Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет28/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
1.
Педагогикалық жобалаудың бүгінгі қолданылу аясы. 
2.
Жобалауды 
педагогикалық 
жүйелер 
тұрғысынан 
қарастырудың мәні. 
3.
В. 
И. 
Слободчиков 
бойынша 
педагогикалық 
жобалаудың түрлері. 
4.
В. П. Бедерханова белгілеген педагогикалық жобалау 
бағыттары. 
5.
Педагогикалық жобалаудың нысанына, мақсаты мен 
нәтижелеріне байланысты түрлерін сипаттаңыз. 
6.
Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау 
түсініктерінің айырмашылығы неде? 
7.
Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру деңгейлерін 
атаңыз. 
8.
Педагогикалық проблеманы жобалау алгоритмі 
9.
В. И. Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде 
педагогикалық жобалау мәселелері 
10.
Педагогикалық жобалаудың негізгі сипаттамалары.
11.
Глоссариймен жұмыс. 
3. Педагогикалық жобалау және педагогикалық 
мақсат қою
Педагогикалық жобалауда міндетті түрде мақсатты
белгілеу қажет болады. 
Мақсат қою дегеніміз
жобаланатын 
нысанды ӛзгерткеннен кейінгі нәтижесін кӛре білу және 
сонымен қатар, сол
нәтижеге жету барысын
нақты үдеріс 
ретінде кӛре білу
деуге болады. Сӛйтіп, 
мақсат қою 
күтілетін нәтижеден және оған жету жолдарынан
тұрады. Бұл ойша жасалған құрылым жобалау барысындағы 
түрлі жағдайларға байланысты ӛзгерістерге де түсе алады. 


82 
Сондықтан, жобалау барысында стратегиялық мақсат та, 
оған жету жолдарын қадағалап отыратын аралық мақсаттар 
да 
жасалуы 
тиіс 
және 
олардың 
басты 
сипаты 
қорытындылары 
бойынша 
мақсаттың 
орындалғанын, 
берілген проблеманың шешілгенін ӛлшеуге, тексеруге 
келетін болуы қажет.
Мақсатқа ұмтылушылық 
жүйенің тиімді қызмет етуіне 
қажетті жалпыға ортақ және міндетті элемент деп есептеледі, 
сондықтан, педагогикалық жүйелердің құрамындағы әрбір 
кіші жүйе, әр элемент 
тұтас жүйенің алдында тұрған 
басты мақсатқа қызмет етеді
. Олардың әрқайсысының 
қызметі салыстырмалы түрде дербес болып табылатын 
ӛзіндік мақсаттарын орындауға бағытталғанымен, түптеп 
келгенде барлығы да 
жүйенің негізгі мақсатына тәуелді 
болып табылады. Педагогикалық жүйелердегі мақсат қою 
оны анықтаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, 
белгіленген 
мақсатты тарату (декомпозициялау)
, яғни, 
ондағы кіші жүйелер мен элементтердің қызметін, олардың 
арасындағы 
ӛзара 
байланыстарын 
ескере 
отырып, 
әрқайсысының дербес мақсаттарын
анықтауды да қамтуы 
тиіс. 
Мақсат қою барысында ескеретін маңызды мәселе –
жобалық ӛзгерістердің мақсаты ретіндегі 
жобаны жүзеге 
асырудағы нәтижелер
де, сонымен қатар, сол 
нәтижелер 
арқылы қол жеткізілетін стратегиялық мақсаттар
да 
берілуі тиіс. Оны тӛмендегідей мысалдармен түсіндіре 
кетейік, бірінші мысал білім алушыларға қатысты: егер, 
педагогикалық жүйелерді ақпараттандыруды жобалауды 
алсақ, оның 
мақсаты
білім алушылар үшін жеткілікті 
мӛлшерде компьютерлердің қойылуын және сабақта оларды 
кеңінен пайдалануға жағдайлар тудырылуын кӛздейді, бұл 
жобаны жүзеге асыру
нәтижелері
болып табылады.
Бұл нәтижелер ӛз кезегінде белгілі бір
стратегиялық 
мақсатқа бағытталады
, яғни, оқытуды ақпараттандыру 
нәтижесінде 
білім 
берудің 
сапасын 
кӛтеру, 
білім 
алушылардың жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру, т.б. 
қамтамасыз 
етіледі. 
Келесі 
мысал: 
егер, 
жобалау 
педагогикалық ұйымдарды басқарушылардың құзыреттілігін 
дамыту мақсатында жүзеге асыратын болсақ, оның 


83 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет