оқушының өмірдегі тәжірибесі мен меңгерген білімі негізінде тез, саналы орындалатын практикалық–теориялық әрекеттерге даярлығы. Жетіле, автоматтандырыла келе білік дағдыға айналады. Біліктің негізгі белгілері: икемділік, тұрақтылық, беріктілік, шынайы жағдайлар мен міндеттерге барынша жақындау.
Білімберу
білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.
Білімберу
процесс ретінде бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі, яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқуы арқылы жүзеге асады.
Білімберу
нәтиже ретінде ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі.
Білімберу
жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.
Білімберу
ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.
Білім берудіңдағдарысы:
қызмет етудің қиындауы, тұрақтылықтың бұзылуы және дұрыс дамудың бұзылуы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының дағдарысы. Бұл қоғамның және білім берудің жаңа сатысына өтудің кезеңі болуы мүмкін.
Герменевтика
таным әдістері мен құбылыстарды, процестерді түсіндіру әдістерінің жиынтығы, негізінде рационалды-логикалық талдау емес, жеке бастың субъективті талдауы, сезіну, тіл өнерінің құралдарына қатынасы, діндеріне қатынасы.
Градация
сөйлемдегі сөздердің айтылу деңгейіне қарай орналасуы.
Даму:
адамның және жүйенің прогрессивті қайта құрылуындағы жаңа сапаларды игеру.
Дағды
автоматтандырылған іскерлік, адамның іс-әрекетін жеңіл және тез орындалуымен нәтижелі болуы.
Дүниетаным:
адамның санасының спецификалық пішіні, оның білімінің, көзқарасының, сенімдері мен идеалдарының жүйесі, оның табиғат пен
қоғамның дамуына қатысының негізінде оның қоғамдық-саяси және адамгершілік-эстетикалық позициясы мен өмірдегі әртүрлі орындарда мінез- құлқы анықталады.
Дамыту
адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі.