40
жолдарын анықтау, жүзеге асыру әрекеттері. Бұл жерде
құрастыру идеясын кӛздейтін түйінді сӛздер де анықталған -
әлеуметтік зерттеулер, болжау, тиімді түрде қайта құру,
жүйелік тұрғы. Осылайша, әлеуметтік инженерия саласын
құрайтын жаңа әрекет негізделіп, ол жалпы түрде әлеуметтік
жобалау деп кӛрсетіліп жүрсе де жаңа әрекеттің нақты
атауы болған жоқ.
Жаңа атаудың қажеттігі сол кездегі қоғамдық санада
пайда болған жаңа құбылысты – ұйымдастыру әрекетіндегі
инженерлік парадигманың орнына келіп жатқан
жобалау
парадигмасын-әлеуметтік
құрастыру
терминімен
түсіндірудің жеткіліксіз болуынан еді. Сӛйтіп, 70 - 80–
жылдары бұл әрекеттің жаңа атауы -
әлеуметтік жобалау
ретінде қалыптасты.
Әлеуметтік жобалау бір-біріне теориялық қағидалары
бойынша тығыз байланысты екі бағытта дамуда. Бірі,
философияға негізделсе, екіншісі, әлеуметтану ғылымына
сүйенеді. Олардың екеуіне де ортақ болып отырған
тұжырым - әлеуметтік жобалау, әлеуметтік инженерияның
бір түрі ретінде ӛзекті әлеуметтік проблемаларды шешудің
тиімді құралы ретінде қызмет етуі қажет деп есептелуі.
Осылайша қарастыру арқылы әлеуметтік жобалаудың
мәнін ӛз қайшылықтары, проблемалары мен дағдарыстары
бар қалыптасқан қоғамдық тәжірибе емес, алға мақсат қылып
қойылған, таңдап алынған идеалды деп есептелетін тәжірибе
деп түсіндіреді.
Т.М.Дридзенің айтуынша,
болжаулық немесе
Достарыңызбен бөлісу: