Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасын стратегиялық



Pdf көрінісі
бет50/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144
16. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасын стратегиялық 
басқару шараларының жүйесі
Мемлекеттік бюджет 
тапшылығынан арылу шаралары 
Өтпелі кезеңде экономиканы тұрақтандыру басқару өнерін 
көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республиканың 
экономикасын тұрақтандыру мақсатымен Үкімет 1990 жылы 6 
желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен бекітілген 
арнайы бағдарлама жасаған.


103
Осы бағдарламаға сәйкес тұрақтандыру шараларының бірі – 
мемлекеттік бюджет тапшылығын шектеу. Бұл үшін республикалық, 
жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта қарастыру 
ревизиясы жасалды.
Бюджет шығынын келесі баптар бойынша қарастырды:

өндірістік құрылысқа күрделі қаражатты азайту. Мемлекеттік 
жоспарлау тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы өндірістік бағыттағы 
объектілердің артықшылықты даму қағидасы сақталған. Бұл 
қағида экстенсивті экономикаға және оның әкімшілік-әміршілдік 
шараларына тән. Өндірістік бағыттағы өнімдер шығаруды 
күшейтуге көп көңіл бөлінді, ал әлеуметтік салаға деген салымдар 
ұлттық табыстан тікелей шегеріліп отырды деп санаған. Өндірістік 
бағыттағы салымдар ауыл шаруашылық салымдарының үштен 
екі бөлігін құрады. Өтпелі кезең жағдайларында және тек өтпелі 
кезеңде ғана емес, қаржылық ресурстарды басқарудың біржақты 
көзқарасы дұрыс емес; 

жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағыттылығын 
жоғалтқан қосымша шығындар, мерзімінде игерілмеген бөлінген 
қаражаттар;

бұрын 
қабылданған 
барлық 
инвестициялық 
бағдарламалардың күшін жою;

тиімсіз шығындарға жасалатын мемлекеттік ұйымның 
тексерісі;
Бюджет кірісін ұлғайтуда үлкен рөл атқаратындар:

мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер;

жергілікті өндіріс өнімдерінің кең шеңберлі айналымынан 
алынатын салықтар енгізілуі;

еркін бағалар бойынша импорттық тұтыну тауарларын 
сатудан түскен түсімнің айтарлықтай көбеюі.
Одан басқа, тұрақтандыру шараларының жиынтығына 
Үкіметтің инфляцияны тежеу және өндірістің тиімділігін көтеруге 
бағытталған саясатты жүргізу әрекеті кіреді. Дайындығы төмен 
объектілердің құрылысы уақытша тоқтатылады, отын және 
шикізат кен орындарын (аз қорлары бар) ұзақ мерзімді жалға беру, 
тұрғындарға сатуға және мұраға қалдыру құқығымен тұрғын 
үйлерді сатуды күрт жандандыру, кәсіпорын акцияларын өткізу 
жатқызылды.
Экономиканы басқару жүйесіндегі негізгі объектілердің бірі – 


104
нарықтың негізгі элементтерін басқару, яғни тұтыну нарығының 
қалыпты қызмет етуі. Үкімет тұтыну нарығын толтыру шаралар 
кешенін ұсынды және жүзеге асырды. Бұл мәселені шешудің басты 
көзі – барлық тауарлық ресурстардың ішінде басты орынды алуға 
тиіс меншікті өндіріс. Осыған байланысты көптеген мәселелерді 
шешуге болады: 

экономиканың тұтыну секторына бағытталуы;

бірінші кезекте тапшылық және техникалық күрделі 
бұйымдарды шығаратын мамандандырылған кәсіпорындарды құру 
негізінде тұтыну тауарлар өндірісінің қуатын тездетіп өсіру;

көп шығынды қажет ететін машина жасау кәсіпорындар 
профилін тұрғындар қажеттілігіне арналған өндірістік тауарларды 
шығаратын кәспіорындарға өзгерту;

қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялау;

республикааралық айырбасты дамыту;

үкіметтің халық тұтынатын тауаралар өндірісін дамытудың 
республикалық қорын құру;

сәйкес тауарлар тобы бойынша республикалық және 
жергілікті тауарлар резервін құру.
Қазақстан экономикасын басқарудың қалыптасып келе жатқан 
жүйесіне бірқатар өндірісті тұрақтандыру шаралары кіреді. Олар:

республика кәсіпорындары арасындағы қалыптасқан 
байланысты және республикааралық келісім шарттарды сақтау;

мемлекеттік тапсырыс жасау жолымен шаруашылық 
байланыстарды тікелей мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету 
(өндірістік-техникалық бағыттағы өнімнің жекелеген түрдері 
бойынша; ғылыми зерттеулермен әзірлемелерді жүргізу; азық-
түлікті және басқа да тағамдық емес тауарларды жеткізу);

өз кінәсінсіз қиын жағдайдағы кәсіпорындарға уақытша 
қаржылық көмек көрсету үшін арнайы тұрақтандыру қорларын 
құру. Тұрақтандыру қорлары бюджеттік қаражаттардан, сонымен 
қатар, облигация, лотерея, т.б. сатудан қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет