Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет43/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

morphе
-
ұқсас құрылымдар арасындағы сәйкестік қасиеті ұғымы

туралы ережеге сүйену қажет болады. Құрылымдық 
компоненттерінің артықтығы да немесе жетіспеушілігі де 
жүйенің дамуына кері әсер ететіні есте болуы қажет. И. А. 
Колесникова, оны тірі организмдер жүйесімен ұқсастырады: 


112 
табиғат тірі организм бойында ұқсас қызметтер атқаратын 
немесе 
бәсекелес 
органдар 
болмайтыны 
тәрізді, 
педагогикалық жүйелердің ішінде де артық, бірін–бірі 
қайталаушы қызметтер атқаратын құрылымдар болуы тиіс 
емес. Әйтпесе, педагогикалық қызметке жатпайтын, 
бӛлекше, қолайсыз қатынастар қалыптасуға негіз қаланады.
Педагогикалық жүйелердің компоненттік құрамы 
белгілі бір мақсатты кӛздейтін жобалау қызметінің жүргізілу 
логикасын қамтамасыз етуге 
қажетті және жеткілікті
болуы тиіс. Компоненттер құрамына енгізілетін ӛзгерістер 
міндетті түрде негізделеді, оның себептері мен нәтижелері 
алдын ала нақтыланады. Соған сай, педагогикалық 
жүйелерді 
басқарудағы 
жобалау 
қызметі 
жүйенің 
құрылымдық толықтығын
ӛзгертпей, оған жаңа компонент 
қосылмайтындықтан қажетті және жеткілікті құрылымдық 
логикасын бұзбайды.
Жобалау – бұл, ең алдымен – ойлау қызметі, ӛйткені, 
оның барысында оймен болжам жасау, ойша құрастыру 
жүзеге асырылады. Жобалау «алға қойылған» деген ұғыммен 
түсіндірілетіндіктен, оны шешім қабылдау үшін алға 
қойылған
ойлау қызметі
деуге болады. Мысалы: адамның 
ӛзінің әрекеттерін басқаруда алға қойылған ойлау қызметі; 
бірлескен әрекеттерді орындауда ӛзге адамдарды тарту үшін 
олардың алдына қойылған ойлау қызметі, мәселенің 
шешілуіне ықпал ете алатын адамдардың алдына қойылған, 
ойлау қызметі ресурстық қамтамасыз ете алатын адамдардың 
алдына қойылған, ойлау қызметі жобалау нәтижелі болуына 
мүдделі адамдардың алдына қойылған ойлау қызметі, т.б.
Бұлардың барлығы да жобалаудың ойлау қызметімен 
байланысты екенін кӛрсететіндіктен, басқа адамдарға 
түсінікті құжат болуын талап етеді. Оның 
негізгі белгілері
:
− мәселенің нақты және кешенді қойылуы; 
− күнделікті атқаратын қызметтен бӛлек шектелуі; 
− айқын мақсаты болуы; 
− ресурстардың нақты жоспарлануы; 
− уақыттың (жобаның басталуы мен аяқталуы) дәл 
кӛрсетілуі; 
− ішкі ұйымдастырылу түрінің белгіленуі; 
− кімге арналғанының белгіленуі; 


113 
− 
нәтижелердің 
тиімділігін 
нақты 
тексеру 
ӛлшемдерінің болуы. 
Педагогикалық
 
жобалаудың 
заңдылықтарын 
қарастыруда
оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, 
жүйенің ӛмір
сүру және дамуы жағдайлары туралы 
түсініктерді ұғыну қажет. Сондықтан, жобалаудың ӛзіне тән 
заңдылықтары мен принциптерінің 
анықталуы және 
сақталуы тиіс. Мысалы, Ю. А. Конаржевский ұсынған 
басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын 
орындау 
түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, 
педагогтар 
мен 
білім 
алушылардың, 
ата-аналардың
белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл 
шешім қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті 
ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы 
мәселелерден хабардар болуында аса маңызды.
Жобалау қызметіндегі ізгіліктік кӛзқарас – адамдардың 
бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың ӛзін - ӛзі 
басқаруға жағдай туғызуы болып табылады. Ізгіліктік 
құндылықтарына сүйене отырып, басқару әр адамның 
ӛзіндік құндылығын, адами кӛзқарастарын дамытуды 
кӛздейді. Сӛйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым-
қатынастың орнығуына негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет