Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет61/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
Педагогикалық жобалаудың нәтижелері неге 
байланысты анықталады?
 
2.
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру 
ұйымдарының 
мақсаттар 
жүйесі 
қалай 
анықталады? 
3.
Педагогикалық мақсаттық- бағдарлы жобаларды 
ұйымдастыру кезеңдері. 
4.
Жобалау негізінде білім берудің құзыреттілік 
нәтижелерін қалыптастырудың мазмұны және 
технологиясын сипаттаңыз. 
5.
Мақсаттық-бағдарлы жобалау барысындағы 
аралық нәтижелерді бағалау кезеңдері мен
кӛрсеткіштері. 
6.
Белгілі бір педагогикалық жүйені негізге ала 
отырып, берілген кезеңдерге сай ұжымды 
дамытудың жобасын жасаңыз және алынатын 
нәтижелерді бағалау кӛрсеткіштерін белгілеңіз. 
7.
Жобалау 
негізінде 
ұжымның 
ӛзгерістерін
қамтамасыз ететін ресурстар. 
8.
Глоссарийді жалғастыру. 
 
 
5. 
Педагогикалық 
әрекеттерді 
жобалау
технологиясы 
Педагогикалық жүйелердің инновациялық ӛзгерістері 
 
мақсаттық жобалау 
арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңа 
қызметтің ӛзіне тән орындалу алгоритмі мен технологиялық 
циклі, 
ӛзіндік 
ерекшеліктері 
болғандықтан, 
оны 
ұйымдастыру барысында белгілі бір тәртіп пен ережелер 
қатаң сақталуы тиіс. Соған орай, технология түсінігінің мәні
жобалау 
әрекетін 
тұтастықпен 
және 
бірізділікпен 
орындаудағы ережелер мен нормалардың жиынтығы және 
олардың сабақтастығы деп қарастырылады.
Жобалаудың басталуынан аяқталғанға дейінгі біртұтас 
технологиясы тӛмендегі кезеңдер мен іс– шараларды 
қамтиды: 


167 
Бастапқы кезең. 
Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: 
жобалау 
объектісінің 
қазіргі 
жағдайын 
талдау, 
диагностикалау, бағалау, орын алып отырған қайшылықтар 
мен кемшіліктерді анықтау, осы бағыттағы ғылыми–
зерттеулерді талдау, мәселені теориялық негіздеу; жобаны 
ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл кезеңнің нәтижесі–
жобалаудың 
қажеттігін 
анықтау, 
оны 
ақпараттық–
материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті жағдайлар 
туғызу.
 
Негізгі кезең
. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: 
жобалау мақсатын айқындау, мақсатқа қол жеткізетін 
жолдарды болжау, жобаның шектелу аясын белгілеу, 
жобалау идеясын тұжырымдау немесе тұжырымдамасы
жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын жасау, бақылау 
түрлерін анықтау. Екінші кезеңнің нәтижесі–объектінің 
құжаттық жобасын жасау, олар: тұжырымдамасы, моделі, 
бағдарламасы, жоспары. 
Жүзеге асыру кезеңі
. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру 
жолдары, оны байқаудан ӛткізу орындалады. Нәтижесі–
жүйенің жаңа сапаға ӛткендігін назарға алу. 
Қорытынды кезең
. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: 
жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық 
нәтижелерін 
бағалау, 
жобаның 
тиімділігін 
тәуелсіз 
эксперттердің бағалауы, пайда болған мәселерге сыни 
рефлексия жасау, жобаның нәтижелерін қорытындылау, 
түзетулер енгізу. Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаға қажетті 
ӛзгерістер ендіріледі. 
Жобалау технологиясы 
желілік түрде
ұйымдастыруды 
қажет етеді. Ӛйткені, педагогикалық мақсат қою
мотивациялар 
мен 
құндылықтық 
ұстанымдарында 
қалыптасқан түсініктерді ӛзгерту қатысушылардың іс– 
әрекет дағдыларын ӛзгертуден басталады. Ол үшін барлық
дербес және ұжыммен орындалатын қызметтердегі әркімнің 
ӛзіндік дамуы мен ұжым дамуындағы ортақ мүдделерді 
айқындап, 
тиімді әрекеттерге жетелейтін 
жағдайды 
қалыптастыру қажет болды.
Жобалау 
әр 
адамның 
ұжымдағы 
рӛлі 
мен 
жауапкершілігін 
арттыруды 
кӛздейтін 
болғандықтан, 
иерархиялық–жоғарыдан тӛмен қарай басқару жүйесінің 


168 
орнына жобалық командаларға негізделген ӛзара желілік 
байланыста болатын шағын топтар құрылды. Соған орай, 
бұрынғы құрылымдағы басқарудың негізгі құралы – қатаң 
бақылаудың орнына педагогикалық қызметкерлердің ӛзіндік 
тәртіпке, тапсырылған істі орындауға деген мотивациялық - 
стимулдық орта тудырылды. Қатаң бақылау мен әкімшілік 
әрекеттер қолдау кӛрсету, бірлесе орындау, нәтижені ӛзіндік 
бағалау әрекеттерімен ауыстырылады. 
Жобалау технологиясы ұйымдастыру әрекеттерінің 
жаңа түрін қалыптастырады, оларға тән ерекшеліктер: 

жаңа қажеттіктерді қанағаттандырады; 

мәселелердің шешімін табу жолдарында дәстүрлі 
тұрғыға қарағанда елеулі айырмашылықтар 
болады; 

дамытушылыққа бағытталады. 
Инновациялық ӛзгерістер жағдайында білім беру 
ұйымында жүзеге асырылатын жобалау технологиясына 
тӛмендегідей талаптар қойылады: 
1)
Жобаның икемділігі; 
2)
Жобаның күтілетін нәтижесі инновациялық
ӛзгерістерге әкелуі; 
3)
Ӛзгерістің тиімділігі мен оны орындауға 
кеткен шығындардың сәйкестендірілуі; 
4)
Жоба 
барысында 
болуы 
мүмкін 
қолайсыздықтарды есепке алу; 
5)
Жобалау барысында ұжымда құрылымдық 
ӛзгерістер жасау мүмкіндігін қарастыру. 
Бұдан кӛрініп тұрғандай, басқарудағы жобалау 
әдістерінің қалыптасқан ұйымдастыру мен басқарудан 
ӛзгешелігі аз емес. Атап айтқанда, дәстүрден тыс әдістер: 

желілік 
ойлау 
дағдыларын 
қалыптастыру; 

шығармашылық 
белсенділікті 
кӛтермелеу; 

жобаны жүзеге асырудығы топтық 
(командалық) бірлестіктер

Олардың қажеттігі келесі факторлармен айқындалады: 
жобаның матрицалық құрылымы, жұмыс барысының 
уақытшалық сипаты; шешуін қажет ететін мәселелердің 


169 
негізінен пәнаралық және интегративтік сипатта болуы; 
педагогтарды мен білім алушылардың шығармашылық 
әлеуетін желілік сипатында нығайту қажеттігі тууы; шешілуі 
қажет мәселелердің негізінен стандарттық қалыптан ӛзгеше 
болуы. 
Басқарушыларды жоба жетекшілері ретінде арнайы 
дайындағаннан кейін, олардың алдына ӛздері қызмет істейтін 
ұйымды дамытудағы ӛзекті мәселелерді анықтау, оны 
шешуге арналған мақсатты жобалар құрастыру, жүзеге 
асыру, нәтижесін талдау және бағалау міндеті қойылады. Ол 
үшін, ең алдымен, сан алуан инновациялардың ішінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет