Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет87/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
Жобалау 
әрекетін 
ұйымдастырудағы 
жас 
ерекшеліктерін ескерудің маңызы. 
2.
Бастауыш 
мектеп 
оқушыларының 
жобалау 
әрекеттерінің үйымдастыру жолдары. 
3.
Жасӛспірім шақтағы оқушылар үшін жобалаудың 
мәні. 
4.
Жобалау әрекеті және білім берудің кеңістігіндегі 
ӛзгерістер. 
5.
Білім берудің әрбір кезеңіне (бастауыш, негізгі, 
жоғары сыныптар) тән жобалау әрекетінің 
ерекшеліктері.
6.
Оқу және жобалау әрекеттерінің ӛзара байланысы. 
7.
Жобалаудағы білім берудің әрбір кезеңінің 
сабақтастығы. 


241 
6. Жобалау әрекетіндегі топтық қарым–қатынастың 
ерекшелігі
Жобалау ӛзінің негізгі сипаттамасы бойынша жеке де, 
топта да орындалатын әрекет екені белгілі. Бірақ оқыту 
барысында кӛбіне топпен орындауға қолайлы болғандықтан 
мұғалімдер осы бағытта пайдаланады. Соған орай, 
жобалауды оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге үйретуге 
мүмкіндік беретін әрекет деп қарастырамыз. 
Бұл кезде оқушылардың мектептен кейін де бірлесіп 
ойлайтынын, 
ойын 
арқылы 
топтық 
әрекеттер 
орындалатынын айта отырып, бұл жобалаудан бұрын 
басталды деуге негіз бар. Алайда, бірлесіп білім алу, оқыту 
әрекеттері барысындағы коммуникациялық қатынастар шын 
мәнінде жобалау арқылы орындалады. Дәстүрлі оқытуды 
алатын болсақ, онда бірлесе оқу, білімді топпен игерудегі 
оқушылар арасында коммуникация жоқ деуге болады. 
Коммуникация бұл жағдайда тек мұғалім мен оқушы 
арасында жүреді. 
Белгілі ғалым Д.Б.Элькониннің айтуынша, достыққа 
негізделген тұлғааралық қатынастар жасӛспірім шақта пайда 
болып дами береді, бұл қатынастардың ӛзі оқушылардың 
негізгі әрекетін құрайды. Бірақ, белгілі бір мақсатқа 
негізделмеген мазмұнсыз қарым–қатынас, ӛзара әңгімелесу, 
олардың бір–бірімен коммуникациялық қарым–қатынастын 
тиімді дамытпайды. Егер, топ белгілі бір мақсатқа сай бір 
идея негізінде проблеманы шешуге әрекет етіп, оны жүзеге 
асыруға ұмтылғанда ғана ӛзара достық, сыйластық, түсіністік 
орта қалыптасады. Ал ешбір мағынасыз, еш қажеттіліксіз 
жиналып, қарым–қатынасқа түсетін, қараусыз топтар ӛз 
ішінде 
бір–бірімен 
келіспеушілікте 
болса, 
қарама–
қайшылықтар болуы мүмкін. Оқушылар әдетте ортақ 
проблеманы шешу мақсатында тиімді қарым–қатынас құра 
алады. 
Бүгінгі 
халықаралық 
талаптар 
тұрғысынан 
қарасақ, топпен жұмыс жасай білу қазіргі мамандар (қай сала 
болса да) үшін аса маңызды сапалық қасиет деп есептеледі. 
Командалық жұмыс түрі кез келген әрекеттің ажырамас 
бӛлігі, сондықтан, кӛптеген тренингтер мен бизнес–
семинарларда осыған қажетті дағдыларды үйретуге кӛңіл 


242 
аударылады, 
осы 
тақырыпта 
кӛптеген 
басылымдар 
шығарылуда. 
Топпен жұмыс тек топтағы адамдардың қарым – 
қатынасымен шектелмейді, оның барысында жобалауға 
қатысушылардың бойында жаңа сапалар қалыптасады. Олар: 
командада жұмыс жасай білуі. Бұл ӛзінен-ӛзі пайда 
болмайды. Команда, әдетте, белгілі бір маңызды міндетті 
орындау үшін құрылады. Жобалау барысында бірнеше 
міндеттерді кезегімен орындау кӛзделетін болған соң, оның 
мерзіміне, 
маңыздылығына, 
қажеттігіне 
байланысты 
командалар құрамы ӛзгеріп отырады. Бұл команда 
құрамының ӛзгеруін емес, олардың рӛлдерінің үнемі ауысып 
отыратынын білдіреді. Оның тағы бір маңызды жағы – онда 
лидерлер пайда болып, жобаның бӛліктерін орындауға 
жауапкершілікті лидер алады, ал қалғандары орындаушылық 
қызмет атқарады. Лидердің жобаны ұйымдастырудағы рӛлі 
ӛте жоғары. 
Осыған орай, топтың ӛз ішінде үнемі ӛзара 
міндеттерді бӛлісу туралы: бір жұмысты атқарған кездегі 
лидер, келесі бір жұмыс барысында тек орындаушыға 
айналады. Бұл, әсіресе, күрделі ұйымдасқан жобаларға тән 
жағдайлар және олар оқушылардың тәжірибесі жеткілікті 
болуын қажет етеді. Ал, қысқа, шағын жобаларды орындауда 
аз құрамды топта лидерлер ауысуы, болмауы да мүмкін. 
Кейбір жағдайларда топтың командалық жұмысы 
үйлеспесе, лидерлік пен міндет бӛлісу мәселелерін шешу 
қиын болады. Ол кезде педагогтардың араласуы, түрлі 
педагогикалық коррекция (түзету) қажет болады, тіпті топ 
құрамын қайта таңдау немесе жобалау мазмұнын ӛзгерту 
сияқты қатаң шаралар қолдануға да болады. Сондай–ақ, 
тұлғаарлық қатынас қиындауы, топтағы түсінбестіктер 
болса, педагог команданы таратып та жібере алады. 
Екіншіден, топпен жұмыс барысында топішілік бірлескен 
жұмыс атқарудың ережесін орындау да қажет. Біздің 
тәжірибемізден алсақ, оқушылар жобалау барысында 
қарапайым ережелер құрастырып, оны бұлжытпай орындауға 
тырысады. Бұл кез келген коммуникацияның жалпы 
принциптерін құрайды:
Мысалы: 


243 
-
бір адам сӛйлегенде қалғандары тек қана 
тыңдайды; 
-
ойға шабуыл, ой бӛлісу кезінде бірін – бірі 
сынауға болмайды; 
-
сӛйлеушінің пікірі ӛте түсінікті болуы керек; 
-
кез келген пікір берушіні түсіністікпен, кең 
пейілмен қабылдау керек; 
-
қандай жағдай туса да біреуді ренжітетін, 
намысына тиетін сӛздер айтылмауы керек; 
-
ақпарат туралы кӛзқарас (келісемін (келіспеймін), 
ұнайды (ұнамайды), оны түгелімен жеткізуші 
деген ойды білдірмейді); 
-
топтағы пікірталас барлық адамға да сұрақ қою 
еркіндігін береді және сӛйлеуші берілген 
сұрақтарға жауап беруі тиіс. 
Топтың жұмысты жүргізу тәртібі бойынша ең 
әуелі барлық сӛйлеушілерге пікір беруге мүмкіндік білдіреді 
және одан соң сұрақ – жауапқа кӛшу орындалады, сондай – 
ақ «ой қозғаудан» - қорытынды жасауға қарай жүру тәртібі 
сақталады. 
Топтық 
қарым–қатынас 
пен 
пікірталасты 
ұйымдастырудың бекітілген ережесі жоқ және оны сақтауда 
барлық жағдайда мүмкін емес. 
Солай болса да жобалау әрекеті–білім беру 
кеңістігінде оқулығы дұрыс қарым–қатынас дағдыларын 
қалыптастыратын әрекет. Оның маңызды әдісі бар, яғни, 
топпен жұмыс басталмас бұрын оқушыларға топтық қатынас 
ережелері жасалып, қабылдануға мүмкіндік жасалатын әдісі. 
Ол әдістер белгілі бір символдар арқылы бекітіліп, пікірталас 
басталғанда оның нақтылануы талап етіледі. 
Топтың 
коммуникацияда 
оқушылардың 
тәжірибесін қалыптастыруда қажеттілік бар. Ол үшін жас 
ерекшеліктеріне қарай аралас топтар құрылады. Оның мәні, 
топтық коммуникация тәжірибесі бар оқушылар жаңадан 
келгендерге қарым-қатынас дағдыларын үйретеді. 
Топтың коммуникацияны дамыту логикасын 
қарастыратын болсақ, ол бірнеше кезеңнен тұратыны 
байқалады. 


244 
Алғашқы кезеңде оқушы топтық пікірталас 
жасаудың ережелерін меңгеруі тиіс. Ол ережелер тұрақты 
түрде ұжымда қалыптасқан болуы да немесе осы топ ішінде 
жаңадан жасалған болуы да мүмкін. 
Келесі кезеңде топтық пікірталасқа тікелей 
араласу басталады, онда талқыланып отырған мәселе 
бойынша сұрақ қоя білуге үйрену керек. 
Одан кейінгі кезең–дәлелді түрде сын–пікір айтып 
үйрену кезеңі. Бұл қабылданған формат аясында орындалуы 
тиіс. 
Келесі кезеңде белсенділік пен ұсыныстар беруге 
үйренеді, ӛз жауапкершілігіне кейбір міндеттерді алады, 
ӛзгелерге қол ұшын беруге келіседі. Егер оқушы келесі адам 
орындасын деп, ӛзгеге сілтейтін болса – бұл оның талданып 
отырған мәселені түсінбегенін немесе ӛз мойнына 
жауапкершілік алудан бас тартуын білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет