23
Екіншіден, фирма өнімде бәсекелестік басымдылықты
жасаудан басқа, оның нарықтағы орнын, өз өнімінің бәсекелестік
басымдылығын жасауға әрекет ете алады. Бұл сатып алушыны
тағайындау есебінен немесе басқаша айтқанда, нарық бөлігін
монополизациялау есебінен жеткізіледі. Мұндай жағдай нарықтық
қатынастарға қарсы келеді. Себебі мұнда сатып алушы таңдау
мүмкіндіктерінен айырылады. Алайда айқын тәжірибеде көптеген
фирмалар өзінің өнімі үшін осындай басымдылықты жасауға емес,
сондай-ақ оны жеткілікті ұзақ ұстап қалу сәтті болады.
Стратегиялық басымдылықтарды жасаудың үш стратегиясы бар.
Бірінші стратегия – бұл бағадағы жетекшілік. Бұл стратегия кезінде
өнімді жасау мен өндіру кезінде фирманың назары шығындарда
болады. Баға басымдылықтарын жасаудың негізгі көздері мыналар:
жиналған тәжірибе негізінде істі тиімді жүргізу;
•
өндіріс көлемінің өсу кезінде өнім бірлігіне шығынды
төмендету есебінен масштабта үнемдеу;
•
әр түрлі өнімдерді өндіру кезінде пайда болатын синергиялық
әсер есебінен шығындарды төмендету нәтижесі ретінде әр түрлілікті
үнемдеу;
•
жалпы фирмалық шығындардың төмендеуіне мүмкіндік
беретін ішкі фирманың байланыстарын оңтайландыру;
•
таратушы желілер мен жеткізу жүйесін интеграциялау;
•
уақытында фирманың қызметін оңтайландыру;
•
жергілікті ерекшеліктерді пайдалану есебінен шығындардың
төмендеуіне жетуге мүмкіндік беретін фирманың қызметін
географиялық орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: