Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет38/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

 

білімдар экономикаға
 
тікелей 
байланыстылығы кӛптеген талдаулар арқылы дәлелденген. 
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде, Европалық білім 
қауымдастықтары да жаңа білім парадигмасының білім беру 
нәтижесіне бағдарлылық мазмұнын алға қоюда. Мысалы, 
біздің еліміз толық мүшесі болып қабылданған Болон 
процесі барлық деңгейлердегі білім беру ұйымындағы 
оқытудың қалыптасқан нәтижелері – білім, білік, дағдыға – 
қоса құзіреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа 
парадигма туғызып отырған жаңа қажеттік деп бағалайды.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, 
құзіреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар 
қазіргі заманның 
білім алу заманына
айналып келе жатқанын 
кӛрсетеді. Соған сай білім үдерісінде білім беруден – білім 
алуға, оқытудан – оқуға кӛшу парадигмасы білім беру 
жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. 
Олар: білім беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау, 
білім беру үдерісін басқару әдістері мен технологияларын 
жаңарту, білім мазмұны мен білім беру үдерісін 
ұйымдастырушылық
 –
ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету. 
Біздің еліміздің білім беру саясатын айқындайтын,
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және 
басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту 
талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы 
нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар тӛмендегі 
бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің 
мәртебесін кӛтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, 
Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын 
ӛзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол 
үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, 


102 
жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, 
үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті 
қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі 
білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рӛлін 
арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің 
ӛсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап 
беруді қамтамасыз ету мақсаттарын кӛздейді. Соған сай, 
білім беруді жаңғырту, оны қаржыландыруды тұрақты түрде 
арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім берудің жаңа 
сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру 
міндеттері нақтыланды. 
Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру 
мазмұны мен нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам 
капиталын дамытуды кӛздейтін жаңа экономикалық
қатынастардың нығаюы мен әлемдік ӛркениетке ықпалдасу
білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде. 
Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық 
буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы 
негізгі ӛзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде 
білім алушылардың 
құзыреттіктерін қалыптастыру 
белгіленуінде. Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға 
ұсынылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет