Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Психологиялық қызметті ҧйымдастыру



Pdf көрінісі
бет126/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

 
14.3. Психологиялық қызметті ҧйымдастыру 
 
Қазіргі кезде, мҥмкіндігі шектеулі балаларға арналған, 
әртҥрлі 
диагностикалық 
орталықтар, 
психологиялық-
педагогикалық 
және 
дәрігерлік-әлеуметтік 
реабилитация 
орталықтары мен психологиялық-педагогикалық коррекция 
кабинеттері т.б. қызмет етеді. Аталған мекемелердің қызметі, ҥш 
негізгі мәселені қамтиды. Бірінші орында – білім бағдарламасын 
меңгеруде, қиындық кӛретін балаларға кӛмек беру; екінші орында 
– әр баланың ерекшелігіне қарай, дара-психологиялық, 
педагогикалық, әлеуметтік, дәрігерлік, заңгерлік қолдау жасауды 
жҥзеге асыру; ҥшінші орында – білім беру мекемелерінде, 
баланың дамуына ықпал ететін, анағҧрлым қолайлы жағдайлар 
туғызу.
Психологиялық қызметке жеке тоқталатын болсақ, білім 
беру мекемелерінде, алғашқы практик-психолог мамандар ХХІ ғ. 
80-жылдарында ғана пайда болды.
Қазіргі кезде, психолог мамандар 90-жылдары жасалған, 
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі, 
психологиялық қызмет моделі бойынша жҧмыс істейді 
(Қҧраст.Тынышбаева А. А. , пс.ғ.к., доцент, Ы. Алтынсарин ат. 
Қазақ Білім Академиясы ҒЗИ)
«1.1. Білім берудегі психологиялық қызмет (әрі қарай 
Қызмет) Қазақстанның білім беру жҥйесіндегі балалардың, 
жасӛспірімдер мен жастардың қарқынды психикалық дамуын, 
қабілеттерінің дамытуын, мҥмкіндіктерінің жҥзеге асуын, әртҥрлі 


256 
ауытқулардың, қҧқық бҧзушылықтың алдын-алуды, сондай-ақ, 
реабилитацияны қамтамасыз ететін қҧрылымдық бӛлігі болып 
табылады.
1.2. 
Қызметтің 
қҧрылымдық 
буындары, 
Қазақстан 
Республикасындағы әрбір білім беру мекемесінде бар 
(балабақшалар, әртҥрлі типті мектептер, бадалар ҥйлері, 
интернаттар, орта кәсіптік оқу орындары, жоғары оқу орындары 
т.б.). Білім басқармасы органдарында, психологиялық қызмет 
бӛлімдері жҧмыс істейді. Әртҥрлі деңгейдегі психологиялық 
қызмет 
орталықтары, 
Қазақстан 
Республикасы 
білім 
мекемелерінің жалпы тізіміне кіреді.
1.3. Психологиялық қызметтің жҧмысы, халықаралық және 
қазақстандық балаларды қорғау мен дамыту заңдары мен 
актілеріне негізделеді. Қызмет ӛз жҧмысында, Қазақстан 
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативті 
қҧжаттары мен актілерін, бҧйрықтары мен ережелерін 
басшылыққа алады.
«Психологиялық қызметтің міндеттері:
- баланың әр жас кезеңіне сәйкес, жеке тҧлғалық және 
интеллектуалды дамуына қолдау кӛрсету, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-
ӛзі тәрбиелеу қабілеттерін қалыптастыру;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде, әр балаға 
дара кӛмек беруді қамтамасыз ету;
- баланың интеллектуалды және жеке тҧлғалық дамуындағы 
ауытқулдардың алдын алу және жою;
- балалар мен жасӛспірімдерде кездесетін, делинквентнтті 
(қҧқықбҧзушылық) және аддиктивті (ерте жастағы маскҥнемдік 
пен нашақорлық) мінез-қҧлықтың алдын-алу және жою;
- балалар мен жасӛспірімдердің әлеуметтік бейімделуін 
қамтамасыз ету.
Қызмет негізгі ҥш бағыттан тҧратын, біртҧтас жҥйе ретінде 
жҥзеге асады:
- ғылыми-зерттеушілік (заманауи білім беру жҥйесінде, 
кәсіби-психологиялық 
әдістер 
мен 
тәсілдерді 
даярлау 
мақсатында, баланың әлеуметтенуі заңдылықтарын, психикалық 
дамуы мен жеке тҧлғасының қалыптасуын зерттейді);
- әдістемелік (психологиялық білімдерді оқыту мен тәрбие 
ҥдерісінде, қосымша әдістер ретінде қолдануды қамтамасыз етеді, 


257 
дамыту бағдарламалары, оқу бағдарламалары, мамандар даярлау 
бағдарламалары 
тәрізді, 
дидактикалық-әдістемелік 
материалдарды есепке алады);

практикалық (білім беру мекемелерінде, арнайы 
психологиялық кабинеттер мен орталықтардағы, психолог 
маманның жҧмысын қамтамасыз етеді).
Жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысы, ӛзіне тән 
міндеттерді шешеді, мамандардың біліктіліктеріне сәйкес, жҥзеге 
асады.
Қызметтің 
негізгі 
тҥрлері 

психопрофилактика, 
психодиагностика, дамыту, коррекция және кеңес беру»
1
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет