Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет44/124
Дата15.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124012
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber окулык

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың сипаттары:
1. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет-сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар(А. Сатынская, В. А. Сластенин, К. Успанов және т.б) көңіл бөлді. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Хмель Н. Д), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелі «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. «Оқушылар» қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысында сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болу керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулер қажет.

  1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күш- терінің және тәрбиелеу механизімдерінің объектісі ретінде педа- гогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.

  2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірбиесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

  3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностика жасай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

  4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.

  5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс- әрекеттерін ұйымдастыра алу;

  6. Алғашқы ұжымдық қалыптасудың мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйлестіре алу.

  7. Мектеп және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.

Педагогикалық қатынастың бірнеше түрі бар: қызметтестік, техникалық, көркемөнерпаздық, спорттық, жалпы ортақ адам- гершілік, діни, сымбаттылық т.б. Осы қатынастың көпшілігі ұжымда өтеді.
Күнделікті өмірде адам тек қана ұжыммен емес, жеке адамдармен де қарым-қатынаста болады. Үлкен болсын, кіші болсын ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен шәкірт т.б. өзара қарым-қатынаста болады. Олар айтысады, тартысады, пікірлеседі, ой бөліседі. Соның арқасында өмірден мол тәжірибе жинақтайды, тәрбие әдістерін, тәсілдерін қолданады.
Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі, мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза, қоғам үшін жан тәні мен еңбек етуге құштарлығын оятатын, білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып талаптандыратын мұғалім. Оны осы қасиеттері үшін адам жанының инженері деп атайды.
Өмірдің әрі салалары секілді, педогогикалық істе де таланттар сирек кездеседі. Әрине, әр мұғалімге талантты болмауына да болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары бар.
Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан хабары бар, әртүрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.
А. С. Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген, бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы сөздің байыбына барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет