177
Жобалау
технологиясын
жүзеге
асыру
жоба
жетекшілері ретіндегі басқарушылардың үйреншікті іс-
әрекеттері
мен
қажеттіктеріне
ӛзгерістер
ендіреді.
Басқарушылардың арнайы дайындықтан ӛтуі кез келген
деңгейдегі семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау
технологиясын пайдалана отырып, мәселелерді анықтауда,
шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыра алуына
мүмкіндік береді.
Ӛйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау,
бағалау
ғана
емес,
педагогтардың
шығармашылық
белсенділіктерін кӛтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету
қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі
басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар
мен тренингтер жүргізіледі. Семинарларда жобалау
тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба барысында пайда
болған мәселелерді талдау, шешім қабылдау, жобалардың
жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады.
Бұл ӛзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан тӛмен
қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің
немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды
кӛздейтін жүйеаралық кӛлденең байланыстардың болуына
негізделеді.
Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің
негізгі
ерекшелігі–оларды
басқарушы
ғана
талдап,
қорытынды жасамайды, талдау мен шешім қабылдау
ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады.
Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін
кӛтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық
іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады.
Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың
іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында
орындалып, олар ӛз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі
қызмет
атқаруға,
ортақ
мүддені
іске
асыруға
қызығушылықтарын арттыратыны сӛзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: