Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет47/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   142
үдерістің моделі, ресурстары, құралдары
Жобалау құрылымы жаңалықтарды қалыптастыру, 
тарату және қолдану сияқты кезеңдерден тұрады, соған 
байланысты білім беру ұйымдарында тӛмендегі жұмыстар 
жүргізілді: әрбір ұжымдағы ӛзгерістерге қажеттіктерін 
анықтау; ұжымның ӛз ортасында алатын орны, білім беру 
сапасы, педагогтар деңгейі, ұжымның жетістіктері туралы 
мәліметтер жинақтау және қалыптасқан жағдайды талдау; 
мәселелерді алдын ала талдау, ӛзгерістерді қажет ететін 
бағыттарды таңдау; инновациялық ӛзгерістер ендіру туралы 
шешімді қабылдау; жаңалықты сыннан ӛткізу және ендіру;
қажетіне қарай тәжірибеде бекіту, институализациялау ( лат. 
– орнықтыру) немесе жаңалықты үнемі қолдану, нәтижесінде 
ол күнделікті тәжірибенің элементіне айналады.
Жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік 
компоненттердің ӛзара қатынастары мен жүйенің ӛзіндік 
дамыту ресурстарын мақсаттық-бағдарлы жобалар арқылы
педагогикалық жүйені дамытудың күтілетін нәтижелер 
қамтамасыз етіледі.
Инновациялық үдерістерді жобалау білім беру 
жүйесіндегі 
жаңа 
бағыттарды, 
институционалдық
ӛзгерістерді ендіруде теориялық және практикалық жағынан 
құндылық болып табылады.
Жобалау негізінде педагогикалық ұжымның тӛмендегі 
ӛзгерістері қамтамасыз етіледі:
1. Педагогикалық 
ұжымның 
инновациялық 
мүмкіндігін дамытылып, нәтижелі білім беруге 
жағдайлар жасалады.
2. Педагогикалық 
қарым–қатынастар 
қайта 
құрылып, субъектілердің мүмкіндіктерін дамыту 
және 
субъектаралық 
қатынастар 
жүзеге 
асырылады.
3. Педагогикалық ұжымды дамыту бағдарламасы
жасалып, әр құрылымның жаңа міндеттері 
нақтыланады; 


132 
4. Педагогикалық 
ортаның 
дәстүрлі 
құндылықтарының тиімділерін сақтай отырып, 
қоғам талабына сай ӛзгерген жаңа сапасы 
қалыптастырылады; 
Инновациялық ӛзгерістерді жобалауда тӛмендегі 
талаптар ескерілу қажет, олар: 
- Жобаның 
күтілетін 
нәтижелері 
алдын 
ала 
белгіленеді; 
- Жобаның тиімділігі мен оны жүзеге асыруға 
жұмсалатын ресурстар алдын ала сәйкестендіріледі; 
- Жобалау барысындағы тәуекел жағдайлар алдын ала 
ескеріледі; 
- Ұжымда жаңа құрылымдар жасалу мүмкіндігі
қарастырылады. 
Жобалауды 
ұйымдастыру 
барысында 
ұжымдық 
жұмыстардың дәстүрден тыс әдістері қажет болуы мүмкін, 
оларжелілік басқару дағдыларын меңгеру; шығармашылық 
белсенділікті қолдау; командалық бірлестіктер құру, т.б
Мақсатты жобаларға тән белгілер: 
– жобаның матрицалық құрылымы; 
– жұмыс барысының уақытшалық сипаты; 
– шешуін қажет ететін мәселелердің негізінен
интегративтік болуы; 
– ұжымды дамытудың синергиялық, желілік түрде 
ұйымдастырылуы; 
– мәселелердің негізінен стандарттық қалыптан 
ӛзгеше болуы. 
Педагогикалық мәселелердің негізінен стандарттық 
қалыптан ӛзгеше деңгейде шешілуі жобаның инновациялық 
деңгейін кӛрсетеді. Жобаның неғұрлым инновациялық 
деңгейде болуы, оны орындаушылардың құрамы басқа 
ұйымдардан бӛлек, тәуелсіз команда болуын, кӛздеген 
нәтижеге жету үшін олардың жауапкершіліктерінің де 
жоғары болуын, сонымен қатар, оған жауап беретін 
жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету құзіреттіліктерінің 
де жоғары болуын талап етеді. 
Жобалау жаңа педагогикалық қарым қатынастарды, 
оқытудың жаңа мазмұны мен технологияларын, ойлау және 
қызмет етудегі жаңа әрекеттерді тудырады. Жобалау негізіне 


133 
білім беру үдерісіндегі субъектілердің жаңа қарым –қатынас 
түрлері, білімнің жаңа мазмұны, жаңа білім беру 
технологиялары, т.б. алынады. Жобалау барысындағы 
ӛзгерістерге қажеттіліктің туындауы мен ендірілген 
жаңалықтың институализациялауға дейінгі кезеңдердің 
жиынтығы бір жобалық циклды қалыптастырады.
Жоба жетекшілері мен құрастырушылар жобалауды
алдында тӛмендегі құрылым бойынша даярлық жұмыстарын 
жүргізулері (жобалаушы тарапынан) қажет: 
Жобалау қандай ниетпен, не үшін жүзеге асырылуы 
тиіс? 
Күтілетін нәтиже кім үшін және қаншалықты 
маңызды? 
Қай жерде, қайда жүзеге асырылады? 
Кім оны жүзеге асырады? 
Жүзеге асыру жолдары қандай? 
Қандай мерзімде жүзеге асырылады? 
Қандай ресурстар мен қаржы қажет болады? 
Егер жобалық ұсыныс белгілі бір ниетпен қаржы бӛлуді 
қолға алған инвестор немесе грант беруші үшін дайындалып 
жатса, онда қаржының қалай жұмсалатыны мен күтілетін 
нәтиже нақты кӛрсетіледі. Сонымен қатар, жобалық ұсыныс 
даярлау арқылы басқарушылар мен ұйымдастырушылар 
қаржылық және басқа да ресурстардың мүмкіндігін дәл
бағалауға, соған сәйкес ұйымды дамыту бағыттары мен 
жолдарын анықтай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет