Барлық жайманың салмағынан, бірінші сортты жайманың салмағын алу жолымен оның мөлшерін анықтауға болады, ол сәйкесінше екінші сортты және сортсыздалған бөліктерге сәйкес болып келеді. Тоқыма жаймаларының сыртқы түр ақаулары негізінен қалыңдығы және ширатылуы біркелкісіз жіптерді қолданудан, жіптердің үзілуінен, машинаның дүрыс жүмыс істемеуінен, сонымен қатар өңдеу процесстері кезінде пайда болады. Жаймаларда ең көп кездесетін ақаулардың бірі: жуандылық пен жіңішкелік, шүбарлылық, ілмектер үзындығынын біркелкісіздігі, түсірілген ілмектер, ілмекті бағаншаларының қиғаштануы, кірленулер мен дақтар. Тоқыма жаймаларының өңдеу үдерістеріндегі ақаулары маталардағы ақауларға сәйкес болып келеді. 7.2.2. Беймата жаймаларының сапасын бағалау Беймата жаймаларының сапасы олардың типіне және қолданылуына