Себебі жуан талшықтардың өзегінде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып көрсеткенмен мықтылығын арттырмайды, құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40%. Толық ұзарудың көп үлесі (7 % дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформациялы, соның әсерінен жүн матадан істелген бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды. Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті, ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі - сұр, қызғылыт, қара. Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына бай- ланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді. Киізденуі - жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі жүннің киізденуі жоғары болады. Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы 18%, қылшық жүндікі -15 %. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық