Мақта талшығы бұйымда талшықтың жақсы тізбектелуін және кеуектілігін қамтамасыз ететін, спираль тәрізді құрылымымен сипат- талады. Талшықтың беті кутикула деп аталатын, қорғаушы қабықты болып келеді. Ол целлюлозадан басқа, майлы, балауызды заттардан тұрады, бұл қасиет талшықтың химиялық беріктігін жоғарлатады. Кутикула аз су сіңіргіштік пен ылғал тартқыштық қасиетімен сипатталады, ол талшықтың сыртқы әсерлерге төзімділігін арттырады. Талшықтың бұралаңдық қасиеті иіру үдерісінде маңызы зор, осы қасиеттің арқасында жеке талшықтардың арасындағы сырғанаушылық қасиеті төмендейді. Бұл талшықтан иірімжіп жасағанда, оның ұзындық бірлігінде ширатылу саны төмендейді.