Әлеуметтік жобалау даму барысында мәдениет пен ғылымға қатысты ерекше қатынастарымен сипатталады. Мысалы, О. И. Генисаретский мәдени үдерістерді тиімді басқаруда әлеуметтік жобалауға сүйену арқылы мәдениеттің әлеуметтік қызметін жетілдіру, рухани мәдениетті әлеуметтік-мәдени жүйенің дербес саласына айналдыру мүмкін болады дейді.
Осылайша, жобалау феномені мен оның дамуын тек басқару тұрғысынан ғана емес әлеуметтік-мәдени кӛзқарастар тұрғысынан қарастыру қажеттігіне назар аударылуда. Мысалы, жобалау барысында мәдени үдеріс бізге тәуелсіз күйінде емес, біз ықпал ете алатын объект жағдайында қарастырылады, бірақ бұл жерде біздің әрекетіміз-жобалар мен бағдарламалар - сол объектінің табиғатына сай болуы міндетті - дейді. Бұлар жобалаудың бүгінгі педагогикалық парадигмасына сәйкес келеді және әлеуметтік дамудың абстарктілік болашағында емес, әрекеттің жақын даму аймағында орындауға толық мүмкіндігі бар қызмет деуге негіз болады.
Жобалаудың әлеуметтік-мәдени тәсілдеріне тән белгілері:
әлеуметтік-мәдени тәсілдер конструктивті және нақты болуы тиіс;
әлеуметтік-мәдени тәсілдер тұтас объектіге дербес бағытталып, жобалау амалдарының кӛп варианттылығы мен мүмкіндіктерін кӛбейтеді;
әлеуметтік құбылыстар жай ғана қайта құру объектілері болып қарастырылмайды, сондықтан үдеріске тартылған әрбір адам ұжымдық әрекеттің белсенді қатысушысы болып табылады және әрбір субъектімен тығыз байланыста болады.
әлеуметтік-мәдени тәсілдер ӛз объектілері мен субъектілері қатысатын үдерістерді ӛмір сүру ортасынан бӛлек қарастырмайды, ол нақты қалыптасқан тарихи ортадағы әлеуметтік үдеріс пен құбылыс тұрғысынан зерттеледі.
әлеуметтік-мәдени тәсілдер мен оған қатысты жобалау әрекеттері кӛп вариантты, ӛзгермелі болады, және үдеріс барысында да пайда болған жағдайларды есепке алу арқылы жаңа жобалық шешімдер қабылдануы, басқа нұсқаларды негізге алуды да жоққа шығармайды.
әлеуметтік-мәдени тәсілдер әлеуметтік саясат, бағдарламалар, жобалаулар механизмдері негізінде жүзеге асырылады, олар ӛз кезегінде ұйымдастырушылық, басқарушылық, инновациялық бағдарламаларды қажет ете алады. Бұл жағдайда әрбір әлеуметтік-мәдени тәсілдің тиімді қызмет етуі соған сәйкес технологияны жүзеге асыруға байланысты болады.
әлеуметтік-мәдени тәсілдер біртекті процедура емес, ол бағдарламалық әрекеттердің сценарийін құрастыруды қажет етеді. Мысалы, жүйені жаңарту қажет болса, оны түгелдей ӛзгерту ме әлде жартылай жаңарту ма немесе бұрынғы жүйе сипатына қайта оралу ма, нақтыланып алынады, сӛйтіп, барлық әрекеттер мақсатқа сай құрылады.
Осы жерде жаңарту - модернизациялау түсінігін нақтылайтын болсақ, түгелдей жаңарту үшін - алдыңғы қатарлы мәдени үлгіге бағытталу, оны құрастыру және жүзеге асыру бағдарламасын жасау, ресурстарын айқындау, орындалуын қамтамасыз ету әрекеттері жасалады. Ескеретін нәрсе, түгелдей жаңарту бағдарламасы реформаны жақтаушы күштер мен қоғамды жаңартуға мүдделі элиталарға сүйенеді.
Жартылай жаңарту таңдалған жағдайда бірнеше факторларды назарға ала отырып, инновациялық ұсыныстарға түзетілулер жасалады. Ол факторлар қатарында: тарихи жағдайлар, дәстүрлер мен құндылықтар, түрлі топтар мүдделерін ескеру, ұжым дайындығы мен бейімділігін анықтау т .б. жатады. Бұл жерде назарға алынуы тиіс екі жағдай бар, олардың бірі - әлеуметтік амалдардың негізгі субъектілерінің белгілі бір деңгейдегі мәдениеті болуы, екіншісі, олардың жаңартуға бағытталған ӛзгерістердің қажеттігін түсінуі және қолдауы. Ӛтпелі кезең тұрғысынан алғанда жартылай жаңарту проблеманы шешудің дәстүрлі сипаттарымен де, түгел жаңартудың кейбір талаптарымен де мәмілеге келе алады, ӛйткені, ол бейімделу сипатын да кӛздейді.
Жобалау қызметін тиімді ұйымдастыруды қарастыратын болсақ, оны екі бағытта түсіндірушілер барын кӛруге болады. Біріншісі, нормативті болжау нақты әлеуметтік зерттеулерге сүйенетін болғандықтан, ол жобалау мен басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді десе, екінші бағыттағылар - жобалау барысында әлеуметтік ғылымға тым сүйенбеу керек деп есептейді.
Әлеуметтік жобалаудың негізгі бағыттары мен стратегияларын талдау, жобалау қызметінің түрлері туралы білімдерді нақтылайды. Жоғарыдағы екі бағыт та жобалау онтологиясы туралы ортақ түсінікке келе алады. Мысалы, дизайнды жобалауды алсақ, ол заттар әлемін түсіндіреді, ұйымдастырудағы жобалауды алсақ, ол-шешім қабылдау, әрекеттер жүйесі, басқару процедуралары, ақпараттар желісі сияқты ұйымдастырушылық түсініктерді береді. Аталған екі түрлі жобалау әрекетінде де әлеуметтік проблемалар шешіледі, әлеуметтік үдерістер жүреді, бірақ, біріншісінде заттық әлемдегі жобалау, екіншісінде ұйымдастырушылық жобалау әрекеттері орындалады.
Осыдан келіп, педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауды қарастырғанда да оның онтологиясына-әрекетке, ӛзара қатынасқа, педагогикалық жүйе мен талаптарға, педагогикалық ұйымдастыруға-басты назар аудару қажеттігі туындайды. Сӛйтіп, жобалау әрекетінің әлеуметтігін оның жобалау онтологиясы болуы қажеттігімен түсіндіре аламыз.
Дәстүрлі және дәстүрден тыс жобалау әрекеттерін қарастыратын болсақ, әдіснамалық тұрғыдан қарағанда олар қарама-қарсы ұғымды береді. Дәстүрлі сипатта жобалау мен оны құрастыру, дайындау үдерістері бір-бірінен ажыратылады, жобалау объектісінің барлық қызметтері белгіленеді, олар морфологиялық құрылымына сәйкес жоспарланады, ең соңынан, жобаланған объектіге қажетті техникалық конструкциялар жасалады.
Ал, дәстүрден тыс жобалау әрекеттері үшін дәл осы амалдардың барлығы да орындалуы шарт емес, оның негізгі сипаттамасын былайша бере аламыз:
− жаңа объект не объектінің жаңа сапасының идея түрінде ойластырылуы;
− берілген идеяны талдау, синтездеу, құрастыру, үйлестіру, нақтылау процедуралары негізінде жоба құрастыру;
− жобаны жүзеге асыруға дайындық;
− жобалау онтологиясы (жобаның тәжірибедегі әрекеттермен байланысы, ғылыммен қарым-қатынасы,
құндылықтарға қатынасы, т.б.)
Әлеуметтік жобалаудың әлеуметтік жоспарлаудан, әлеуметтік бағдарламалаудан, мақсаттық–бағдарламалық әдістен айырмашылықтары қандай десек, тәжірибеде олардың барлығы да араласып, тіпті ӛзара біріктіріліп те келетіні белгілі. Шын мәнінде, басқару ғылымының онтологиясында жоспар жобаның бір түрі деп, ал мақсаттық – бағдарламалық әдісте жоспарлаудың бір түрі деп те қарала алады, ӛйткені, олардың барлығы да белгілі бір құрылымға негізделіп, жүзеге асыруды кӛздейді. Сӛйте тұра, нақты ерекшеліктері де бар, ӛз онтологиясына сәйкес, жоба тұтас объектіні қарастырады, оның құрылымы мен қызметін сипаттайды. Жоспар ӛз объектісінің белгілі бір уақыт аралықтарында орындайтын қызметтерін белгілей отырып, оның келесі жағдайға ӛтуін кӛздейді, ал бағдарлама белгілі бір объектінің бір сападан екінші сапаға ӛтудегі алгоритмделген тапсырмаларды білдіреді. Мақсаттық – бағдарламалық әдісті бағдарлама мен жоспардың ӛзгеше жүйелік – құрылымдық нұсқасы деуге болады.
Әлде де нақтылай түсу үшін жобалаудың тағы бір сипатына тоқталу қажет, атап айтқанда, әсіресе дәстүрден тыс жобалау әрекеті барысында ғылыми-зерттеулер жүргізу, инженерлік есептеулер, жоспарлау мен бағдарламалау элементтері үнемі қолданылады. Осы сияқты бағдарламалау барысында да осындай әрекеттер жүргізіліп отыратыны белгілі. Бірақ, оны жобалаудың ғылыми зерттеушілікке, бағдарламаның жоспарлауға айналуы дей алмаймыз, ӛйткені, әрбір әрекет ӛз үдерісінің кезеңдері мен құралдары ретінде басқа сапалардың белгілерін пайдалана алады. Сондықтан, жобалауды жоспарлаумен немесе бағдарламамен ғана түсіндіруге болмайды.