92
бірақ бҧл кӛрсеткіш жеткіліксіз болып саналады. Оқытудың
нәтижелілігі,
оның
балаға
бағдарлама
материалын
меңгертетіндігімен
ғана
емес,
баланы
жалпы
дамыта
алатындығында болуы тиіс.
Мҧндай
дамытушылық
ықпалды,
диагностикалық
әдістемелердің кӛмегімен анықтауға болады.
Арнайы психология, сонымен қатар, кемшіліктердің орнын
толтыру (компенсация) мәселесімен айналысады. Оның ішінде,
алғашқы және туынды кемістіктердің пайда болу уақытына кӛңіл
аударылады
Оларға жататындар: жеке психикалық қызметтердің
кемістіктері, жоғары психикалық қызметтердің қалыптаспауы,
жеке тҧлғалық дамудағы ауытқулар. Мҧндай кемістіктерді
арнайы психология ғылымынан және психокоррекциялық
әдістемелерден толық хабары бар, психолог мамандар тҥзете
алады. Қазіргі кезде арнайы мекемелердің барлығында,
психологиялық қызмет жҥйесі кеңейтіліп келеді, онда практика
психологтар қызмет атқарады»
1
.
Арнайы психологияның маңызды міндеттерінің бірі ретінде,
арнайы мекемелерде және интеграцияланған жҥйеде оқитын
балалардың, психикалық дамуының динамикасын зерттеуді,
сондай-ақ,
олардың
әртҥрлі
жағдайларға
бейімделу
ерекшеліктерін зерттеуді атауға болады. Бейімделу мәселесі
психикалық және физикалық кемістігі бар, ересек адамдарға
қатысты болып саналады. Арнайы білім мен кәсіби даярлық
алғаннан кейін, кӛп жағдайда, олар әлеуметтік бейімделу мен
қоғамға интеграциялану қиындықтарына кезігеді.
Жоғарыдағы мәселелердің бәрі жеткілікті зерттелмеген,
болашақта толық зерттеуді қажет ететін мәселелер.
Достарыңызбен бөлісу: