24
компоненттерін терең қарастырмайды. Солай бола тұра, сол
кездерден бастап жобалық сана, жобалық тұрғыдан ойлау,
жобалау
онтологиясы,
жобалау
тұрғысы,
жобалау
технологиясы, жобалау әдістері, т.б. осы сияқты кӛптеген
жаңа ұғымдардың енгізілуі арқылы адам танымында жаңа
бір саланың жүйесі пайда болып келеді.
Жобалау феномені туралы қалыптасқан теория мен
тәжірибелерді қарастыру барысында, оның тӛмендегі іргелі
зерттеулер мен идеяларға негізделгені анықталды. Олар:
жобалау қызметін бүгінгі таңда ӛзекті болып отырған
ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық-технологиялық
жаңа түрі тұрғысынан қарастыру идеясы;
жобалауды ой - әрекет жүйесі әдіснамасы негізінде
қалыптасатын басқару қызметі ретінде жүзеге асыру идеясы;
әлеуметтік
салаларды
дамыту
мақсатына
сай
жобалауды ресурстарды тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде
пайдалану идеясы, т.б.;
Аталған
идеялардың әрқайсысын бӛлек қарастырайық.
Индустриалдықтан кейінгі деп аталатын әлеуметтік
қоғамның
күшті
ықпалымен
ұйымдастырушылық
мәдениеттің жобалық-технологиялық
жаңа түрі пайда
болуда. Оның негізінде ғылым мен ӛнер, адам психологиясы
мен оның әлеуметтік ортамен, қоғаммен қарым -қатынасын
жобалау тұрғысында қарастырылуы белең алып келеді.
Сӛйтіп, жобалау қазіргі заманға тән ойлаудың стильдік
қасиетіне,
бүгінгі
күн
мәдениетінде
адамның
шығармашылық әрекеттерінің барлық қырларын қамтитын
басты типтік белгісіне айналып келеді.
Бүгінде әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар саласында
жобалау кеңінен зерттеле бастады. Ол негізінен
жобалау
қызметінің әлеуметтік контекстінде
қаралып, әлеуметтік
болжау мен жоспарлауға қарама–қарсы қойылуынан
байқалады. Бұл жерде бір топқа әлеуметтік жобалауды
болашақта жетуді кӛздейтін идеалдық түрдегі алдын ала
жасалатын рескрептивтік модель деп есептейтіндер алынса,
келесі
топ
ӛкілдері
әлеуметтік
жобалау–әлеуметтік
объектінің болашақта қажет болатын бейнесі деп санайды.
Үшінші топ ӛкілдері жоғарыда келтірген түсініктерді
жинақтай отырып,
Достарыңызбен бөлісу: