Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет50/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

бұл

инновациялық 
үдерістің моделі, ресурстары, құралдары

Жобалау құрылымы жаңалықтарды қалыптастыру
тарату және қолдану сияқты кезеңдерден тұрады, соған 
байланысты білім беру ұйымдарында тӛмендегі жұмыстар 
жүргізілді: әрбір ұжымдағы ӛзгерістерге қажеттіктерін 
анықтау; ұжымның ӛз ортасында алатын орны, білім беру 
сапасы, педагогтар деңгейі, ұжымның жетістіктері туралы 
мәліметтер жинақтау және қалыптасқан жағдайды талдау
мәселелерді алдын ала талдау, ӛзгерістерді қажет ететін 
бағыттарды таңдау; инновациялық ӛзгерістер ендіру туралы 
шешімді қабылдау; жаңалықты сыннан ӛткізу және ендіру;
қажетіне қарай тәжірибеде бекіту, институализациялау ( лат. 
– орнықтыру) немесе жаңалықты үнемі қолдану, нәтижесінде 
ол күнделікті тәжірибенің элементіне айналады.
Жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік 
компоненттердің ӛзара қатынастары мен жүйенің ӛзіндік 
дамыту ресурстарын 
мақсаттық-бағдарлы жобалар
арқылы
педагогикалық жүйені дамытудың күтілетін нәтижелер 
қамтамасыз етіледі.
Инновациялық үдерістерді жобалау білім беру 
жүйесіндегі 
жаңа 
бағыттарды, 
институционалдық
ӛзгерістерді ендіруде теориялық және практикалық жағынан 
құндылық болып табылады.
Жобалау негізінде педагогикалық ұжымның тӛмендегі 
ӛзгерістері қамтамасыз етіледі:
1.
Педагогикалық 
ұжымның 
инновациялық 
мүмкіндігін дамытылып, нәтижелі білім беруге 
жағдайлар жасалады.
2.
Педагогикалық 
қарым–қатынастар 
қайта 
құрылып, субъектілердің мүмкіндіктерін дамыту 
және 
субъектаралық 
қатынастар 
жүзеге 
асырылады.
3.
Педагогикалық ұжымды дамыту бағдарламасы
жасалып, әр құрылымның жаңа міндеттері 
нақтыланады; 


132 
4.
Педагогикалық 
ортаның 
дәстүрлі 
құндылықтарының тиімділерін сақтай отырып, 
қоғам талабына сай ӛзгерген жаңа сапасы 
қалыптастырылады; 
Инновациялық ӛзгерістерді жобалауда тӛмендегі 
талаптар ескерілу қажет, олар: 
-
Жобаның 
күтілетін 
нәтижелері 
алдын 
ала 
белгіленеді; 
-
Жобаның тиімділігі мен оны жүзеге асыруға 
жұмсалатын ресурстар алдын ала сәйкестендіріледі; 
-
Жобалау барысындағы тәуекел жағдайлар алдын ала 
ескеріледі; 
-
Ұжымда жаңа құрылымдар жасалу мүмкіндігі
қарастырылады. 
Жобалауды 
ұйымдастыру 
барысында 
ұжымдық 
жұмыстардың дәстүрден тыс әдістері қажет болуы мүмкін, 
олар

желілік басқару дағдыларын меңгеру; шығармашылық 
белсенділікті қолдау; командалық бірлестіктер құру, т.б

Мақсатты жобаларға тән белгілер: 

жобаның матрицалық құрылымы; 

жұмыс барысының уақытшалық сипаты; 

шешуін қажет ететін мәселелердің негізінен
интегративтік болуы; 

ұжымды дамытудың синергиялық, желілік түрде 
ұйымдастырылуы; 

мәселелердің негізінен стандарттық қалыптан 
ӛзгеше болуы. 
Педагогикалық мәселелердің негізінен стандарттық 
қалыптан ӛзгеше деңгейде шешілуі жобаның инновациялық 
деңгейін кӛрсетеді. Жобаның неғұрлым инновациялық 
деңгейде болуы, оны орындаушылардың құрамы басқа 
ұйымдардан бӛлек, тәуелсіз команда болуын, кӛздеген 
нәтижеге жету үшін олардың жауапкершіліктерінің де 
жоғары болуын, сонымен қатар, оған жауап беретін 
жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету құзіреттіліктерінің 
де жоғары болуын талап етеді. 
Жобалау жаңа педагогикалық қарым қатынастарды, 
оқытудың жаңа мазмұны мен технологияларын, ойлау және 
қызмет етудегі жаңа әрекеттерді тудырады. Жобалау негізіне 


133 
білім беру үдерісіндегі субъектілердің жаңа қарым –қатынас 
түрлері, білімнің жаңа мазмұны, жаңа білім беру 
технологиялары, т.б. алынады. Жобалау барысындағы 
ӛзгерістерге қажеттіліктің туындауы мен ендірілген 
жаңалықтың институализациялауға дейінгі кезеңдердің 
жиынтығы бір жобалық циклды қалыптастырады.
Жоба жетекшілері мен құрастырушылар жобалауды
алдында тӛмендегі құрылым бойынша даярлық жұмыстарын 
жүргізулері (жобалаушы тарапынан) қажет: 
Жобалау қандай ниетпен, не үшін жүзеге асырылуы 
тиіс? 
Күтілетін нәтиже кім үшін және қаншалықты 
маңызды? 
Қай жерде, қайда жүзеге асырылады? 
Кім оны жүзеге асырады? 
Жүзеге асыру жолдары қандай? 
Қандай мерзімде жүзеге асырылады? 
Қандай ресурстар мен қаржы қажет болады? 
Егер жобалық ұсыныс белгілі бір ниетпен қаржы бӛлуді 
қолға алған инвестор немесе грант беруші үшін дайындалып 
жатса, онда қаржының қалай жұмсалатыны мен күтілетін 
нәтиже нақты кӛрсетіледі. Сонымен қатар, жобалық ұсыныс 
даярлау арқылы басқарушылар мен ұйымдастырушылар 
қаржылық және басқа да ресурстардың мүмкіндігін дәл
бағалауға, соған сәйкес ұйымды дамыту бағыттары мен 
жолдарын анықтай алады.
Жобаның негізгі бӛлімдері: 
Аталуы; 
Түйіндемесі; 
Кіріспе бӛлімі (жағдайды талдау, проблема қою); 
Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары мен 
кезеңдері; 
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр 
кезеңнің нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру
Жобаның жалпы нәтижесі мен ӛміршеңдігін бағалау; 
Жоспарланған бюджеті. 
Аталуы. 
Жобаның аты оның мазмұнын, мақсаты мен 
ниетін, негізгі идеясын барынша айқын білдіретіндей 
болғаны жӛн. Жобаның аталуынан оны кім, нені және қалай 


134 
жүзеге асыратыны кӛрініп тұруы тиіс. Сонымен қатар, 
жобаның атында ешқандай артық сӛз де болмағаны орынды. 
Жобаның аталуына кӛңіл аудару аса маңызды, ӛйткені оның 
нақты болуы және мақсатқа сай болуы жобаға қажетті 
адамдардың назарын аудара алады. 
Түйіндемесі. 
Бұл жобалар үшін де немесе жобалық 
ұсыныстар үшін де міндетті бӛлім, ӛйткені, онда жобаның 
атауы нақтыланады, мәні түсіндіріледі. Түйіндеме қысқа, 
айқын және нақты болуы тиіс, ол әдетте жазбаша мәтіннің 
мұқабасы сипатында беріледі. Онда авторлар туралы 
мәлімет, 
жобаның 
мақсат
-
міндеттері, 
қажет 
болса, 
қаржылану кӛздері беріледі. 
Кіріспе бӛлімі: жағдайды талдау, 
мәселе
қою. 
Бұл 
бӛлімде жобалау нысаны туралы жалпы баяндаудан бастап, 
жұмыстың орындалатын әрбір нақты қадамдары тӛмендегі 
ретпен кӛрсетіледі:
Алғашқы қадам. Жағдайды талдау негізінде мәселе 
нақтыланып, оны шешудің қажеттігі негізделеді. Ұйым үшін
 
ӛзекті болып табылатын 
мәселені
айқындау
арқылы оны 
шешудің нақты жолдары кӛрсетіледі, сонымен қатар, олар
қоғамдық
-
тарихи, ұлттық, жергілікті ерекшеліктер мен 
талаптарға сәйкес болуы міндетті.
Екінші қадам. Жағдайды талдау мен мәселе қою 
арқылы
жобаның мақсат–міндеттері 
нақтыланады, 
ресурстарға баға беріледі. Оларға әдетте, адам ресурстары, 
қаржылық, материалдық, әкімшілік, қоғамдық, т.б. 
жатқызылады.
Үшінші қадам. Бұл қалыптасқан жағдайға сай мәселені 
шешу жолдарын, мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет