Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет59/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

құрылымдық 
компонентіндегі адам ресурстарын
ӛзіндік дамыту 
арқылы жүйенің тұтас дамуын қамтамасыз ете алатын 
жобалау субъектісі ретінде алады. 
Жобалау қызметі негізінде педагогикалық жүйенің 
жалпы мақсаты мен оған сәйкес барлық құрылымдардың 
белгілі бір мәселені шешудегі мақсаттарын біріктіріп, 
күтілетін нәтижені мазмұндық, әдіс-тәсілдік, ресурстық 
тұрғыдан қамтамасыз ететін
 мақсаттық 

 бағдарлы дамыту 
жобалары
жасалады.
Біздің зерттеуімізде бұл 
жобалар
жүйенің тұтас дамуын қамтамасыз ете алатын басты 
қызмет ретінде алынып отыр.
Жобалау 
қызметін 
ұйымдастыру 
педагогикалық 
жүйенің барлық деңгейлердегі
басқарушылардың жоба 
жетекшілері ретіндегі арнайы құзыреттілігін дамытуды
қажет ететін болғандықтан, оларды ұйым ішінде оқыту мен 
тәжірибені ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс. Ол үшін 
мақсаттық – бағдарлы жобалар ретінде оқу-тәжірибелік 
алаңдар 
мен 
зертханалар
 
ұйымдастырылады.
Субъектаралық және іс-әрекет барысында жүзеге 
асырылатын 
оқыту 
жобалары 
нәтижесінде 
оған 
қатысушылар – әр деңгейдегі жүйе басшылары, педагогтар, 
білім алушылар ӛзіндік білім алу мақсатын қоя алатын,
 
ӛзінің мүмкіндіктерін дамытуды кӛздейтін деңгейге жете 
алады.
Мақсаттық - бағдарлы дамыту жобаларының күтілетін 
нәтижесі
 
түрлі 
деңгейлердегі 
басқарушылардың, 
педагогтардың құзыреттілігін дамыту
болуы жалпы жүйе 
дамуының стратегиялық мақсаты–
білім алушылардың 
күтілетін нәтижелерін 
қамтамасыз ету мақсатын жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық 
жүйелерді 
дамыту 
үдерісінің
 
құрылымдық толықтығын қамтамасыз ету 
ӛзгерілетін 
компоненттің процедураларын реттеп отыруды қажет етеді.
 


162 
1 - кезең 
2- кезең 
3- 
кезең 
4
кезең 

кез
Мақсаттық - бағдарлы жобалау барысындағы аралық 
нәтижелерді бағалаудың кӛрсеткіштерін құрастыру аса 
маңызды, ӛйткені, бұл параметрлерді жасау әр кезеңнен 
нақты не күтілетінін анықтауға, оның мақсатқа сәйкестігін 
бағалауға, түзетіп отыруға, сӛйтіп, күтілетін ӛзгерістерді 
тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік алады. 
Педагогикалық жүйедегі ұйымдастырушылық, сапалық 
ӛзгерістер 
жасалуына 
мүмкіндік 
беретін 
маңызды 
факторлар–оларды басқарушылардың құзыреттіліктерінің 
дамуы болып табылады.
Жоба 
жетекшілері 
ретінде 
басқарушылар 
құзыреттіктерін арнайы дамыту, ӛз кезегінде, жүйенің 
қызметтік және құрылымдық компоненттеріне белгілі бір 
ӛзгерістер 
ендіріп, 
оның 
мазмұндық, 
құрылымдық, 
стратегиялық дамуындағы жаңа сапалық ӛзгерістерді 
қамтамасыз 
ететіні 
анықталды. 
Тӛмендегі 
суретте
ӛзгерістердің жүзеге асырылу кезеңдері берілген. 
5 - кезең - КН -
5
4 - кезең - КН -
4
3- кезең - КН -
3
2 – кезең - КН -
2
1 - кезең - КН -
1
Сурет 12 − Ӛзгерістердің жүзеге асырылу кезеңдері 
Бірінші 
кезеңде, 
жобалау 
нәтижесінде 
жүйені 
басқарушылардың құзыреттілік сапаларын дамыту деңгейі.
Онда жүйенің түрлі деңгейлеріндегі басқарушылар мен 
педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі құзыреттіліктері 
қалыптасып, одан әрі дамытыла бастайды. Бұл кезеңде 
олардың жобалау барысындағы әлеуметтік–педагогикалық, 


163 
тұлғааралық қарым-қатынастар негізінде ӛз әрекетінің 
мақсатын айқындай алушылық, құндылықтық, ӛзін–ӛзі 
дамытушылық кӛзқарастары ӛзгеріп, жаңа сапалары 
қалыптаса бастайды. Жаңа құзыреттілік сапалары ӛзара 
қарым – қатынастың жаңа түрлерін қалыптастырып,
нәтижесінде жүйедегі педагогтардың ӛз әрекеттерін 
ұйымдастырудағы құндылықтық мақсаттары ӛзгере 
бастайды. 
Екінші 
кезең, білім беру үдерісінде, педагогикалық 
жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарында қалыптасқан іс–
әрекеттерді, қарым-қатынастарды ӛзгере бастауы, дамуы. 
Онда түрлі деңгейлердегі жүйелерде басқарушылық іс- 
әрекеттер мазмұнында, ӛзара қарым - қатынаста ӛзгерістер 
пайда болды. Бұл алдыңғыға қарағанда күрделірек, ӛйткені, 
мұндағы әрекеттер бір адамға емес, адамдар тобына немесе 
басқарылушы субъектілерге қатысты. Іс-әрекеттерді, қарым-
қатынастар мен әдіс - тәсілдерді ӛзгерту тәжірибеде нормаға 
айналып кеткенше қадағалау мен қалыптастыруды қажет 
етеді және жаңа стандарттық жағдайлар тудырады. Бұл 
жағдайда негізінен қалыптасқан әрекет түрлерін ӛзгерту 
жүзеге асырылып, топтар мен адамдар кӛзқарастары 
түбегейлі болмағанымен ішінара ӛзгере бастайды. 
Үшінші 
кезеңде, ұйымдағы басқару субъектілері 
(педагогтар, білім алушылар, ата - аналар бірлестіктері, т.б.) 
ұжымды басқаруға қатыстырылып, түрлі деңгейлердегі 
жүйелерде ұйымдастырушылық - құрылымдық ӛзгерістер 
пайда болады, педагогикалық әрекеттердің мазмұны мен 
әдістері жаңарып, педагогтар тарапынан білім беру 
үдерісінде, сабақтардың құрылымына ӛзгерістер енгізіле 
бастайды. Бұл күрделі міндет, ӛйткені ол қосымша 
құрылымдар енгізу емес, қалыптасқан құрылым мазмұнына 
ӛзгеріс енгізуге байланысты. Соған орай, ӛкілеттіктерді, 
міндеттер 
мен 
жауапкершіліктерді, 
құрылымдық 
бағыныштылықты қайта бӛлісу, оны талқылау мен реттеп 
отыру нәтижесіндегі ӛзгерістер ұйым мүшелерінің, жалпы 
ұжымның, білім алушылар мен педагогтардың іс–әрекеттік 
тәртіптері 
мен 
кӛзқарастарының, 
ӛзара 
қарым- 
қатынастарының жаңа сапасын әкеледі. 


164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет