Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен


КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет111/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 
ЖӘНЕ БАҒАЛАУ 


172 
жоғары нәтижеге жеткен кӛрсеткіштері арқылы анықталады. Кәсіпкерлік 
қызметтің тиімділігін бағалау барысында кӛрсеткіштердің кейбір жағдайда 
қарама-қайшылығы мен тепе-теңсіздігін ескере отырып талдау ӛте маңызды 
рӛль атқарады (18 кесте).
18-кесте – Талдау мақсаттарына байланысты қолданылатын әдістер 
Аталуы
Сипаттамасы 
 Кӛрсеткіштерді 
салыстыру әдісі 
Болып жатқан ҥрдістердің сапалы сипаттамасы 
біртекті ҥрдістер арқылы берілсе, ол сәйкес 
кӛрсеткіштері 
арасындағы 
айырмашылықтардың 
шамасын 
ғана 
емес, 
сонымен 
қатар 
бҧл 
кӛрсеткіштерді ӛсіру (тӛмендету) қарқындарын да 
анықтауға мҥмкіндік береді. Есепті жылдың нақты 
нәтижелерін 
жоспарлы 
кезең 
нәтижесімен 
салыстырады және қандай да бір кӛрсеткіштің даму 
динамикасына талдау жасайды
 Элиминирлеу әдісі 
Факторлардың 
ӛзгермейтіндігі 
жағдайында 
зерттелетін кӛрсеткіштердің шамасына неігізгі 
факторлардың әсерін сапалы ӛлшеуге мҥмкіндік 
береді. Элиминирлеу әдісінің мәні жеке жоспарлы 
кӛрсеткіштерді нақты кӛрсеткіштерге ауыстыруды 
сатылы және біртіндеп жҥргізуде. Орнын ауыстыру 
жолымен бір факторлар екіншілерден бӛлінеді және 
қандай да бір факторлардың әсерінен болған ауытқу 
мӛлшерлері анықталады 
Аталған әдісті сәйкестендірілетін кӛрсеткіштердің 
базистік және есепті шамаларды арасындағы 
абсолютты айырмаларын есептеу тәсілі ретінде 
ӛзгертілген 
және 
жеңілдетілген 
тҥрі 
ретінде 
қолдануға болады
Қҧраушы 
кӛрсеткіштерді 
орналастыру әдісі 
Ӛнімді 
ӛндіру 
шығындарындағы 
ӛндірістік 
шығындардың жеке тҥрлерінің ӛзгеру себептерін 
зерттеу кезінде қолданылады. Ӛйткені шығындардың 
әрбір тҥрі екі элементтен тҧрады: ӛнім бірлігін 
ӛндіруге натуралды шығындарының кӛлемі мен 
шығындалған 
ресурстар 
бірлігінің 
ақшалай 
бағалануы. 
 Экономикалық -
математикалық 
әдістер 
Аталған әдістер факторлардың кӛптігіне байланысты 
кҥрделі экономикалық кӛріністерді зерттеу кезінде 
тиімді. Бір мақсатқа қол жеткізуге әртҥрлі жолдармен 
жетуге 
болатындықтан, 
экономикалық-
математикалық әдістер ресурстарды пайдаланудың 
оңтайлы және тиімді нҧсқасын таңдауға мҥмкіндік 
береді.
Кез-келген кәсіпорын мӛлшерлеріне, қызмет аяларына, пайдалылығы мен 
зияндылығына байланысты тәуелсіз кҥрделі жҥйе болып табылады. Ол 
нарықтық ортамен ӛзара қарым-қатынаста болады. Соның салдарынан 
кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін кӛрсете алатын жалғыз 
кӛрсеткішпен сипаттауға болмайды, яғни кӛрсеткіштер жҥйесі қажет. 


173 
Ҧтымды кәсіпкерлік шешімдерді іздеу ҥшін кәсіпкерлік жҥйеде 
имитациялық(ҧқсастыру) 
және 
сараптамалық 
модельдермен 
қатар 
оптиизациялық(оңтайландыру) модельдер
де қолданылады. 
Шешім қабылдаудың оңтайландыру қағидасы басқару, жоспарлау, болжау 
теориясында, жоспарлы – жобалық, ӛндірістік, коммерциялық қызметте кеңінен 
таралған. Бірақ, оны пайдалану әдетте қарапайым жеңілдетілген нысанды 
пайдалану арқылы немесе қолда бар нҧсқаны таңдаумен байланысты.
Мҧндай сипаттағы таңдау оңтайландыру шартына толық сәйкес емес. Ол 
оңтайландыру әдісінің шартына жауап береді, онда қарастырылатын 
нҧсқаулардың аясы шектеулі болады және ең жақсы нҧсқа оның шегінен тыс 
болуы мҥмкін. 
Имитациялық және оптимизациялық модельдер арасында нақты 
айырмашылықтар бар: олардың барлығының мақсаты мҥмкін болатын 
нҥсқалардан ең ҧтымдысын (оптималдысын) таңдау болып табылады.
Айырмашылық тек модельдері қҧрастыру негізіне байланысты (имитациялық 
модельдер ҥрдістің ағымы бойынша, ал оңтайландыру – талдау әдістерін 
пайдалануды қарастырады).
Оңтайландыру ҥрдісінің ӛзі барлық проблемалық – бағыттаушы 
модельдерге тән қасиетті жҥзеге асыру кепілі екені белгілі. Оңтайландыру, бҧл 
жағдайда, жҥзеге асырылатын проблемалық – бағыттаушы модельдеудің 
мазмҧны ретінде кӛрініс табады. Оның негізгі міндетті – жҥйелік білім беру 
алдындағы мақсаттарға қол жеткізудің нақты жолдарын анықтаудың шешуші 
механизмі болып табылады. 
Кәсіпкерлік қызметті модельдеу кезінде 
оңтайландырудың маңызы зор. 
Кәсіпкерліктің оңтайлы моделін таңдау –алуан тҥрлі болатын факторлар мен 
оңтайландыру шартына байланысты ҥрдістер мен кӛріністерді зерттеуге, 
олардың ҥйлесімділігін қамтамасыз етуге мҥмкіндік береді.
Оңтайландырудың ерекшелігі модельдеудің варианттық нҥсқауларын 
анықтау ҥрдісінде танылады. 
Варианттылық
(вариантты әдіс, вариантты тәсіл) 
ҧтымды шешімдер қабылдау ҥшін модельдің алдын-ала жобаларын жасап 
шығару ҥрдісі болып табылады. Басқаша сӛзбен айтқанда
вариантты әдіс
– 
бҧл шешімдердің кӛптігіне байланысты ,нҧсқаулардың ҧтымды бірін таңдау 
мҥмкіндігін қамтамасыз ететін тәсіл. 
Таңдау мҥмкіндігі тҥбегейлі шешімдерді бағалау ҥшін, тҥпкілікті тҥрде 
қажет. Мысалы, басқарушылық шешімді қабылдауда олардың бірнеше 
нҧсқалары жасалынады, ал олардың ішінен шешім қабылдаушы ӛз нҧсқасын 
таңдай алады.
Вариант тҥсінігі «varians» деген латын сӛзінен таралған, ол ӛзгермелі 
дегенді білдіреді. Орыс тілінде вариант деп ӛзгеруді, бір нәрсенің тҥрін, 
сонымен қатар қандай да бір туындының, ресми қҧжаттың немесе оның 
бӛлігінің бірнеше редакцияларын айтады. 
Талдауды ӛткізу тізбектілігі мен тәртібі кәсіпкерлік қызметтің 
ерекшеліктеріне, қойылған мақсат пен талданатын нақты материалға 
байланысты болады. Талдауды ӛткізудің белгілі бір тәртібі келесідей сипатта 
болады: 


174 

талдауды ӛткізу жоспарын қҧрастыру; 

нақты материалды таңдауды, тексеруді және зерттеуді ӛткізу;

нақты мәліметтерді талдауды жҥзеге асыру;

алынған нәтижелерді жинақтау; 

ҧсыныстарды, тҧжырымдарды жасап шығару; 

шешімдерді қабылдау. 
Бәсекелік артықшылықтарын кӛбейтуге және олардың кӛмегімен ӛзінің 
нарықтық позицияларын қамтамасыз етуге ҧмтылатын кәсіпкерлік қызметтің 
мақсатты бағыттары ретінде, нәтижелі кӛрсеткіштердің кең жҥйесін (сандық, 
сонымен қатар сапалық) қолданады: сату кӛлемі мен табыстың ӛсімі, ҥлкен 
мақсатты сегментті иемдену, ӛндірілетін тауардың сипаттамаларын мақсатты 
нарық тҧтынушыларына бейімдеу және т.б. Мҧндай бағыттар оларға қол 
жеткізудің ең ҥнемді тәсілдері ретінде қойылған міндеттер мен оларды шешу 
тәсілдеріне бейімделген, бағалау кӛрсеткіштерін негіздеу кезінде толық және 
жан-жақты сипаттауды талап етеді.
Бҧл шаруашылық жҥргізудің нарықтық нысандарына негізделген, 
Қазақстан экономикасының дамуындағы потенциалды және нақты табыстар, 
кӛбінесе ӛндірісті басқару мен жоспарлаудағы әдістер мен жҥйелерді, ҧтымды 
пайдалану масштабтарына байланысты екенін кӛрсетеді. Сондықтан, 
кәсіпкерлік қызметті жоспарлау тек кӛрсеткіштер жҥйесінің кӛмегімен ғана 
жҥзеге асыруға болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шағын кәсіпорындағы кәсіпкерлік 
қызметтің нәтижелілігі, кәсіпорынның қолда бар және пайдаланылатын 
экономикалық әлеуетке тікелей байланысты болады. Осыған байланысты, 
кәсіпкерлік қызметті жоспарлау жҥйесі фирмаішілік жоспарлаудың 
кӛрсеткіштер жҥйесі секілді, кәсіпорынның қолда бар экономикалық әлеуетіне 
негізделуі керек. Ол ӛз кезегінде кәсіпорынның еңбек, материалдық, қаржылық 
және басқа да ресурстармен мӛлшерімен, сонымен қатар табыс алу мен 
қызметтер кӛрсету аясында ресурстарды пайдалануға деген қызметкерлердің 
қабілеттерімен сипатталады.
Нәтижесінде, кәсіпорынның экономикалық әлеуетін пайдалану тиімділігін 
талдау, оның ӛнімінің бәсекеқабілеттілігін арттыру мҥмкіндерін анықтауға 
мҥмкіндік береді. Ӛз кезегінде, кӛрсетілетін қызмет пен шығарылатын 
тауарлардың сапасын арттыру, сонымен қатар ресурсты ҥнемдеу, сату кӛлеміне 
және табыс (пайда) алуға әсер ететін тауардың бәсекеқабілеттілігін тікелей 
анықтайды.
Кәсіпорынның экономикалық әлеуеті тӛмендегідей кӛрсеткіштер 
жҥйесімен анықталуы мҥмкін 
(19-кесте):

-
материалдық ресурстардың саны мен сапасымен, оларды ҧтымды 
пайдалану мҥмкіндіктерімен;
-
кәсіпорынның барлық ҧжымының ӛнім ӛндіруге деген қабілетімен (яғни 
қызметкерлердің білімі, біліктілік, мотивациялық әлеуеті);
-
кәсіпорынның ӛндірістік қуаттарын ҧтымды пайдалану;
-
кәсіпорынның инновациялық мҥмкіндіктерімен, атап айтқанда ӛндірісті 
жаңарту кезеңділігі мен технология ауысымымен және т.б.;


175 
-
ақпаратты ӛңдеу мен талдау бойынша кәсіпорынның ақпараттық 
мҥмкіндіктермен;
-
кәсіпорынның қаржылық мҥмкіндіктер мен (несиеқабілеттілік, 
инвестициялық тартымдылық және т.б.).
-
19-кесте
– Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалаудың кӛрсеткіштер 
жҥйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет