Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет78/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142
модельдеу және кӛркем модельдеу, олар танымның соған 
сәйкес екі түрі–ғылыми таным және кӛркемдік таным 
сипаттарын береді. 
Ғылыми таным, кеңірек қолданылып жүрген 
таңбалық–белгілік түрде белгіленетін құбылыстар мен 
қарым–қатынастар. Мысалы: графиктер, формалар т.б 
белгілерде берілген құбылыстың мәні, пәндік ерекшелігі 
беріледі. Оқушы мәтінді оқи отырып, ондағы құбылыстар 
мен оқиғаларды ойша модель құрастырады. 
Жалпы ӛмірде кездесетін кез келген құбылысты 
модельдеуге болады, бірақ ол модельдің барлығы да белгілі 
бір міндетті шешуге қажет болмауы мүмкін. 
Оқушылардың жобалау әрекетін белгілі бір 
пәндерде оқыту барысында ұйымдастыруда да модельді 
жаңадан жасаудан бұрыннан бар модельді ӛзгерту, оны 
нақтылау кӛңіл аударады. Қарастырып отырған құбылыстың 
күрделілігіне байланысты модельдің бірнеше нұсқасы 
сипатталуы мүмкін. 
Ғылыми танымға сүйенетін модельдеу талдауға 
құрылса, кӛркемдік модельдеу–жаңадан жасауға, қайта 
құруға негізделеді. Ғылыми модельдеуде құбылысты бір 
қырынан сипаттауға болатын болса, кӛркемдік модельдеу 
құбылыста тұтас қамтиды. Сондай – ақ кӛркем модельдеуде 
жобалық ӛнім ғана емес, оның авторы да маңызды рӛлге ие 
болады. Ю. И. Лотманның айтуынша автор модель 
жасағанда ӛзінің ой–санасының жетегімен әрекет етеді және 
модель оның дүниетанымы мен ӛмірге кӛзқарасы негізінде 
құрылады. Сондықтан, кӛркемдік модель де екі обьектінің–
құбылыстың және автор тұлғасының моделі» бола алады. 
Кӛркемдік модельдеу барысында құбылыстың 
сұлбасы немесе формуласы арқылы ғана сипаттауға кейбір 
құбылыстардың күрделігі мүмкіндік бермейді. Соған орай, 
оқушылардың жобалауында сол құбылысқа олардың 
кӛзқарасын білдіретін модель жасау ыңғайлы және 
шығармашылық еркіндік береді. Осындай әрекеттер арқылы 
оқушыны қарастырылып отырған белгілі бір пәндер 
шеңберінен шығып, жобаны кеңінен қарастыруға да жағдай 
туғызылады. Бұлар оқушылардан нақты пәндер талап ететін 


219 
қатаң шешімді ғана емес, ӛз бетіндік әрекеттерін дамыту 
арқылы ӛзінің құралдарын, әдістерін құрастыруға да еркіндік 
алады. 
Оқушылар жобасының мәнісі, сипаттамасы неде, 
яғни жобалаудың ерекше қызметі ретінде сипаттайтын 
белгілері: 
- идеясы, түпкі ойы болуы; 
- жүзеге асыру жолы болуы; 
- нәтижесі белгіленуі, орындалуы; 
Жоба–белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, 
нақты мақсатты орындауға бағытталған әрекет. Жобалау 
ӛнімі міндетті түрде қалыптасқан жағдайды ӛзгертуге ықпал 
етеді деп күтіледі. 
Жобалау мерзімі. Жоба белгілі бір мерзімге 
орындалатын болғандықтан уақыт факторын белгілеу–
жобаның маңызды құрамдас бӛлігі болып табылады. Оны 
жобалаушы адам (жобаның авторы) міндетті түрде жобаны 
жүзеге асыру үшін белгілеп алуы тиіс. Әсіресе білім беру 
кеңістігінде уақыт нақты орын алатын болғандықтан, 
оқытудығы жобалаудың мәні–белгілі бір мерзімде орындалу 
мүмкіндігі. 
Сонымен, оқу жобаларының басты сипаттамасы 
уақыт, бірақ оқушы үшін уақыт белгілі болғанымен ол 
уақытты бағдарлап отырмайды. Уақытты бағдарлап 
отыратын мұғалім, түрлі нормативтік актілер, құжаттар, т.б. 
Ал, жобалаудың ерекшелігі сол, онда оқушы 
белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуімен қатар, сол 
уақытпен жұмыс жасайды, уақытты басқарып отырады. 
Жоба барысында уақыт бірнеше мерзімге бӛлінеді.
Бірінші, жүзеге асыру мерзімі: онда кері қарай үдеріс 
жүреді, яғни, алдын ала белгіленген уақыт алға қарай емес, 
кері қарай қозғалысқа түседі, сӛйтіп, бір мерзім жобаның 
аяқталу уақытынан кері қарай есептеледі.
Екінші 
мерзім, 
іс-әрекеттің 
жобаны 
орындау 
уақытындағы орындау барысы, яғни жобаның басы мен 
аяғындағы жобалаушының қозғалысы. 
Үшінші мерзім, жобаның басталуы мен аяқталуының 
бірлігі, яғни жоба идеясы мен оның орындалу бірлігі. Жоба 
– идеясыз, идея – жобасыз бола алмайды. 


220 
Тӛртінші мерзім, жобадан тыс оқиғалардың ӛз ретімен 
орындалу мерзімі, тәртібі. Мысалы, сабақ ӛз ретімен сол 
уақыт ішінде ӛтіп жатады, түрлі ӛмірдегі оқиғалар ӛз 
уақытымен алға қарай жылжып жатуының кӛрінісі. 
Осы мерзімдер жобалаушылардың уақытын 
белгілей білуі, қадағалай білуі және уақытты басқара білуі 
қажеттігін кӛрсетеді. Жобалауға әдетте бір емес, бірнеше 
адам топ болып қатысатындықтан олар ӛзара келісе білу, 
ортақ әрекеттер жасай білу, уақытты ӛлшей, есептей білу 
қажет болғанда кейбір тұстарын ӛзгерте білу, уақытқа сыя 
білу қажеттіктері де туындап отырады. 
Ал, ӛмірдің заңдылығына сәйкес әрбір әрекет үшін 
бӛлек уақыт берілмейтіні, барлық әрекеттер, соның ішінде, 
жобалар да бір уақытта орындалатын болғандықтан, 
оқушыларға 
мектеп 
қабырғасынан 
осы 
сапаларды 
қалыптастыру ӛте маңызды. Оны білім берудегі жобалау 
әрекеті барысында жүзеге асыруға әбден болады. 
Жобалау барысында кеңістіктегі әрекет, белгілі бір 
уақыт 
ішіне 
сыятын 
әрекет 
жасау 
дағдылары 
қалыптастырылады. Бірақ ол әр жастағы оқушыларда әр 
түрлі дамытылады. Мысалы, бастауыш сыныпта жобалау 
тапсырмаларын келесі сабаққа емес, келесі аптаға орындауға 
мүмкіндік берген дұрыс болады. Осындай жұмыстар арқылы 
оқушының ӛз жұмысын осы мерзімге дейін орындауды 
жоспарлауға үйретіледі. Егер осы аралықта ата–ана, аға–
апалары кӛмек беретін болса тіпті жақсы, бірақ оны барлық 
отбасылардан бірдей күтуге болмайтыны аян. 
Жобаны белгілі бір мерзімге созып бере отырып, 
педагог оның аяқталу мерзімімен қатар, аралық нәтижелерді 
анықтайтын уақытты да белгілеуі тиіс. Осы аралық 
тексерулер кезінде оқушы жобасындағы олқылықтар мен 
қиындықтар анықталады, үлгермей жатқан тұстары 
түзетіледі. Бұл сыныптардағы жобалар мен шығармашылық 
жобалар немесе микрожобалар түрінде ғана емес, белгілі бір 
пәнді оқыту барысындағы оқу материалдарын игеруін 
бақылау бағалау әрекеттері де жоба түрінде орындалады. 
Бастауыш сыныптағы жобалау әрекеттері осындай жеке 
тапсырмалар ретінде басталады. 


221 
Жоғары 
сыныптарда 
да 
жобалау 
арқылы 
оқушылардың ӛз уақыттарын меңгеру және оны басқару 
әрекеттеріне үйрету мақсаты қойылады. Соған орай, 
оқушылардың жобасы түгелдей оқушылар ғана қатысатын 
жоба болуы мүмкін емес. Оны үнемі мұғалім басқарып 
отырады, 
бірақ 
оны 
оқушылар 
байқамайтын 
етіп 
ұйымдастыра білу де шеберлікті қажет етеді. Сондай–ақ, 
кеңес беруге арналған арнайы уақыт та белгіленеді. Ол 
оқушыға кӛмек ретінде ұйымдастырылғанымен, мұғалім 
үшін мониторинг, яғни үнемі қадағалап, түзетіп отыру үшін 
қажет болады. 
Жобалау әрекетінің нақты мерзімде орындалуын 
қадағалау және талап ету ондағы шығармашылықты 
дамытуға кері ықпал етеді деушілер де бар. Әрине, педагог 
жобаны басқара отырып, қажет болған жағдайда қосымша 
уақыт бере алады, ал қажет болса қатаң түрде белгіленген 
мерзімде аяқтауды талап ете алады. Бұл жерде қабылданатын 
шешім түрлі жағдайларды ескеретіні сӛзсіз. 
Жобаның орындалу мерзімі бір–екі күннен 1 айға 
дейін, келесі тоқсанның аяғына дейін деп те жоспарланады. 
Бір тоқсан бойына орындау–бұл оқушылар жобасының ең 
ұзақ түрі. Бұл жағдайда жобалау бірнеше кезеңге бӛлінеді: 
жобалау идеясын құрастыру кезеңі; орындау кезеңі; 
күтілетін ӛнімді дайындау кезеңі. Әрбір кезеңнің ӛзі бір–бір 
жоба болады, ӛйткені, оның басталуы, жүзеге асырылуы, 
нәтижелік беруі. Әрбір кезең ӛз алдына бӛлек рәсімделіп 
отырады. 
Бірақ жоғарғы сыныпта жобалар жарты жыл 
кӛлемінде де созыла алады. Оның да аралық кезеңдері 
беріледі: жоба идеясын презентациялау, кеңес беру, алдын 
ала қорғау, қорытынды презентация. Қалай болғанда да 
жобалау барысында уақыт факторы ӛте маңызды рӛл 
атқарады.
Қорыта келгенде, жобалау әрекеті оқушыларды ӛз 
уақытын пайдалана білу, оны басқару қабілеттерін 
қалыптастыратын нақты әрі тиімді құрал болып табылады. 
Ӛйткені, жобалау әрекеті барысында оқушылар нақты уақыт 
ішінде ӛмір сүретінін, оны пайдалану қажеттігін түсіне 


222 
отырып, ӛз бойында жаңа сапалардың бірі–мәселені шеше 
білу қабілеттерін дамыта алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет