Қарым-қатынас құрылымында 3 аспектіні қарастыруға болады: коммуникативтік, интерактивтік және перцективтік.
Коммуникативтік қатынас аспектісі ақпарат алмасу тәжірибесімен байланысты.
Интерактивтік қатынас аспектісі тұлғаның қарым-қатынас процесінде өзара әрекеттесуіне байланысты.
Перцективтік қатынас аспектісі басқа адамды қабылдауы және түсінуі.
Коммуникативтікқабілеттер: Әріптестердің өз бетінше білім алу қызметі тәжіребиесін жинақтау және пайдалану қабілеті.
Кәсіби педагогикалық өздігінен білім алуда ынтымақтастыққа және өзара көмек көрсетуге қабілеті.
Басқалардың (негізінен оқушылардың) өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыру қабілеті.
Өз көзқарасында қалу және талқылау процесінде басқаларды сендіре білу қабілеті.
Бірлескен қызметте жанжалдан бойын аулақ ұстай білуі.
Сенім – бұл: Тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне парасат-сезімдік әсер ету арқылы оларда өзіндік көзқарас пен адамгершілік өлшемдер
қалыптастыру мақсатында, логика мен дәлелдерге негізделген тәрбие әдісі.
Иландырудан айырмашылығы, тәрбиеленушіге ұсынылған қандай да бір ақпараттар немесе ойлар, оларды тарату және бағалау арқылы саналы қабылдауға негізделеді. Бұл жерде қорытынды өз бетінше де, сонымен бірге сендірушіден соң да жасалынуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда да ол дайын күйінде қабылданбайды. Көп уақытты, алуан түрлі мәліметтерді және шешендік өнер тәсілдерін пайдалануды қажет етеді, ал иландыру болса іс жүзінде лезде өтуі мүмкін. Бұл әдіс ғылыми пікірталаста, тәрбиеде де негізгі болып саналады.
Өзінің құндылық бағдарына, көзқарасына сәйкес соны іс- әрекетке итермелейтін тұлғаның саналы қажеттілігі.
Адамның өзіне сәйкес деректер мен айғақтарға сүйене отырып қабылдаған жеке пікірлері мен қорытындыларының дұрыстығына деген сенімге ие болу процесі мен нәтижесі.