дақтары бар суретпен бейнеленген ашық сары түсті. Құйрығы қысқа және
әлсіз төмендеген. Терісінің ұзындығы 107- 180 см, ал құйрығы 75- 110 см
аралығында болады. Қабылан барстан сары рең беретін қысқа түкті жабыны,
қара дақтарының өлшемінің кішілігі және құйрығының жіңішкелілігі, қысқа
аяқтары, сонымен қатар жолбарстан дақты бояуы бойынша ерекшеленеді.
Сілеусіннің қабыланнан ерекшелігі - жартылай сопақша пішінді, ұсақ
дақтарды суреттен тұратын түкті жабыны бар, мойнында кішкене айдары
бар. Терісінің ұзындығы 100-130 см аралығында, құйрығы 75см, ол 8.16
суретте көрсетілген.
Сілеусін қабыланнан және барстан ұзын және жіңішке аяқтарымен,
оның айқындалған айдарымен, құйрығының ұшының ақ түстілігімен,
сондай-ақ жолбарыстан түкті жабынының дақты бояуымен ерекшеленеді.
Ормандық сілеусін арқа бөлігі үлпілдекті, жұмсақ немесе төмені
талшықты түкті жабынды болып келеді. Түсі күлгін көгілдірден қанық сұрға
дейін, қызғыштан қызыл-сары түске дейін құбылады.
Жон арқасы және жақтары бойынша кейде қысқа жолаққа қосатыны,
қара дақтары шашырап түскен. Құлақтарында қара шошағы бар, құйрығы
қысқа (10-20 см), кесілген тәрізді.
Орман мысығы (сурет 8.17) қалың ұзын қара немесе сұр түсті остік түкті
жабыны жұмсақ болып келеді, жон арқа бөлігінде қара жолақтары бар қара
дақты суреттен тұрады, түбіті ашық көгілдір, құйрығында қара сақина
түрінде суреті бар. Құлағында шошағы жоқ. Терісінің ұзындығы 52 - 75 см,
ал құйрығы 27 - 34 см аралығында.
Достарыңызбен бөлісу: