Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет52/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Әдебиеттер 
Вадецкая Э.Б. Древние идиолы Енисея. – Л., 1967. 
Джафарзаде И.М. Гобустан. – Баку. 1973. 
Кадырбаев М.К., Марияшев А.Н. Наскальные изображения хребта Каратау. – 
Алма-Ата, 1977. 
Кубарев В.Д. Древние росписи Каракола. – Новосибирск, 1988. 
Новгородова Э.А. Мир петроглифов Монголии. – М., 1984. 


Самашев З.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. – Алма-
Ата,1992. 
Формозов А.А. Наскальные изображения и их изучения. – М., 1987. 
Формозов А.А. Памятники первобытного искусства на территории СССР. – М., 
1980. 
Шер Я.А. Петроглифы Средней и Центральной Азии. – М., 1980. 
Ү ш і н ш і т а р а у ___________ 
ТЕМІР ҒАСЫРЫ 
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры 


Бірінші мың жылдықтың басында адамдар темiрден еңбек құралдарын жасай 
бастады. Қоладан металлдың жаңа түрiне ауысу екi-үш жүз жылдықты 
қамтыды. Металды игеру барлық жерлерде бiрдей, бiр мезгiлде жүзеге асқан 
жоқ. Кейбiр халықтар темiрдi б.з.д. Х ғасырда пайдалана бастаса, басқаларының 
қолы темiрге б.з.д. VІІ – V ғасырларда ғана жеттi. Шығыс Еуразия кеңiстiгiн 
(Оңтүстiк Ресейді, Украинаны, Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды, Сiбiр, 
Алтай және Қиыр Шығысты) мекендеген халықтар темiрдi б.з.д. VІІІ –VІІ 
ғасырларда толық меңгердi. Темiр адамдарға едәуiр ертерек уақытта да белгiлi 
болған. Жекелеген халықтар оны б.з.д. екінші, тiптi, үшінші мыңжылдықтың 
өзiнде бiлген. Алғаш темiрмен Египет пен Месопотамияның тұрғындары таныс 
болды. Бiрақ темiрдi алудың әдiстерi игерiлмегендiктен одан тек әшекей 
бұйымдарын ғана жасай алды. Темiр жер бетiнде мыс немесе алтын секiлдi 
кесек күйiнде кездеспейтiндiктен алғашқыда ежелгi адамдар метеориттiк, таза 
темiрдi қолданса керек. Жер бетiнде темiр мыспен салыстырғанда көп 
болғанымен оны рудадан бөлiп алу жолы белгiсiз болды. Темiрдi игермес бұрын 
адамдар түстi металдарды балқытуды меңгеруi тиiс едi. Мысты балқыту үшiн 
аса жоғары температура қажет емес. Ол 1100 градуста балқиды, ал темiрдi 
рудадан балқыту арқылы бөлiп алу үшiн қызуды 1530 градусқа көтеру қажет. 
Ондай жоғары температура алу арнайы пеште (домна) ғана iске асады. 
Сондықтан темiр өндiру кәсiбi ежелгi ұсталарды өндiрiсте сапалық өзерiстерге 
қадам басуына итермеледi.
Темiрден еңбек құралдарын жасауды игеру материалдық өндiрiсте болған 
үлкен төңкеріске алып келдi. Темiр адамдардың өндiру мүмкiндiгiн кеңейттi. 
Түрен, соқа, үлкен және кiшi орақтардың пайда болуы егiншiлiктiң кеңеюiне 
ықпал еттi. Темiр құралдардың таралуының былғары, сүйек, ағаш және түстi 
металл өңдеу секiлдi кәсiптердiң де дамуына әсерi тидi. Темiрден семсер
қанжар жебенiң ұштары секiлдi әрi өткiр, әрi қатты сапалы қарулар жасалды. 
Темiрдiң өндiрiске тереңдеп енуi әлеуметтiк тұрмыс пен қоғамдық қатынастарға 
да айтарлықтай ықпал еттi. Темiр өңдеудiң қиындығымен арнайы маманданған 
адамдарды қажет етуi, қолөнерiнiң жеке кәсiпке айналып, айырбастың дамуына, 
мүлiк теңсiздiгiнiң қорланып, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауының 
жеделдеуiне ықпал жасады. Сондай-ақ темiрдiң таралуы материалдық 
өнiдiрiстiң өсiп, қоғамдық қатынастар мен идеологияға елеулi әсерiн тигiздi. 
Еуразия даласында көшпелі қоғамның қалыптасуы да «темір ғасырымен» 
тұспа-тұс келеді. Сондықтан б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырлардан орта ғасырға (б.з. V ғ.) 
дейінгі аралықты «ерте көшпенділер дәуірі» деп те атайды. Бұл кезең – 
қоғамдық-экономикалық қатынастардың түбегейлі өзгеріске ұшырауы мен 
қатар тайпалық одақтардың этникалық тұтастануы қарқынды жүрген уақыт.
Б.з.д. 1-мыңжылдықпен бiздiң заманыздың басында Украинадан басталып 
Едiл өңiрiн, Жайық арқылы Қазақстан мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi аймақта 
шартты түрде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет