Тәлімдік үдеріс пен оған қатысушылар әрекетінің құрауыш, кезең, күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысын білдіреді. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі.
Педагогикалықжүйе(Педагогическаясистема)
Адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі болып табылады. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы, 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы.
Педагогикалықжағдаят(пеедагогическаяситуация)
Тәлімдік үрдіс пен тәлімдік жүйенің өзектесе бір уақытта көрініс беруі. Педагогикалық жағдаятта қайда, қашан, қанша уақыт ішіндегі тәлімгер мен оқушы қатынасын қамтамасыз етуі тиісті барлық тәрбие факторлары табиғи түрде тоғысады.
Педагогикалық жағдаят құрудағы негізгі ережелер: Тұлғаның тек оң қасиеттерін дамыту бағытталуы: тұлғаға ашық аймақ қалдыру арқылы мәселенің кей бөлігін өзінше шешуге мүмкіндік туғызу.