Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 ббк 74. 00 Б 29



бет22/114
Дата02.05.2023
өлшемі1,04 Mb.
#88815
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114
Байланысты:
ворд турде bahisheva-ped-jobalau

Педагогикалық мақсат қою – бұл мақсатты құрастыру үдерісі, ӛте жауапты логикалық–құрастырушылық жұмыс. Ол келесі алгоритм бойынша орындалады: қалыптасқан жағдайды талдау – қажетті нормативтік құжаттарды ескеру – олардың негізінде қанағаттандырылуы тиіс мүдделер мен қажеттіктерді белгілеу–осы мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін күштер, ресурстар мен мүмкіндіктерді анықтау–берілген ресурстар мен күштерді жұмсау арқылы қанағаттандырылатын ең тиімді мүдделер мен қажеттіктерді анықтау – мақсат құрастыру, яғни, мақсат қою.
ҚР Білім туралы Заңының 11-бабында «білім беру жүйесінің мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп кӛрсетілген.
Білімділік – тұлғаның игерілген әлеуметтік тәжірибесін пайдалана отырып, мәселелер класын, түрлерін ӛз бетімен шешуге қабілеттілігін кӛрсететін жалпы білім нәтижесі. Білімділік деңгейі тұлғаның ӛзі шешуге қабілеті жететін мәселелер класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар:

  • сауаттылық–оқу әрекетіндегі проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей ӛз әрекетін ұйымдастыра алу, ӛзге де білім үдерісіне қатысушылармен қарым–қатынас жасау проблемаларын шеше алуды да қамтиды;

  • функционалдық сауаттылық– қоғамдық ортадағы әлеуметтік рӛлдерді (оқушы, тұтынушы, қызметкер, клиент, азамат, отбасындағы, жолдастар арасындағы, қызмет бабындағы рӛлдер, т.б.) жүзеге асыру мәселелерін шешуге қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі.

  • құзыреттілік–ӛмірлік және кәсиби жолын

таңдаудағы мәселелерді шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Оның негізгі компоненттері:
Білім беру сапасындағы ӛзгерістердің бағыттары:

  1. Білім берудің жаңа нәтижелеріне жету–ол білім нәтижелерінің жаңа компоненттері тұлғалық, метапәндік және пәндік нәтижелерді меңгеру негізінде жүзеге асырылады;

  2. Мектеп бітірушілердің білімділік деңгейінің ӛзгеруі–қарапайым сауаттылық, функционалдық сауаттылық, құзіреттіліктер;

  3. Білім беру әрекеттеріндегі табысты болу масштабының ӛзгеруі, табысты болу аумағының ұлғаюы, табысты білім әрекеттерін игерген оқушылардың санының кӛбеюі, оқушылардың дербес жетістіктерінің кӛбеюі;

  4. Қоғам дамуына сай оқушыларды жаңа мәселелерді шешуге дайындау

  5. Қорыта айтқанда, білім беру нәтижесін ӛзгеруі оның деңгейіне ғана емес мазмұнына да байланысты.

Білім беру мақсатының ӛзгеру жағдайлары мен мүмкіндіктерін қарастырып кӛрейік. Біздің кеңестік тарихымызда мектепте білім беру мақсаты тұлғаның жан жақты және үйлесімді дамуы болып келді, бірақ ол декларативті түрдегі ұран күйінде қалып, шын мәнінде, негізгі мақсат пәндік білім нәтижелері болып әлі күнге дейін қалып отыр. Ал пәндік білім нәтижелерінің кӛрсеткіші ретінде әр пәннен алған білімдерінің жиынтығы, есептер шығара білуі, тарихи даталарды есте сақтауы алынады.
Білім жүйесін жаңғырту жағдайында негізгі мақсаттар ретінде метапәндік, пәннен жоғары жетістіктер – оқушылардың оқу тапсырмаларын орындаудағы және танымдық түріндегі ғана емес, ӛмірлік жағдаяттардағы саналуан мәселелерді шеше білуге қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған ұмтылыстар жасалуда. Оларды талдап кӛрейік:
Біріншіден, білім беру мақсаты-оқушыларды ӛз әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету, атап айтқанда, ӛз әрекетінің мақсатын қоя білу, жүзеге асыру құралдарын айқындай білу, шешім қабылдай білу, ӛзгелермен бірлесіп әрекет ете білу. Мұндағы тағы бір маңызды нәрсеоқушыларда оқу біліктіліктері мен оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Екіншіден, білім беру мақсаты – оқушыларды айналадағы құбылыстардың мәнін түсіне, түсіндіре білуге үйрету. Бүгінгі таңда оқушылар құбылыстарды сипаттауға және ол туралы белгілі бір ғылыми тұжырымдарды жаттап алуға үйретілуде.
Үшіншіден, білім беру мақсаты – оқушыларды дүниетанымдық, адамгершілік және азаматтық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ететін құндылықтар әлемінде ӛз бағытын таңдай алуына, ӛз тұрғысынан баға беру білуге үйрету.
Тӛртіншіден, білім беру мақсаты – оқушылардың бойында күнделікті кездесетін әлеуметтік рӛлдерді (оқушы, талапкер, тұтынушы, қарым-қатынас субъектісі т.б) дұрыс орындауға қажетті функционалдық біліктіліктерді қалыптастыру. Егер, мақсат осылай қойылатын болса, онда қазірге дейін басты мақсат болып келген «мектепте оқушыларды болашақ ӛмірге дайындау керек» ұраны ӛз күшін жойып, мектепте оқушылардың ӛз әлеуеттерін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әрекеттер түрлерін игерудің нақты бағдарламасына кӛшуге болар еді. Бұл мақсатты орындау үшін оқу пәндерін және оның белгілі бӛлімдерін игерудегі қалыптасқан мақсат қоюшылық бағыттардың ӛзгертілуі, пәндердің интеграциялануы қажет болады.
Бесіншіден, білім беру мақсаты- оқушылардың бойында түрлі саладағы түрлі әрекеттерді орындауға негіз болатын универсалдық түйінді дағдыларын қалыптастыруға бағытталады, бұлар қазіргі кезде түйінді құзыреттіліктер деп аталып жүр. Түйінді дағдыларды (әр жерде түрліше атайды) қалыптастыру кӛптеген елдерде жүзеге асырылуда, оларда бұл дағдылар жиынтығы жұмыс берушілердің білім беру жүйесіне әлеуметтік сұранысын кӛрсетеді. Бұл дағдылар немесе құзыреттіліктер біздің түсінігіміздегі білім беру жүйесіне қойылатын талаптар ретінде емес, еңбек нарығындағы жағдайларды зерттеу және алдын ала болжау нәтижесінде жасалады және олар жастардың қай деңгейдегі білімі еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатынын кӛрсетеді.
Алтыншыдан, білім берудің тағы бір мақсаты- оқушыларды кәсіби білім алуға даярлау. Оның мәні, әрине, бізге үйреншікті түсініктен мүлдем бӛлек, ол тек қана Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындау әрекеттері ғана емес. Кәсіби білім алуға даярлау бүгінгі еңбек нарығында да, білім беру қызметтерін кӛрсету нарығында да ӛз бағдарын нақты айқындап алу, ӛзінің білім алу траекториясын құрастыра білу, шешім қабылдауға бел байлай білу. Бұл мақсат бӛлек пәндерді игеру аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін емес, оған пәнаралық тұрғыдан келу қажет болады.
Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін факторларды былайша белгілеуге болады:

  • білім беру мақсаты, бұл жерде білім беру мақсаты ретінде білім беру үдерісінің мақсатқа бағытталғандығы, білім беру үдерісіне қатысушылардың құндылықтық бағдары алынады;

  • білім беру мазмұны немесе білім беру жүйесіндегі бекітілген стандарттар;

  • білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, білім беру технологияларының қолданылуы.

Осыған қоса, біздің ойымызша, жоғарыда аталған барлық факторлардың басын біріктіретін - нақты білім беру жүйесінің ұйымдық мәдениеті, бұл фактор білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынасымен, қалыптасқан құндылықтарымен анықталады.
Ӛзіндік білім алуға мүмкіндік беретін субъектілік компоненттері іс жүзінде толығымен пайдалану үшін, оның әр компонентінің мақсаттары жалпы жүйенің мақсатына сәйкес келтірілуі қажет.

Сурет 4 − Білім берудегі мақсаттар жүйесінің үлгілік құрылымы
Осыған сай, білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін, оқыту жүйесін, барлық деңгейлердегі басқару жүйесінің мақсаттары бір арнаға тоғысып, субъектінің ӛзіндік дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Оны жоғарыдағы 4 -суретте берілген мақсаттар жүйесі ретінде кӛрсетуге болады.
Қоғам дамуының қазіргі ақпараттық кезеңдегі жағдайлар, адам проблемасын тарихи, әлеуметтік, шығармашылық субъектісі ретінде алдыңғы орынға шығарып, осы ӛзгерістерге сай білім берудің рӛлін тиісінше бағалау қажеттігі педагогиканы басты ғылымдар қатарына қойып отыр. Бүгінгі таңда педагогиканың нысанасы ретінде әртүрлі оқу-тәрбие жүйелері алынып, ал оның пәніне әлеуметтік белсенді, шығармашылық тұлғаның ӛздігінен ӛмір бойы білім алуы белгіленіп жүргені белгілі. Адамның ӛзіндік дамуын қамтамасыз ететін тұтас жүйе жасауға деген қажеттіктің бүгінгі таңда ерекше кӛкейтестілігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму талаптарынан туындап отыр. Сондықтан, педагогикалық жобалау жүйенің жалпы мақсатына бағытталып, ондағы мақсат иелері ӛздігінен білім алушы субъектілер болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет