153
алгоритмін қалыптастырады. Орындалатын іс-әрекеттер
жүйесі жоғарыда берілген бӛлікте жобалау қызметін жүзеге
асырудың логикалық жүйесін кӛрсетеді. Жобалау және
жобаны жүзеге асыру ойлау әрекетінің екі бағытын
кӛрсетеді, бірақ, оны басқарушы жобалау қызметінің тікелей
орындалатын
алгоритмін ғана емес, оны жүзеге асырудың
логикасын ойша түрде кері қарай құрастыру арқылы
түпкілікті нәтижені модельдеу, ол үшін жоспарланып
отырған әдіс - тәсілдердің тиімділігін,
ресурстарының
жеткіліктілігін есептей алуы қажет.
Жобалауға қажетті ресурстардың анықталуы оның
орындалу мүмкіндігін кӛрсетеді. Ресурс (
франц. ressource –
қосымша құрал
), қаржылар, құндылықтар, мүмкіндіктер
және бюджеттің кіріс бӛлігі. Ресурстар экономикалық
(материалдық, қаржылық); әкімшілік (құқықтық, биліктік);
психологиялық (интеллектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық);
табиғат (климаттық) және басқалар болып бӛлінеді. Белгілі
бір әрекетті орындауда пайдалануға
болатын нәрселердің
барлығы да ресурстарға жатқызылады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауға
қажетті ресурстары қатарында білімдік, ақпараттық,
материалдық-техникалық, қаржылық және адам ресурстары
жатқызылады. Осыған сәйкес кез-келген деңгейдегі
педагогикалық жүйе аталған
ресурстардың біріне жауап
беретін, басқаратын белгілі бір бӛлімшелер немесе
бӛлімдерден құралады.
Қалыптасқан тәжірибеде жоғары оқу орнының
проректорлары оқу және әдістеме жұмыстары, ғылыми -
зерттеу жұмыстары,
тәрбие беру және жастар ісі
бағыттарындағы салалардың қызметі үшін, кадр бӛлімі
профессорлық - оқытушылық құрамдағы, басқару - әкімшілік
қызметкерлерден тұратын адам ресурстары үшін, есеп
бӛлімі
қаржылық-экономикалық
ресурстар
үшін,
шаруашылық бӛлімі материалдық-техникалық ресурстар
үшін жауап береді. Осыған ұқсас тәртіп мектептер мен орта
кәсіби
оқу
орындарында
да
қалыптасып,
мектеп
директордың орынбасарларының, бӛлім басшыларының
әрқайсысы жауап беретін салалары белгіленген. Олардың
әрқайсысының
құзырлылығы
ӛз
саласы
үшін
154
жауапкершілікпен ғана шектеледі, олар ӛз
жоспарларына
сәйкес ӛз ресурстарын дамыта отырып, бір-бірімен қатар,
кӛлденең түрдегі қарым қатынаста қызмет етеді.
Бұл жағдайда жүйе басшысының (ректор, директор,
т.б.) міндеті–барлық бӛлімдердің ӛз бағытында қызмет етуіне
қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, ол
ортақ
мақсатты орындау қажет болғанда барлық құрылымдық
бӛлімдердің қызметін бір - бірімен байланыстыру арқылы
ұйымдастырады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың осы
Достарыңызбен бөлісу: