Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Кҥрделі кемістігі бар балалардың жеке тҧлғалық



Pdf көрінісі
бет87/139
Дата14.09.2023
өлшемі1,6 Mb.
#107534
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   139
 
8.8. Кҥрделі кемістігі бар балалардың жеке тҧлғалық 
қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы 
 
Жеке тҧлғаның қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы, 
бҧл балалардың кҥрделі сенсорлық кемістіктеріне байланысты 
ӛзінше дамиды. Баланың дамуына қамқорлық жасауды, тек оның 
танымдық мәселелерін шешуге бағыттау дҧрыс емес. Кҥрделі 
сенсорлық бҧзылу жағдайында, баланың жеке тҧлғалық дамуында 
масыл болуға бейімділік, ӛзімшілдік сияқты жағымсыз қасиеттер
---------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.401. 


167 
қалыптасады. Жеке тҧлғаның бҧлай даму қаупінің себептері 
әртҥрлі.
Біріншіден – бҧл кҥрделі бҧзылумен тікелей байланысты 
себептер. Балалардың даму кемістіктері, оларды ҧжымнан, 
сыртқы ӛмірден бӛлініп қалуға мәжбҥр етеді. Бҧл ӛз кезегінде, 
міндетті тҥрде, екінші даму кемістігін туғызады. Адамдардың кең 
әлемімен, әлеуметтік және эмоционалды қарым-қатынастары 
бҧзылады, бҧрмаланады және әлсірейді. Бҧдан басқа, балалар 
кҥнделікті тҧрмыстық жағдайларда, басқалардың кӛмектеріне 
тәуелді, тҧрмыста қажетті дағдылардың қалыптаспауы (ас 
дайындау, сауда жасау, кӛлікпен қатынау), ӛз таңбасын салады. 
Осыдан келіп, балада ӛмір сҥрудің енжар, тіпті басқаға масыл 
болу ҧстанымы қалыптасуы мҥмкін. Бҧл ӛзімшілдіктің дамуына 
қолайлы жағдай тудырады, басқа адамдардың мҥдделерінен 
алыстау, ӛзінің ғана қажеттіліктері мен мҥдделерін алдыңғы 
орынға қою қалпы орнығады.
Екіншіден, қоршаған ортадағы адамдардың балаға деген 
кӛзқарасына 
байланысты. 
Әдетте, 
балалардың 
жақын 
туыстарында, оның ауыр кемістіктеріне байланысты, шамадан 
тыс аяушылық, алаңдаушылық сезімдері болады. Шамадан тыс 
аяу, алаңдау сезімдері кері әсер етеді. Балаға қойылатын талаптар 
кҥрт тӛмендейді, ал оның іс-әрекетінің сәтті тҧстарын бағалау 
тым жоғарылайды, адекватты болмайды. Бала отбасындағы
ӛмірдің ең негізгі бӛлігіне айналады, отбасындағы ӛзге
мҥшелердің мҥдделері маңызды емес болып, кейінгі қатарға 
ысырылады. Демек, гиперқамқорлық ситуациясы туындайды. Бҧл 
жағдайда алынатын нәтиже – ол баланың ӛзін ӛзі бағалауы тым 
жоғары қалыптасады, кез келген қиындықтан басқалар қҧтқаруы 
тиіс деген ҧғым орнығады. Ал, енді бір жағдайларда, ата-аналар 
баланы оның науқасынан «қҧлан-таза» емдеп-жазу жолдарын 
қарастырады. Баланы ӛз жағдайына сай, ӛмірге бейімдеудің 
жолдарын 
іздестіру 
туралы 
ой, 
мҥлде 
ескерілмейді. 
Сәтсіздіктерден соң, кӛңілдері суынып, баланы мҥлдем 
қамқорлықтан тыс қалдыруы мҥмкін. Ӛкінішке орай, баланы ӛмір 
сҥруге бейімдеу, ҥйрету керектігін ҧмытады.
Ҥшіншіден, бҧл кҥрделі кемістігі бар балаларды оқыту және 
тәрбиелеу тәжірибесімен байланысты мәселелер. Олар ӛздерінің 
сау қҧрбылары тәрізді, заттық-тәжірибелік іс-әрекет барысында, 


168 
қоршаған орта туралы ӛз беттерімен мағлҧмат ала алмайды, ӛзі 
оқымайды, тәрбиеленбеді, керісінше оны ҥйретеді, оқытады және 
тәрбиелейді. 
Арнайы 
мектепке 
дейінгі 
және 
мектеп 
мекемелерінде, ауыр кемістігі бар бала ҥнемі ӛзі сияқты 
балалардың ортасында болғандықтан, ӛзінің кемістіктерін сезіну 
қажеттігі болмайды. Арнайы зерттеулер кӛрсеткендей, мектепке 
дейінгі және бастауыш сынып жасындағы саңырау және соқыр-
саңырау балалардың басым кӛпшілігі, ӛздерінің есту немесе кӛру 
кемістіктерін сезінбейді. Егер дер кезінде психологиялық-
педагогикалық кӛмек кӛрсетілмесе, олардың ӛз кемістігін сезінуі, 
жасӛспірімдік шаққа сай келеді, баланың рухани кҥйіне теріс 
әсер етуі мҥмкін. Бҧл оның жан-дҥниесіне ауыр соққы болмас 
ҥшін, 
алдын-ала 
психологиялық-педагогикалық 
кӛмек 
қарастырылуы қажет.
Жоғарыда аталғандардың барлығы, ең алдымен, танымдық 
мҥмкіндіктері кҥрт тӛмендемеген адамдардың ауыр кемістік
жағдайларына 
қатысты. 
Бірақ, 
бҧлардың 
арасында 
интеллектуалды қабілеттері тӛмен балалар жиі кездеседі. 
Мысалы, қҧрсақтағы дамуда, жҧқпалы науқастар нәтижесінде,
соқыр-саңырау болып қалған балалар, шала туған немесе т.б. 
себептері бар балалардың, айтарлықтай ми зақымдануы болуы 
мҥмкін. Ол балалардың қимыл-қозғалыс кемшіліктерінен немесе 
психикалық дамуындағы бҧзылуларынан байқалады. Мҧндай 
бірнеше даму бҧзылуы бар (сенсорлық бҧзылулар мен 
кемақылдықтың қабаттасуы) балаларды, арнайы мектептерде 
оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесі, тек қарапайым тҧрмыстық
дағдыларды дамытуда, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге 
болатынын кӛрсетеді.
Айта кетер жайт, бҧл балалардың басым кӛпшілігін оқытып-
ҥйрету, ӛте баяу қарқынмен жҥреді, оқыту барысында балалар 
қарым-қатынаста енжарлық пен селқостық танытқан, игерілген 
дағдыларды жаңа жағдайларда қолдануда қиындықтарға 
ҧшырасқан. Қиын жағдайларда, ӛзіне-ӛзі қызмет етудің (тазалық, 
ӛз бетімен тамақтану, киіну) қарапайым дағдыларын тҧрақты 
меңгерту ҥшін, 3 жылдай уақыт қажет болған. Мҧндай балалар, 
ӛмір бойы ӛзгелердің арнайы бақылауы мен қамқорлығында ғана 
ӛмір сҥре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет