Зығыр маталардың мақта матасынан айырмашылығы қалыңырақ иірімжіптен жасалған (18-166 текс), олар негізі және арқауы бойынша бірдей, көбінесе жаймалық өрімнен, ал жаккардты және үсақ өрнекті өрімдерден сирек өндіріледі. Зығыр маталары негізінде ағартылған, жартылай ағартылған және сүрыпты, меланжды, ала шүбар, тегісбоялған, баспа суретті болып шығарылады. Зығыр маталары жоғары салмақты, қалың, қатты, берік және созылғыштығы аз болады. Олардың гигиеналық қасиеті жақсы, бірақ жылу сақтағыштығы өте төмен, осыған байланысты бүл матаны қыстық киімдерде қолданбайды. Матаның беті тегіс және жылтыр. Тегістіктің арқасында пішу кезінде мата беті жылжуға қабілетті. Қаттылығына бай- ланысты зығыр маталары кесуде үлкен қарсылық көрсетеді. Бүйымды тігу барысында олар қиындық туғызбайды, бірақ қаттылығының сал- дарынан