61
ІІ.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖОБАЛАУДЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. Педагогикалық жобалаудың мәні
Педагогикалық
жобалаудың
пайда
болуы
.
Зерттеушілікке
бағытталған
жобалау
әрекеттері
педагогикалық белсенділіктің қайнар кӛзі ретінде мәдениет
тарихында
ұзақ
жылдар
бойы
қалыптасып
келді.
Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский
мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың
табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді:
адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес,
олардың ӛздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап,
заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жӛн,
сонда олар
біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап
отырмайды.
Осы идея кейін кӛптеген белгілі философтар мен
педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды.
Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –
қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны ӛз
бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы
«бала үлкендердің айтуымен емес, ӛзі түсінуіне,
білімді
жаттап алу емес, ӛзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын
қолдайды.
Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы
айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын
швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап ӛткен. Оның
айтуынша, адамның ақыл-ойы әрекет барысында дамиды,
ӛйткені, тәжірибеде қателіктер
мен олқылықтар оңай
байқалады деп, оқытудағы кӛрнекілік пен тәжірибенің рӛлін
негізгі талаптар ретінде қарастырған.
Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму
барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің
дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің
эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны
белгілі.
Ӛткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін
әлеуметтік және білім саларында ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі
салалары
62
ӛкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж. Дьюи, К. Поппер,
Г. Саймон, В. Х. Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.
Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде
қолданылса, В. Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі
ретінде қарастырған.
В. Килпатриктің айтуынша, кез келген әрекет, егер ол
белгілі бір мүддені кӛздей отырып бірлескен және жоғары
деңгейдегі ӛз бетіндік жұмыс
ретінде орындалған білім
алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып
есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін
бӛліп кӛрсетті. Олар:
–
оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына
құрылған оқу материалдары;
–
мақсатқа бағытталған әрекет;
–
оқытуды-ӛмірді үздіксіз
жаңғырту және одан
жоғары сатыларға кӛтеру құралы ретінде
қарастыру.
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда
жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді
ұйымдастырудан кӛрініс табады. Осыдан шығатын оқыту
мақсаты-оқушыларды
проблеманы
шешудің,
ізденіс-
зерттеулердің әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. В. Х.
Килпатрик еңбектерінде жобаның тӛрт түрі кӛрсетілген:
1)
ӛндірістік, немесе жасампаздық;
2)
тұтынушылық;
3)
интеллектуалдық
немесе
басқа
да
проблемаларды шешуге бағытталған;
4)
жоба–жаттығулар.
Ӛткен
ғасырдағы
педагогикада гуманитарлық
идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі
ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің
қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.
Роджерс, Э. Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті
тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау
әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық ӛсуіне, жеке
әлеуметтік
тәжірибесінің
дамуына,
шығармашылық
еркіндігін
кӛтермелеуге
бағытталған
педагогикалық
жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.
63
Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың ӛзі
педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды.
Мысалы, мектеп ӛмірінің демократиялануына
байланысты
жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен ӛнімді
әрекеті түріне айналды, ӛзара тең дәрежедегі жаңа қарым–
қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. С. И. Гессеннің
айтуынша, педагогикалық ортада қоғамдық ӛмірдің сан
алуан
түрлеріндегі
ӛзара
әрекеттердің
ӛркендеуіне,
Килпатрик бойынша айтқанда, жобаға қатысушылардың
белсенділіктері ағаш бұтақтарындай таралып ӛсуіне қатты
ықпал етті. Сӛйтіп, жобалау әрекетін алдыңғы қатарлы
педагогтар жобалау үрдісіне тартылған
әлеуметтік-білімдік
кеңістіктегі
Достарыңызбен бөлісу: