Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет99/144
Дата16.10.2023
өлшемі2,09 Mb.
#116492
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   144
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

5. ЖОБАЛАУ ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУШЫЛАРДЫҢ 
ҚҦЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ
 
1. Білім беру ҧйымындағы жобалау әрекеттері және 
оны басқарушылардың қҧзыреттіліктері 
Білім 
беру ұйымдарында қоғам мен әлеумет 
сұраныстарына жауап беру үшін жүйелі инновациялық 
ӛзгерістер қажеттігі дәстүрлі басқару мазмұны мен басқару 
әрекеттерін 
ӛзгертуді 
талап 
етеді

Соған 
орай

басқарушылардың
іс–әрекет мазмұны мен бағыттарын, 
басқару тетіктері мен ресурстарды пайдалану жолдарын
әдістерін ӛзгерту қажеттігі туындауда. Дәстүрлі қызметтік 
басқаруда ұйымның дамуын қамтамасыз ететін негізгі 
ресурстар ретінде қызметтік–жоспарлау, материалдық–
техникалық, қаржылық және әкімшілік ресурстарға 
басымдылық беріліп, адам ресурстарының ұжымды 
дамытудағы рӛлін тиісінше бағаланбай келгені белгілі. Бұл 
жерде адам ресурстары ретінде басқару субъектілері 
(басқарушылар мен басқарылушылар) де, білім беру 
субъектілері (педагогтар мен білім алушылар) алынып отыр. 
Бұл үдеріс білім беруді басқаруда ғана емес, жалпы 
бизнесті басқаруда ғасырлар бойы қалыптасып келді, 
ӛйткені, ӛндірісті тиімді басқару ӛнеркәсіпті жетілдіруге, 
сапалы ӛнім шығару жолдарын жақсартуға бағытталып, 
басқарушылардың құзыреттіліктері осыған байланысты 
бағаланып келгені белгілі. Ол туралы Гарвард университеті 
ғалымдары осы күнге дейін ең жоғары деңгейдегі 
басқарушының бейнесі мықты стратег ретінде қалыптасты, 
ӛйткені, олар бизнестің синергетикасы мен стратегиялық 
инвестицияларды байланыстыруға күш салуда. Ал қазіргі 
қоғам талабы бойынша олар ӛз ұйымдарының 
даму
перспективасын анықтауға ерекше 
күш салуы тиіс деген. 
Бұл басқаруда стратегияның қажеті жоқ деу емес, тек 
стратегияның ғана болуы жеткіліксіз деген сӛз. Стратегия 
қаншалықты дәл құрылып, орындалуы нақты қадағаланса 
да, ол ұжымдағы адамдарды ӛз жұмысының тиімділігін 
арттыруға жұмылдыра алмайды. Ӛйткені, стратегия не істеу 


273 
керек? басқарушылар үшін маңызды деген сұраққа жауап 
бергенімен, оны неліктен істеу керек? орындаушылар үшін 
маңызды сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан, бүгінгі 
басқарушылар алдында қарауындағы адамдардың күнделікті 
қызметтік міндеттерін орындауын қадағалау ғана емес, 
ӛзінің ұйымына шын берілгендікпен қарай білуін, ұйым 
алдындағы мақсатты орындауға деген жауапкершілігін 
жоғарылату жолдарын ұйымдастыру міндеті тұр.
Кӛптеген шетелдік басқару теориясында, соның ішінде, 
білім беру ұйымдарының болашақ ӛзгерістерін анықтау және 
оны жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымдағы адам 
ресурстарын дамытудың қажеттігі, ол басқарушылардың 
белгілі бір құзыреттілігін талап ететіні туралы жаңа 
кӛзқарастар қалыптасуда. Жаңа құзыреттілік сапаларын білім 
беру құндылықтары ӛзгеруімен, ӛркениеттің дамуымен, 
ғылымдағы парадигмалық ӛзгерістермен байланыстыра 
қарастыратын зерттеулер пайда болуда. 
 
Білім берудегі құзыреттіліктер, түйінді құзыреттіліктер 
деген ұғымдар халықаралық деңгейде жаңа нәтижелер 
ретінде қарастырылып, кӛптеген елдерде стандарттары мен 
білім беру бағдарламаларына енгізілуде. 
Білім берудің сапасын дамыту туралы ЮНЕСКО 
құжаттарында 
күтілетін 
нәтиже 
ретінде 
жалпы 
қарастырылатын 
құзыреттіліктер 
белгіленген. 
XXI 
ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған 
қазына» атты Халықаралық комиссияда жасалған Жак 
Делордың баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін 
тӛрт тұғыры бар, олар: танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп 
ӛмір сүруді үйрену; ӛмір сүруді үйрену деп белгіленген.
Бұлар халықаралық білім беру құзыреттіліктері ретінде 
анықталып отыр. Жак Делордың айтуынша, олардың бірі – 
жасап үйрену деген тек кәсіби біліктілік алу үшін емес, одан 
әлдеқайда кең мағынадағы, ӛмірдегі түрлі жағдайлардан жол 
табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік 
беретін құзыреттіліктерге ие болу.
Джон 
Равеннің 
зерттеулерінде 
30–дан 
астам 
құзіреттіліктер 
талданған, 
олардың 
ішінде 


274 
құзыреттіліктердің 
ӛзі 
де, 
оларды 
құрастыратын 
компоненттер 
де 
қарастырылған. 
Құзыреттіліктердің 
тӛмендегідей сипаттамалары бар: 

ӛз 
құзыреттіліктерін 
кӛрсетуге 
даярлық
(мотивациялық жағы);

құзыреттіліктердің 
мазмұнын 
меңгеру 
(когнитивтік жағы);

түрлі стандарттық және стандартқа сыймайтын 
жағдайларда құзыреттіліктерді кӛрсету тәжірибесі 
(іс әрекеттік жағы);

құзыреттіліктердің мазмұнына және оны қолдану 
объектісіне қатынасы (құндылықтық-мәндік 
жағы);

құзыреттіліктерді кӛрсету нәтижесі және үдерісті 
эмоциялық –еріктік реттеу жағы.
Сонымен қатар, Джон Равеннің құзыреттіліктердің ӛзін 
және олардың компоненттерін талдаған зерттеулерінде 
әрбір 
компоненттің 
ерекше 
жақтары 
(аспектілері) 
кӛрсетілген. Олардың негізгілері ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет