159
Мысалы, педагогикалық жүйе ретіндегі дәстүрлі сабақ
үдерісін алатын болсақ, оның білімдік, дамытушылық және
тәрбиелікке негізделген мақсаты сабақтың құрылымдық
бӛліктеріне (тапсырманы тексеру, қайталау, жаңа тақырыпты
меңгеру, бекіту, қорыту) қатысты таратылады, яғни сабақты
әр бӛлігінің мақсаты айқындалады.
Педагогикалық жүйе ретіндегі еліміздің жалпы білім
беру жүйесі алынатын болса, оның мақсаты жоғары білім
беру жүйесі, техникалық-кәсіби білім беру жүйесі, жалпы
орта білім беру жүйесі, мектепке дейінгі білім беру жүйесі,
педагогтардың кәсіби біліктілігі арттыру жүйесі, т.б.
мақсаттарына қатысты декомпозицияланады.
Одан кейінгі кіші жүйелердің әрқайсысының ӛзіндік
мақсаттарына сай алынатын түпкілікті ӛнімді білдіретін
күтілетін нәтиже
белгіленеді. Мақсаттар жүйесінің
деңгейлері жүйенің күрделілігіне қарай тағы да одан да кіші
элементтерді қамтып, одан әрі сатылануы мүмкін.
Сондықтан,
шартты
түрде
аяқталған
Достарыңызбен бөлісу: