Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет45/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Кері байланыс ұстанымы. 
Жобалауды ұйымдастыруда 
мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді.
Педагогикалық үдерісте нәтиженің орындалу барысы, 
жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. 
Кез келген педагогикалық жүйе ашық әлеуметтік-
педагогикалық жүйе ретінде әлеуметтік ортамен, ата-
аналармен, түрлі қоғамдық ұйымдармен, сонымен қатар 
ұйым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынас 
ұйымдастыра алады. Ӛзіндік түзету, коррекциялау, ӛз 
әрекетіне ӛзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігін 
қамтамасыз етеді.
Нәтижелілік ұстанымы 
жобалау нәтижесінде 
орындалуы тиіс күтілетін нәтижелердің алдын ала нақты 
сипатталуы 
мен 
оған 
қол 
жеткізуге 
бағытталған 
технологиялар мен тиімді әдіс - тәсілдердің, ресурстардың 
таңдалуымен 
қамтамасыз 
етіледі, 
сонымен 
қатар, 
нәтижелердің мақсатқа сәйкестілігі сараптамалар арқылы 
анықталады. 
Сонымен 
қатар, 
Педагогикалық 
жүйелер
қызметтерінің нәтижелері жүйе ішіндегі ӛзара тығыз 
байланыста болып келетін кӛптеген факторларға – 
ресурстар 
мүмкіндігіне, 
 
ұйымдастырушылық 
ерекшеліктеріне, 


116 
педагогтар 
құндылықтарына, 
сыртқы 
ортамен 
байланысына
т.б. тәуелді екені ескеріледі. 
Педагогикалық жүйенің жалпы мақсаты мен барлық 
құрылымдардың мақсаттарын сәйкестендіру және қызметтік 
құрылым мен адам ресурстары құрылымын нәтижеге жетуде 
тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 
мақсаттық - бағдарлы 
жобалар
болып табылады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалар тиімді дамыту құралы 
болып табылады ӛйткені, оны қолдану жағдайлары (белгілі 
бір құрылымдық жүйеге ӛзгерістер ендіру, туындаған 
мәселені кешенді тұрғыдан шешу қажеттігі, әлеуметтік даму 
тенденцияларына сәйкес ӛзгерістер, т.б.) ӛтпелі кезеңнің 
ерекшелігіне толық жауап береді сонымен қатар, бұл 
бағдарлама әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сай 
мемлекеттік, аймақтық, аудандық қана емес, белгілі бір жүйе 
немесе ірі мекеме, ұйым деңгейлерінде де сапалы 
ӛзгерістерді жүзеге асырудың негізгі жолы ретінде 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Жобалау негізінде шығармашылық топтар, шағын 
топтар, белсенді топтар құрылуы мен олардың ӛзара 
байланыстарын кӛлденең, немесе желілік сипатта нығайту 
қажеттігі, мәселелердің негізінен пәнаралық және 
интегративтік сипатта болуы қалыптасқан құрылымға 
ӛзгерістер қажеттігін тудырып, дәстүрлі қызметтер 
матрицалық құрылым
арқылы үйлестіріле қолданылады. Бұл 
иерархиялық түрдегі жоғарыдан тӛмен қарай басқарудың 
орнына, басқарылатын кіші жүйелердің немесе элеметтердің 
әрқайсысының мақсатын орындауды кӛздейтін жүйеааралық 
кӛлденең байланыстардың
болуына негізделеді.
Матрицалық құрылым ӛзара байланыстардың жаңа түрі 
болып табылады. Оның басты ерекшелігі-басқарудағы 
дәстүрлі қызметтік және жүйе элементтері мен басқарушы 
органдар 
арасындағы 
міндеттер 
мен 
ӛкілеттіктері, 
жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіруге сүйене 
отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттердің ерекше 
қызметін ұйымдастыра алуында. 
Осылайша, жобалау қызметі барысында жаңа 
бӛлімшелер құру, ӛз тиімсіздігін кӛрсетіп отырған 


117 
құрылымдық бӛлімдерді жабу немесе қайта құру, ішкі 
кадрлық ӛзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Мақсаттық - бағдарлы жобалардың алдымен дәстүрлі 
басқару циклдік айналымына–жоспарлау, ұйымдастыру, 
бақылау, есептеу, реттеу, талдау негізделетінін ескеру қажет. 
Мысалы 
бірінші кезеңде
, жобалық бағдарлама құрастыру, 
кіру және шығу мәліметтерін дайындау, нәтижелерді 
бақылау, бағалау ӛлшемдерін даярлау, жобаны талдау және 
оны түзету жолдарын жасау, талдау нәтижелерін ескеру және 
жобаны ӛзгерту жолдарын белгілеу. 
Екінші кезеңде
, тиісті қызметтік сала басшылары мен 
бӛлімшелердің, мамандардың арнайы міндеттері мен 
қызметтерін бекітіп беру қажет, олар берілген мақсат 
ауқымына сай әртүрлі болуы мүмкін.
Жүйені мақсаттық-бағдарлы жобалау қызметі 
негізінде дамытудың үлгілік матрицалық құрылымы 
мақсатты түрде күтілетін нәтижелерге бағытталауын 
кӛздейді. Мақсаттық - бағдарлы жобалар тұрақты сипатта 
да, уақытша сипатта да бола алады. Әрбір жобалық 
бағдарламаны 
басқарушы 
тағайындалып, 
салалық 
орынбасарлардың немесе кіші жүйе басшыларының
қызметтері 
белгіленген 
мақсаттарға 
сай 
арнайы 
ұйымдастырылады. 
Тӛмендегі 6-суретте мақсаттық-бағдарлы жобалaу 
қызметін ұйымдастырудың матрицалық құрылым үлгісі 
ұсынылып отыр.


118 
Сурет 6 − Мақсаттық –бағдарлы жобалаудың үлгілік 
матрицалық құрылымы 
Матрицалық 
құрылымның 
басты 
элементтері–
мақсаттық
-
 бағдарлы жобалар
(суретте шеңберлер ретінде 
берілген), олар салалық басшылар мен ондағы 
қызметкерлердің 
мақсатты 
бағдарламаны 
орындау 
барысындағы қайталанып отыратын қызметтерін кӛрсетеді.
Суреттегі тік сызықтар–басқару қызметтерімен және 
кӛлденең 
сызықтар–мақсаттық-бағдарлы 
жобалармен 
байланыста 
болатынын 
бейнелейді. 
Педагогикалық 
жүйелердің бүгінгі таңда бір уақытта бірнеше мақсаттарын 
орындау қажеттігі туындап отырады, ол үшін жүйені 
басқарушылардың тікелей ұйымдастыруын талап ететін 
бірнеше бағыттар қамтылуы қажет. 
Оларды жүзеге асыру, бір жағынан, жүйенің тұрақты 
жұмысын қалыпты жағдайда басқару, екінші жағынан, 
жаңадан туындап отырған мақсаттарды нәтижелі орындауға
байланысты күрделенетіні белгілі. Мысалы, соңғы жылдары 
Жүйені басқарушы (ректор, директор,
жетекші ... ) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет