Осылайша фатьяновтықтар батыстан шығысқа қарай жылжып, Волосов
тайпаларының мекенін жайлаған. Осы екеуінің арасында болған қақтығыстарды
растайтын археологиялық материалдар да кездеседі. Волосов қонысында
фатьяновтық жерлеу табылған. Мұнда волосовтық жебеден өлген фатьяновтық
жауынгер жерленген. Бұдан волосовтықтар жеңілмесе өз жеріне фатьяновтық
жауынгерді жерлетпес еді деген қорытынды жасалған. Фатьяновтықтардың
жерлеу ғұрпы тұрақсыз. Жерлеу ғұрпында жергілікті
тайпалармен араласқан
нұсқалары кездеседі. Волосовтық қоныстарда фатьяновтық заттар жиі
ұшырасады. Зерттеушiлердiң арасында Фатьянов мәдениетi ескерткiштерiн
негiзгi шаруашылығы орманды бақташылық болған тайпалар қалдырған деген
пiкiр бар.
Едiлдiң оң жағалауындағы Ярослав облысынан Татарстанның оңтүстiгiне
дейiнгi алқапты б. з. д. 2-мыңжылдықта егiн егiп, мал өсiрген тайпалардың тобы
мекендедi. Олардың ескерткiштерi ахеологияда алғаш зерттелген зираттың
атымен
абашев
мәдениетi деп аталады. Мәдениеттің
тегі жайлы ортақ пікір
жоқ. Қазіргі зерттеушілер оларды ежелгішұңқыр мәдениетінен шығарса, ескі
көзқарас бойынша абашевтықтар ортаднепр тайпаларынан таралады. Абашев
мәдениеті орманды және орманды далалы аймақта орналасқан үш топқа
бөлінеді. Алғашқысы - дондық (Воронеж ауданында), екіншісі – ортаеділдік
(Еділдің екі жағасында Ярославтан Казанға дейін), үшіншісі – Уралдық
(Оңтүстік Урал маңы). Осыған байланысты
абашевтік тайпалардың ортақ
территориясы болмады. Олардың әрқайсысы өздерінің құдіретті көршілерінің
ықпалына жиі түсіп отырды. Донецкі тобының көршісі қима мәдениеті,
Уралдықтардың көршісі андрондықтар болған. Бұл мәдениеттің өкілдері
мыстың көздерін иелену мақсатымен оңтүстік-шығыстан келген деген пікір
қалыптасқан.
Абашев мәдениеті жерлеу ескерткштері негізінде қарастырылған.
Олардың қоныстары осы күнге дейін нашар зерттелген. Ортадондық топта олар
әлі күнге белгісіз. Абашевтік обалардың астында бірнеше қабір орналасқан.
Мәйітті аяқтарын бүгіп, шалқасынан жатқызған.
Жерлеу заттарының ішінде
түбі тегіс немесе домалақ келген пішіні төңкерілген қоңырау тәрізді ыдыстар
көп кездеседі. Ыдыстардың сыртқы өрнектері геометриялық нақышта
кездеседі. Обаларда металл өте сирек кездеседі. Дегенмен, абашевтіктер
металды білгені анық. Ру аралық қақтығыста қаза болған 28
кісі жерленген
обаның ішінде бір еркектің қабірі ерекшеленеді. Онымен бірге құйған қалып,
металл еріткен табақша (тигель) және тас төс қойылған. Бұлар жергілікті металл
өңдеу ісінің болғанын білдіреді.
Қазбадан көптеп табылатын үй жануарларының сүйектері бақташылықтың
шаруашылықтың
негізі
болғандығын
аңғартады. Егіншілік
қосалқы
шаруашылық болған. Мәдениет өкілдерінің әлеуметтік құрылымы патриархат.
Галич көлінің жағасындағы қола ғасыры қонысының орнынан абашев
мәдениетімен қатысты заттардың көмбесі табылған.
Көмбенің құрамында
қоладан жасалған еркектің мүсіндері болған. Солардың бірі - басын күн нұры
қоршаған күн құдайы, екіншісі – басында үш жарты ай бар ай құдайы. Көмбенің
құрамында кесірткінің мүсіні, балта, қанжар, пышақ және қола білезік шыққан.
Бұл бұйымдар діни рәсімдерде пайдаланылған рулық мүліктер болуы мүмкін.
Абашев мәдениетіне солтүстіктегі көршілес жатқан аймақта б.з.д. ІІ мың
жылдықтың екінші ширегінде қалыптасқан
Достарыңызбен бөлісу: