49
әкімшілік-бақылау ғана кӛзделді. Одан кейінгі 50-70
жылдары дами бастаған ғылыми-техникалық прогресс кезеңі
ӛндірісті басқарудың жаңа технократиялық талаптарын
туғызып, қызметкерлердің тиімді қызметін қамтамасыз
етудегі, техникалық жаңалықтарды игерудегі біліктіліктерін
арттыру қажеттігі пайда болды. Бұл кезде еңбек
қатынастарының субъектісі, тұлға ретінде персоналды
басқаруға негізделген жаңа тұжырымдамалық мазмұн
қалыптасты.
Кесте 1 − ХХ ғасырдағы адам ресурстарына
кӛзқарастың эволюциясы
Кезеңдер
Басқару
тұжырымдамасы
Ұйымдардағы қызметкердің алатын
орны
20- 40
жылдары
Кадрларды
басқару
Еңбек етуші күш, «техника мен
машиналарға кӛмекші»
50- 70
жылдары
Персоналды
басқару
Еңбек қатынастарының субъектісі,
тұлға
80- 90
жылдары
Адам ресурстарын
басқару
Ұйымның басты стратегиялық
ресурсы
Ӛткен ғасырдың 80- 90 жылдары дамыған елдердің
жаңа экономикасына сай адам капиталын дамыту кез-
келген ұйымның басты стратегиялық ресурсы ретінде
қабылдай бастады.
Адам капиталы туралы теориялар алғаш рет Нобель
сыйлықтарының лауреаты Г. Беккер, Т. Щульц, т.б. белгілі
экономистердің зерттеулерінде қарастырылғаны белгілі.
Мысалы, Гарри Беккер «Адам капиталы: теориялық және
эмпирикалық талдау» еңбегінде адам капиталын
Достарыңызбен бөлісу: