Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет65/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

 
 
 
 


178 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
1.
Педагогикалық 
әрекеттерді 
жобалау
технологиясының кезеңдеріне сипаттама беріңіз. 
2.
Инновациялық 
үдерістерді 
жобалау 
технологиясына қойылатын талаптар. 
3.
Педагогикалық жобалауға дайындық мазмұны. 
4.
Педагогикалық 
ұжымның 
инновациялық 
мүмкіндіктерін дамыту жобасы негізінде оның 
барлық кезеңдерін қамти отырып, берілген үлгімен
ӛзіңіз 
үшін 
ӛзекті 
тақырыптағы 
жоба 
құрастырыңыз және оны топпен талқылыңыз. 
5.
Жобаны бағалау кӛрсеткіштерін жасап, ӛз 
жобаңызды бағалаңыз. 
6.
Жобалаудың дәстүрлі әдістемелік шаралардан 
айырмашылығын мысалдар арқылы ажыратыңыз. 
6. Педагогикалық ҧжымның даму бағдармаласын 
жобалау технологиясы
Жобалау әрекетінің нәтижесі мақсаттық-бағдарлы 
жобалармен қатар
ұйымның даму бағдарламалары
түрінде 
де жасалады. Оның құрылымы негізінен жобалардың 
құрылымына ӛте ұқсас келеді, бірақ мазмұны мен түрі 
жағынан айырмашылықтары бар.
Аталған бағдарламаны жүйелілік тұрғыдан құрастыру 
жоспарланған нәтиже мен оған жету жолдарының 
арасындағы ӛзара байланыстың
болуын кӛздейді. Даму 
бағдарламалары тӛмендегі мазмұнда құрастырылды: 

Бағдарлама мақсаты мен құрылымдық логикасын 
анықтау; 

Білім беру ұйымының, педагогикалық үдерістің 
мәселелерін диагностикалау жолдарын анықтау;

Білім беру ұйымының, педагогикалық үдерістің 
күтілетін жаңа сапасын белгілеу; 

Оған жету жолдарын анықтау;

Білім беру ұйымының, педагогикалық үдерістің 
дамуын басқарудағы мақсатты нақтылау; 


179 

Оны орындаудың нақты іс-әрекеттер жоспарын 
жасау;

Бағдарлама құрастырушылар тобын анықтау; 

Бағдарламаны жүзеге асыру және басқаруды 
жоспарлау; 

Бағдарламаның 
орындалуын 
кӛрсететін 
индикаторларды белгілеу. 
Бағдарлама құрастыру жұмысының нәтижесі – құжат 
ретіндегі даму бағдарламасын мәтіні. Оны құрастырудың 
ӛзіндік талаптары болады: құжатты оқитын, пайдаланатын, 
оның орындалуы мен реттелуін қадағалайтын адамдарды 
анықтау, сол арқылы құжаттың жазылу стилі, құрылымы, 
саны, сақталатын орны анықталады; құжаттың бекітілу 
деңгейін анықтау, мысалы, педагогикалық кеңес, басқару 
кеңесі, жалпы жиналыс, білім басқармасы т.б., бағдарлама 
негізіне жасалатын құжаттарды белгілеу, мысалы, жылдық 
жоспарлар, құрылымдар жоспарлары, кейбір нормативтік 
құжаттар. 
Бағдарламаның құрылымы оның идеясын, мақсатын, 
таңдаған даму бағдарын кӛрсетеді, сонымен қатар, тӛмендегі 
міндеттерді орындайды: 

бағдарламаның кімге арналғаны анықталады; 

білім беру ұйымының даму тұжырымдамасы 
нақтыланады; 

білім беру ұйымының жетістіктері талданып, 
мәселелері айқындалады; 

білім беру ұйымы дамуының ішкі ресурстарына 
баға беріледі; 

бағдарламаның 
теориялық 
негіздері 
қарастырылады; 

білім беру ұйымы қызметінің басым мақсаттары 
мен даму жолдары анықталады; 

даму 
міндеттеріне 
сәйкес 
жобалар 
құрастырылады; 

бағдарламаны орындау кестесі жасалады; 

бағдарлама жобасы сараптаудан ӛткізіледі. 
Сонымен 
қатар, 
жобалардағыдай, 
даму 
бағдарламасында тӛмендегідей мағлұматтар берілуі талап 
етілді: педагогикалық ұжымның сол кезеңде қол жеткен 


180 
нәтижелері туралы; одан жоғары нәтижелерге жетудің 
мүмкіндіктері туралы; жоғары нәтижелерге жетудегі 
кедергілерді анықтау және оны болдырмауға қажет 
ресурстар туралы. 
Бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше жылдарды 
қамтитын болғандықтан, оның аралық орындалу кезеңдері 
белгіленді, әдетте оқу жылдарын кезең ретінде алып отыру 
қолайлы деп есептеледі. Бұл жағдайда жобалар сияқты, әр 
кезеңнің мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері, 
орындалу әдістері мен нәтижені бағалау кӛрсеткіштері, оны 
ӛлшеу құралдары айқындалды. 
Бағдарлама мазмұнына сай ӛзгерістердің бірнеше 
кезеңдері белгіленді: 
Қазіргі жағдайды талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет