Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет44/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік 
ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы
: Дж. К. Джонстың 
зерттеулерінде олар: дәстүрлілік пен жаңашылдықтың 
байланысы мен тепе-теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму 
аймағын» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы 
адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда 
институциялануы, бекітілуі; белгілі бір әлеуметтік топтар 
мәселесін шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М. М. 
Поташник 
оларды 
жаңалықтық 
ұстанымы 
(мақсат 
міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі, 
басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағыттылық ұстанымы (белгілі 
бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағытталғандығы), 
жүйелілік принципі, сабақтастық ұстанымы, ғылымилық 
ұстанымы, 
технологиялылық 
ұстанымы, 
нақтылық 
ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық 
ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады. 


114 
Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын
ұстанымдарды құрайды. Біздің зерттеуіміз бойынша, 
педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда 
жүйелілік пен 
тұтастық, синергетикалық, мақсаттық
-
бағдарлылық, 
технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері 
байланыстық 
ұстанымдар жүйесі анықталды. 
Жүйелік пен тұтастық ұстанымы. 
Педагогикалық 
үдерістің жүйелік табиғатын басшылыққа алу оны тиімді 
ұйымдастырудың алғышарттарын құрауға негіз болады. Бұл 
педагогикалық үдерісті тұтас жүйе ретінде қарастырып, 
оның негізгі қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. 
Жүйенің интегративті сапасы ескеріліп, бір компоненттегі 
ӛзгерістер басқа компонент, не тұтас жүйенің ӛзіне ӛзгеріс 
енгізе алады. Сӛйтіп, жүйенің басқарудағы біртұтастығы 
жүйенің барлық компоненттерінің дамуына, тұрақтануына, 
нығаюына ықпалы болады.
Синергетикалық ұстаным. 
Бұл тұрғыдан алғанда, 
адамдар, әлеуметтік ұйымдар ашық және ӛзгеретін, 
сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы ӛзін-ӛзі дамытуға 
ӛзіндік мүмкіндігі бар жүйе. Осындай сапаларын атай 
отырып, педагогикалық жүйенің барлық деңгейлерінің де 
синергиялық қасиетін кӛруге болады. Жобалау әрекеті 
ӛзінің мүмкіндіктері, ресурстары арқылы білім алушылар 
мен педагогтардың ӛзіндік дамуы мен ӛзіндік білім алуын
ұйымдастыратын синергиялыққа негізделеді. Сӛйтіп, 
жобалауда 
синергетикалық 
принциптің 
сақталуы
педагогтардың, 
білім 
алушылардың, 
шығармашылық 
топтардың, сыныптың, білім беру ұйымының, т.б. ӛзін-ӛзі 
басқару негізінде дамуын қамтамасыз етеді.
 
Мақсаттық
-
бағдарлылық
ұстаным 
жобалаудың белгілі 
бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар 
жүйенің барлық компоненттеріндегі ӛзгерістер жалпы жүйе 
мақсатына сәйкес ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді 
қажет етеді. Бұл принцип сонымен қатар, мақсат қою 
барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттер 
негізінде жобалау талдау қызметін де қамтиды. 
Технологиялық ұстаным
 
жүйенің алдына қойылған 
міндеттерді орындаудың технологиялық реті құрастырылып, 
қажетті ресурстардың алдын ала анықталуын қамтамасыз 


115 
етеді. Технология талаптарына сай, қатысушылардың 
қызметтерін бӛлісу және оларды үйлестіріп отыру,
ұйымның мақсатына қарай жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл 
принцип жобалауға қатысушы адамдардың мақсаты мен 
жүйенің даму мақсатын сәйкестендіріп отыруға мүмкіндік 
береді; 
Құзыреттілік 
ұстанымы 
жобалауға
қатысушылардың мақсатты орындауға мүмкіндік беретін 
құзыреттіліктері болуын қажет етеді. Жобалау – ақпараттық, 
коммуникативтік, рефлексиялық әрекеттер арқылы жүзеге 
асырылады ӛйткені, жобалау барысында қамтылатын 
педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен 
жоспарлау қызметтері негізінен оған қатысушылардың 
құзыреттіліктеріне байланысты. Бұл құзыреттіліктер 
адамдарға ӛз тәжірибесінен байыптай, зерттей отырып, 
мәселелерді талдау, бағалау, арқылы нәтижелі қызмет 
жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет