалыңызды тез ұғып аласыз.

  7. Құтылу үшін жасалатын кері қылығыңыз жоқ.

  8. Қандай да бір жағымсыз оқиғаға өкіну болмайды.

«Иә», «жоқ» деп жауап беріп, санап шығыңыз. Егер барлық жауап дұрыс болса, сіз ұстамдысыз, басқару қабілетіңіз, бағалауыңыз жоғары. Егер жауабыңыздың барлығы немесе бірнешеуі жағымсыз болса, онда сіз үрейлі, сенімсіз, өзіңізге сынмен қарайтындығыңыз. В. А. Сухомлинский рухани тепе-теңдікті тәрбиелеуде мынаны ұсынады: қабақ шытушылыққа, өзге де кемшіліктің жолауына жол бермеу, әзіл – оспаққа назар аудармау, оптимист, мейірімді болу. Бұл сапаларды дамытудың шарты: өз мамандығындағы әлеуметтік рөлді терең сомдау, даму сезімінің ұзақтығы, педагогикалық қырағылық, эмоцияналды ықылас, сонымен қатар, өзіндік талдауға және өзіндік адекватты бағаға ұмтылу. Жас мамандарды психикалық, физикалық әлсіреуден, балалар алдындағы қорқыныштан, сабаққа дайындалудағы қорқыныш деңгейінен арылту. Аутогенді жаттығу, тыныс алу, артекуляциялық жаттығулар болуы тиіс. Мамандық
мақсатын құру мен өзін-өзі сендіру.
4. Педагогикалық қарым-қатынастағы маңызды рөл паномимика және пластика. Пантомимика - дененің, қолдың, аяқтың қимыл-
әрекеті ол образды бейнелеуге, негізді бөліп алуға көмектеседі. Егер біз сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімді бақыласақ, оның барлық денесі, қолдары, бет әлпеті, аяғы үнемі қозғалыста болады.
Мұғалімнің әуелгі жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері оның ішкі жан дүниесін бейнелейді. Жинақылық пен емін еркін қимылы педагогтың өз біліміне, күшіне деген сенімін білдіреді. Сонымен қатар салбыраңқы бас, жиі қобалжу мұғалімнің әлсіздігін, өз-өзіне деген сенімсіздігін білдіреді.
Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың алдында тұру тәртібін ескеру керек (екі аяқтың ара қашықтығы 12-15 см, бір аяқ екінші аяқтан сәл алға шығуы керек). Барлық қимыл әрекетімен оқушылардың назарын өзінің қарапайымдылығына аудартуы керек. Сонымен қатар эстетикалық зиянды әрекеттерден арылуы керек: алға-артқа теңселу, екі аяғына кезек-кезек сүйену, орындықтың арқасын бір қолмен сүйеп тұру, қолында өзге бір заттарды қозғап немесе айналдырып тұру, басын (шашын) қасу, мұрынын жиі сүрту, құлақтарын ұстау және т.б.
Педагог іс-әрекеті, қимылы өз дәрежесінде шектеулі және ұстамды болуы керек. Мұғалімнің әрбір іс-әрекеті, қимыл- қозғалысы, бет әлпетінің қозғалысы оның сөзіне сай болуы керек. Мысалы: сабақ түсіндіру барысында мұғалім тұрған жерінен алға қадам басса, ол тақырыпты ары қарай толығырақ түсіндіріп тұрғанын, артқа шегінсе оқушыларға демалуға мүмкіндік бергені. Ал оқушыға қойылған сұраққа жауап алу барысында, оң қолын кеуде тұсына дейін көтеріп, сәл алға созу керек.
Әрбір ұстаз оқу процесі барысында оқушыларға өз білімінің басты байлығы мен құнарлылығын жеткізе білуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет