Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет31/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

метапәндік, пәннен жоғары
жетістіктер – 
оқушылардың оқу тапсырмаларын орындаудағы және 
танымдық түріндегі ғана емес, ӛмірлік жағдаяттардағы сан-


87 
алуан 
мәселелерді 
шеше 
білуге 
қабілеттіліктерін 
қалыптастыруға бағытталған ұмтылыстар жасалуда. Оларды 
талдап кӛрейік: 
Біріншіден
, білім беру мақсаты-оқушыларды ӛз 
әрекеттерін ұйымдастыруға үйрету, атап айтқанда, ӛз 
әрекетінің мақсатын қоя білу, жүзеге асыру құралдарын 
айқындай білу, шешім қабылдай білу, ӛзгелермен бірлесіп 
әрекет ете білу. Мұндағы тағы бір маңызды нәрсе-
оқушыларда оқу біліктіліктері мен оқи білу дағдыларын 
қалыптастыру. 
Екіншіден
, білім беру мақсаты – оқушыларды
айналадағы құбылыстардың мәнін түсіне, түсіндіре білуге 
үйрету. Бүгінгі таңда оқушылар құбылыстарды сипаттауға 
және ол туралы белгілі бір ғылыми тұжырымдарды жаттап 
алуға үйретілуде.
Үшіншіден
, білім беру мақсаты – оқушыларды 
дүниетанымдық, 
адамгершілік 
және 
азаматтық 
ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ететін құндылықтар 
әлемінде ӛз бағытын таңдай алуына, ӛз тұрғысынан баға беру 
білуге үйрету.
Тӛртіншіден
, білім беру мақсаты – оқушылардың 
бойында күнделікті кездесетін әлеуметтік рӛлдерді (оқушы, 
талапкер, тұтынушы, қарым-қатынас субъектісі т.б) дұрыс 
орындауға 
қажетті 
функционалдық 
біліктіліктерді 
қалыптастыру. Егер, мақсат осылай қойылатын болса, онда 
қазірге дейін басты мақсат болып келген «мектепте 
оқушыларды болашақ ӛмірге дайындау керек» ұраны ӛз 
күшін жойып, мектепте оқушылардың ӛз әлеуеттерін 
толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әрекеттер 
түрлерін игерудің нақты бағдарламасына кӛшуге болар еді. 
Бұл мақсатты орындау үшін оқу пәндерін және оның белгілі 
бӛлімдерін игерудегі қалыптасқан мақсат қоюшылық 
бағыттардың ӛзгертілуі, пәндердің интеграциялануы қажет 
болады. 
Бесіншіден,
білім беру мақсаты- оқушылардың бойында 
түрлі саладағы түрлі әрекеттерді орындауға негіз болатын 
универсалдық 
түйінді 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
бағытталады, бұлар қазіргі кезде 
түйінді құзыреттіліктер
деп аталып жүр. Түйінді дағдыларды (әр жерде түрліше 


88 
атайды) қалыптастыру кӛптеген елдерде жүзеге асырылуда, 
оларда бұл дағдылар жиынтығы жұмыс берушілердің білім 
беру жүйесіне әлеуметтік сұранысын кӛрсетеді. Бұл 
дағдылар немесе құзыреттіліктер біздің түсінігіміздегі білім 
беру жүйесіне қойылатын талаптар ретінде емес, еңбек 
нарығындағы жағдайларды зерттеу және алдын ала болжау 
нәтижесінде жасалады және олар жастардың қай деңгейдегі 
білімі еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін 
қамтамасыз ете алатынын кӛрсетеді. 
Алтыншыдан
, білім берудің тағы бір мақсаты- 
оқушыларды кәсіби білім алуға даярлау. Оның мәні, әрине, 
бізге үйреншікті түсініктен мүлдем бӛлек, ол тек қана 
Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындау әрекеттері ғана емес. 
Кәсіби білім алуға даярлау бүгінгі еңбек нарығында да, білім 
беру қызметтерін кӛрсету нарығында да ӛз бағдарын нақты 
айқындап алу, ӛзінің білім алу траекториясын құрастыра 
білу, шешім қабылдауға бел байлай білу. Бұл мақсат бӛлек 
пәндерді игеру аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін емес, 
оған пәнаралық тұрғыдан келу қажет болады. 
Білім беру нәтижелеріне тікелей ықпал ететін 
факторларды былайша белгілеуге болады: 

білім беру мақсаты, бұл жерде білім беру мақсаты 
ретінде 
білім 
беру 
үдерісінің 
мақсатқа 
бағытталғандығы, 
білім 
беру 
үдерісіне 
қатысушылардың құндылықтық бағдары алынады; 

білім беру мазмұны немесе білім беру жүйесіндегі 
бекітілген стандарттар; 

білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, білім беру 
технологияларының қолданылуы. 
Осыған қоса, біздің ойымызша, жоғарыда аталған 
барлық факторлардың басын біріктіретін - нақты білім беру 
жүйесінің ұйымдық мәдениеті, бұл фактор білім беру 
үдерісіне 
қатысушылардың 
қарым-қатынасымен, 
қалыптасқан құндылықтарымен анықталады.
Ӛзіндік білім алуға мүмкіндік беретін субъектілік 
компоненттері іс жүзінде толығымен пайдалану үшін, оның 
әр компонентінің мақсаттары жалпы жүйенің мақсатына 
сәйкес келтірілуі қажет. 


89 
Сурет 4 − Білім берудегі мақсаттар жүйесінің үлгілік 
құрылымы 
Осыған сай, білім беру ұйымдарындағы білім беру 
үдерісін, оқыту жүйесін, барлық деңгейлердегі басқару 
жүйесінің мақсаттары бір арнаға тоғысып, субъектінің 
ӛзіндік дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Оны
жоғарыдағы 4 -суретте берілген мақсаттар жүйесі ретінде 
кӛрсетуге болады.
Қоғам 
дамуының 
қазіргі 
ақпараттық 
кезеңдегі 
жағдайлар, 
адам 
проблемасын
тарихи, 
әлеуметтік, 
шығармашылық субъектісі ретінде алдыңғы орынға 
шығарып, осы ӛзгерістерге сай білім берудің рӛлін тиісінше 
бағалау қажеттігі педагогиканы басты ғылымдар қатарына 
қойып отыр. Бүгінгі таңда педагогиканың нысанасы ретінде 
әртүрлі 
оқу
-
тәрбие жүйелері
алынып, ал оның пәніне 
әлеуметтік белсенді, шығармашылық тұлғаның ӛздігінен 
ӛмір бойы білім алуы белгіленіп жүргені белгілі. Адамның 
ӛзіндік дамуын қамтамасыз ететін тұтас жүйе жасауға деген 
қажеттіктің бүгінгі таңда ерекше кӛкейтестілігі қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық даму талаптарынан туындап отыр. 
Сондықтан, педагогикалық жобалау жүйенің жалпы 
мақсатына бағытталып, ондағы мақсат иелері ӛздігінен 
білім алушы субъектілер болуы қажет.
Білім беру 
мазмұны, 
әдістемелері 
Білім беру 
ұйымдарын
басқару жүйесі 
Барлық 
деңгейлердегі 
білім 
беру жүйесі 
Сабақ беру - 
оқыту жүйесі 
Ортақ мақсат 
-субъектіні 
ӛзіндік 
дамыту


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет