Жобаны құрастыру – білім беру үдерісіне ендірілетін өзгерістерді және оның нәтижелерін жобалау; Басқарушы және педагогтарды педагогикалық үдеріске ендірілетін өзгерістерге теориялық, әдістемелік және психологиялық даярлау, жобаланған өзгерістерді қоғам тарапынан қолдау ісін ұйымдастыру немесе жобатуралыкелісімге келу;
Жобаны нормативтік, ұйымдастырушылық, материалдық және қаржылық қамтамасыз ету;
Білім беру үдерісіне шағын өзгерістер ендіру (білім жүйесінің белгілі сатыларына ғана, немесе, жеке пәндерді оқыту көлемінде, т.б.)
Білім беру үдерісіне жүйелі өзгерістер ендіруге көшу, немесе жобаныжүзегеасыру; Белгілі кезеңдерде қол жеткен нәтижелерді талдау, басқару және әдістемелік шараларға түзетулер мен толықтырулар ендіру, педагогикалық үдерістің сапасын өзгертудегі перспективалық бағыттарды анықтау немесежобанықорыту. Бұл кезеңдер де өзгертіле алады, әр кезеңнің ұзақтығы да әр түрлі болу мүмкін, сонымен қатар әрекеттер түрлі болатыны сөзсіз.
Даму бағдарламасын құрастыруда төмендегі талаптардың орындалуы қамтамасыз етілді:
біріншіден, педагогтардың, ата-аналардың, білім алушылардың оны құрастыруғақатысуыаталған бағдарламаның шын мәнінде білім беру ұйымын дамыту құралына айналуына мүмкіндік береді;
екіншіден, бағдарламаның жүйелілігін қамтамасыз ету, оның мақсат міндеттері мен жүзеге асырылу құралдарының өзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз болады;
үшіншіден, бағдарламаның орындалу барысы туралы ұжымды, ата-аналарды және білім алушыларды, сыртқы ортаны хабардаретіпотыруміндетті болып табылады. Оның формасы ретінде білім беру мекемелерінің көпшілікке ұсынылатын есеп ретіндегі баяндамасын алуға болады.
Бағдарламалардың нұсқаларын екі негізгі топқа біріктіруге болады. Олар: жаңаталаптарменіс-әрекеттердіорындауғабағытталғанбағдарламалар;педагогтардыңинновациялықәрекеттерінқолдауғабағытталғанбағдарламалар. Сонымен қатар, тәжірибеде осы нұсқалардың араласқан түрін білім беру нәтижелерін көтеру үдерісін басқаруда кездестіруге болады.
Бағдарламаның білім беру үдерісін жаңаша құрудағы негізгі бағыттары белгіленіп, олар бөлімдер ретінде ұсынылды:
Жаңабілімберустандарттарынакөшудіұйымдастыру:
Оқу жоспарының варианттарын таңдау.
Пәнаралық нәтижелерге бағытталған жұмыс жоспарларын құрастыру.
Оқу үдерісін жоспарлау.
Оқу тәртібін белгілеу.
Сабақ кестесін жасау.
Білім беру технологияларына өзгерістер енгізу.
Оқулықтардың пәндік-әдістемелік түрлерін таңдау.
Бейіндік оқытуды ендіру.
Желілік қарым–қатынасты орнату.
Элективтік таңдау және факультативтік курстарды таңдау және мазмұнын құрастыру.
Білімберуүдерісінжаңашаұйымдастыру:
Білім алушылардың қорытынды және аралық бақылау жүйелеріне өзгерістер енгізу.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау.
Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау.
Функционалдық сауаттылық пен түйінді құзыреттіліктерді бағалау.
Білім беру үдерісінің мектепішілік сапалық көрсеткіштерін анықтау.
Мектептіңжаңашаұйымдастырылусапасы: Жаңа қарым-қатынас талаптары.
Білім берудің әртүрлі жүйелерінің орынды пайдаланылуы ( өз бетімен білім алу, қосымша білім беру, шығармашылық тәжірибелер, т.б.).
Өзін - өзі басқару ұйымдары.
Педагогикалық үдеріске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің үйлесімді сақталуы.
Педагогикалық және әлеуметтік бастамаларды қолдау.
Әлеуметтік жобалау.
Білім берудің нәтижелеріне қоғамдық сараптама жасалуы және мектептің қоғамдық аттестациялаудан өтуі.