Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


- құрғақ) - атмосфера ылғалдылығы жеткіліксіз  жағдайда (қуаң, шөлді және шөлейтті өңірлерде) қалыптасатын климат.  Артефакт



Pdf көрінісі
бет75/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

 
- құрғақ) - атмосфера ылғалдылығы жеткіліксіз 
жағдайда (қуаң, шөлді және шөлейтті өңірлерде) қалыптасатын климат. 
Артефакт
– 
археологиялық заттардың еуропалық ғылымда айтылатын 
жиынтық атауы, 
 
адам қолымен жасалған зат немесе бұйым. 
Архантроптар 
(грек. «ежелгі» және «адам») 
– 
адамның ежелгі тегі (ежелгі 
гоминидтер – питикантроп, синантроптар). 
Археологиялық кешен
– 
түрлі
 
археологиялық нысандардың жиынтығы. 
Археологиялық кешендер жабық және ашық түрде болады. Жабық кешенге 
заттар бірақ рет (көмбелер, еңбек құралдары, кенеттен құлаған құрылыс 
астында қалған заттар)түседі. Ашық кешендер ұзақ мерзімге созылған уақыт 
барысында қалыптасады. 
Археологиялық мәдениет
– 
бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы 
мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, 
қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың 
кешенi. 
Ассимиляция
– 
бір халықтың екіншісінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыпын, 
дәстүрін қабылдау арқылы сіңуі. 
Астрогал 
– сүйектен жасалған істік құрал.
 
Археологияда мекенжайлар мен 
жерлеулерде неолит дәуірінен бастап жиі кездеседі. 
 Ашель
(Франциядағы жердің (Сент Ашель) атына байланысты алынған осы 
мәдениеттің шартты атауы) – ерте палеолиттік археологиялық мәдениеттің аты. 
Бұдан бұрынғы 700 – 120 мың жыл аралығымен мерзімделеді. Қол шапқылар 
мен жарғыштардың (кливерлер) пайда болуымен және тасты леваллуаз 
тәсілімен жаңқалауды игерілуімен сипатталады. Қолдан салған лашықтар пайда 
болды, отты игерді. Тұрғындары аң аулап, терімшілікпен айналысты. 
Бифас – 
шапқыш тәріздес екі жақты өңделген еңбек құралы. 
Вкладыш 
(майда қырлы тастар) – сүйектен, ағаштан жасалған құралдар мен 
қаруларға салынатын, қыстырылатын пышақ, жаңқа түріндегі ұсақ тастар. 
Мұндай құралдар мен қарулар орта тас дәуірінде кеңінен қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет