Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет88/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   142
құзіреттілік деп аталады. 
Коммуникативтік құзіреттілік – мәтінді, белгілі бір 
ойды түсінуі және түсіндіре алу қабілеті – барлық пәндерде 
де, барлық оқыту кезеңдерінде де қалыптастырылады. 
Коммуникативтік құзіреттілік оқушының мәтінді 
не белгілі бір ойды түсіну, игеру барысында тӛмендегі 
әрекеттер жасай білуін білдіреді: 
- мәтіннің, ойдың немесе ақпараттың мазмұнын 
түсінеді, игереді, меңгереді; 
- оны басқаша құрастыра алады немесе берілген 
мазмұнды жаңаша түрге ендіре алады; 
- мәтіннің, ойдың, ақпараттың мақсатын құрастыра 
алады; 


253 
- мақсатты жүзеге асыру үшін қандай амалдар мен 
құралдар қолданылып тұрғанын анықтай алады; 
- мәтіннің, ойдың, ақпараттың кімге арналып 
тұрғанын анықтай алады; 
Мәтінмен, ақпаратпен жұмыс жасауда оның үш негізгі 
сипаттамасын ескеру қажет. Олар: 
- мәтіннің мазмұны; 
- хабарлау түрі; 
- адресаты (кімге арналғаны); 
Коммуникативтік қатынас екі – ауызша және жазбаша 
түрде қалыптасады, олардың ӛз алдына ерекшеліктері бар 
және оны дұрыс қалыптастырудың ӛзіндік назары мен 
әдістері сақталуын қажет етеді. 
Коммуникативтік қатынасты қалыптастыру және 
дамытуда белгілі бір сабақтастық ұстанымы болады. Атап 
айтқанда, 
бастауыш 
сыныпта 
негізі 
салынған 
коммуникативтік компоненттер негізгі мектепте бекітіледі 
және ол компонентті күрделендіре дамыту одан арғы жоғары 
сыныптарда жүзеге асырылады. Коммуникативтік қатынасты 
жобалау арқылы дамытудың тиімділігін кӛрсете отырып, бұл 
тек осы әрекеттің негізінде ғана жүзеге асырылады деп 
түсіну де қате пікір екенін ескеру керек. Сондай–ақ, 
коммуникативтік 
қатынасты 
дәстүрлі 
оқытуда 
қалыптастыруға 
болады. 
Бұл 
белгілі 
бір 
ақпарат 
форматындағы жұмысты қамтиды. Мысалы, зертханалық 
жұмыстың қорытындысын жазу, шығарма, мазмұндама, т.б. 
жұмыстар.
Түрлі форматтағы ақпарат немесе мәтінмен жұмыс 
жасай отырып (мыс, ғылыми мақала, эссе, интервьюге жауап 
беру, т.б.) оқушы оның талап ететін үлгісін сақтап үйренеді. 
Ӛйткені, еркін жазу форматын қажет етпейтін жұмыс 
түрлерін игеру де маңызды үдеріс. Оны игеру ӛзі үшін 
тәжірибеде пайдасы асатын болады, атап айтқанда, түрлі 
конкурстарға қатысу үшін қажетті үлгіні сақтау, рецензия 
жаза білу т.б. 
Мәтіннің мазмұны мен түрін еркін таңдау 
негізінен жобалау әрекетіне қатысты. Жоба жасау жеңістігі 
еркін қатынасты да, регламенттелген қарым – қатынасты да 
орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, жоба идеясын талдау 


254 
барысында ӛз ойларын жеткізу үшін оқушылар еркін, 
эмоционалдық, шығармашылық, тіпті слэнг түрінде де қарым 
– қатынаста бола алды. Бұл жерде регламенттеу тәртібі 
тақырып аясын шектеу үшін ғана қажет бола алады. 
Жобалаудың аталған идеяны талдау кезеңіне 
қарама–қарсы – жоба аяқталған соң, оны презентациялау 
кезеңі 
тұр. 
Оның 
талаптары 
регламенттерді– 
презентациялаудың (ауызша не жазбаша), уақыт шектеуінің, 
аудиториялардағы түрлі топтар (оқушылар, мұғалімдер, ата – 
аналар т.б) мүдделеріне жауап берудің, т.б.–сан талаптардың 
ескерілуін міндеттейді. 
Жасӛспірімдер үшін ақпараттық құзіреттіліктері 
(жалпы білімдік қабілеттері) маңызды рӛл атқарады және 
ол мектепте ғана емес қоршаған ортада орнын табу құралы 
болып табылады.
Жобалау әрекеті оқушылардың аталған құзіреттілігін 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Құзіреттілік тұрғысынан алғанда әлеуметтік қарым–
қатынас құзіреттілігін дамытудың маңызы зор. Олар 
оқушылардың тӛмендегі қабілеттерін қалыптастырады: 
- оқу–тәжірибелік мәселелерді шешу барысында 
бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілікті, топпен 
жұмыс істеу қабілеттілігін; 
- қорытынды ӛнімді құрастыру қабілеті, оның 
аудиториядағы адамдарға жеткізе білу қабілеті; 
Жобалау әрекеті барысында тек қана коммуникациялық 
қатынаста болу емес, белгілі бір ӛнімді құрастыру 
барысындағы 
іскерлік 
коммуникация 
жүреді, 
ол 
оқушылардың оқу – тәжірибелік мәселелерін шешу мақсатын 
кӛздейді. 
Сондықтан, 
осы 
жағдайда 
оқушы 
құзіреттіліктерінің қалыптасуы тиімді жүзеге асырылады. 
Жобалаудағы коммуникациялық қатынастарды 
бағалау барысында тӛмендегі фактілер ескерілуі тиіс: 
1) жоба 
(шығармашылық 
жұмыс) 
негізінен 
оқушылардың 
топтық 
әрекеті 
арқылы 
орындалғаны; 
2) жұмыстың орындалуы барысында педагог балалар 
әрекетін 
ұйымдастырушылық–мазмұндық, 
жоспарлау және қадағалау қызметтерін атқаруы; 


255 
3) қорытынды нәтижені ұсынған кезде оқушылардың 
іскерлік қарым – қатынасы қалыптасқаны; 
4) ӛнімді 
презентациялаудағы 
барлық 
критерийлеріне сай болуы, критерийлердің алдын 
ала белгілі болуы қажет; 
5) презентация жасауда аудитория болуы, бағалау 
комиссиясы болуы, бағалаудың ашық жүруі, 
қатысушылардың марапатталуына ерекше назар 
аударылуы тиіс; 
Жобалау әрекеті негізіне «жоба» түсінігін білдіретін 
идея алынады. «Жобаның» мәнісі мәні белгілі бір теориялық 
немесе практикалық маңызы бар мәселені шешу барысында 
нақты нәтиже алуға бағытталған прогматикалық түсінікті 
білдіреді. 
Жобалау барысында алынған нәтиже кӛзбен 
кӛруге, 
мағынасын 
ұғынуға, 
тәжірибеде 
қолдануға 
болатындығымен ерекшеленеді. Осы нәтижені алу үшін 
оқушыларды ӛз бетімен ойлауға, мәселені кӛре білуге және 
шеше білуге, түрлі салалардан алған білімдерін қолдана 
білуге, нәтижені алдын ала болжай білуге және оның 
салдарын ажырата алуға үйрету қажет. 
Зерттеушілер атап ӛткендей, қазіргі оқуда жобалау 
әрекеті кеңінен таралмаған әдіс, оны шешудің негізгі жолы – 
жобаларды таңдау және оны сан алуан шығармашылық 
жұмыстарда жүйелі түрде қолдану. 
Жоба әдісі оқушылардың ӛз бетіндік әрекеттеріне 
(жекелеген не жұппен не топпен белгілі бір уақыт ішінде 
орындалатын) бағытталады. 
Сондай – ақ, жобалау әдісі белгілі бір мәселені 
шешуді кӛздесе, мәселені шешу, бір жағынан, оқытудың 
түрлі әдістері мен түрлерін қолдану арқылы, екінші жағынан, 
оқушылардың білімнің түрлі салаларын интеграциялау 
арқылы шығармашылық әрекеттерін қажет етеді. 
Орындалған жоба нәтижесі ӛзінің мақсатына сай 
болуы тиіс, атап айтқанда, егер теориялық мәселе болса – 
оның нақты теориялық шешімі, ал практикалық мәселе 
болса–қолдануға болатын даяр нәтижесі болуы шарт. 
Жобалау әдісі жеке орындалса да, топпен орындалса да 
белгілі бір жүйемен орындалады, оның мәні: әдіс ретінде 


256 
бірнеше оқу – танымдық амалдар мен тәсілдердің жиынтығы 
болуы 
тиіс, 
оқушылардың 
ӛз 
бетіндік 
әрекетін 
ұйымдастыруға негізделуі тиіс, нақты нәтиже алуды кӛздеуі 
және оны міндетті түрде презентациялауы тиіс. 
Жобалау әдісі ӛзінің мазмұны жағынан еркін 
әрекеттерді, ашық оқытуды, тәжірибеге бағытталуды қажет 
ететін проблемалық оқытуға ұқсас екені белгілі. Бұл әдісті 
орынды пайдаланған жағдайда дәстүрлі оқытуды ӛмірмен 
байланыстыру тұрғысынан тиімді екені сӛзсіз. Сондай–ақ, 
бұл–оқушылардың ӛз бетімен білім алуына ықпал ететін 
бірден бір әдіс. 
Жобалаудың түсініктік кеңістігіндегі маңызды 
қабілет – мәселені шешудің жолдарын және шешім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет