Педагогикалық жағдаят (пеедагогическая ситуация) Тәлімдік үрдіс пен тәлімдік жүйенің өзектесе бір
уақытта көрініс беруі. Педагогикалық жағдаятта
қайда, қашан, қанша уақыт ішіндегі тәлімгер мен
оқушы қатынасын қамтамасыз етуі тиісті барлық
тәрбие факторлары табиғи түрде тоғысады.
Педагогикалық жағдаят құрудағы негізгі
ережелер: Тұлғаның тек оң қасиеттерін дамыту
бағытталуы: тұлғаға ашық аймақ қалдыру арқылы
мәселенің кей бөлігін өзінше шешуге мүмкіндік
туғызу.
Пікірталас (дискуссия) Ұжымдағы түрлі көзқарас, ой-пікір ортаға
салынып, көпшіліктің талқысына түсуі.
Пікірталаста әділ сынап, қате көзқарастарды
жеңу көзделеді. Пікірталас түрлері: жиналыс,
конференция, пікірталас.
Педагогикалық көзқарастар жалпы және өзіндік тұжырымдарға жатпайтын
педагогикалық құбылыстар бойынша ой-пікірлер.