болады. Жібек маталар талшықтық қүрамының табиғатына байланысты сегіз топқа бөлінеді, оның әрқайсысы сәйкес топшалардан түрады. Жібек матасының ассортименті барлық мата ассортиментінің 11% қүрайды, артикулдардың саны өте көп, тәртіпке сәйкес олар төрт санды санмен белгіленеді, бірінші сан матаның то- бын, екіншісі - топшасын білдіреді. Жібек матасының жіктелуін және топтың немесе топшаның сипаттамасын біле отырып, матаның арти- кулы бойынша оның қүрылымы, дайындалуы және кейбір қасиеттері туралы белгілі көрсетілімдерді қүрауға болады. Жібек матасының ассортименті басқалардан әр түрлілігімен, әсіресе шикізаттың қүрамымен, жіптің, матаның және өңделуінің қүрылымымен ажыратылады, алдымен түтынушылық қасиетінің әр түрлілігімен байқалады. Жібек матасын өңдеуде табиғи жібек, жа- санды және